Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 25 шешімі. Атырау облыстық әділет Департаментінде 2004 жылғы 27 ақпанда N 1861 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011 жылғы 4 қазандағы N 288 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011.10.04 N 288 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі бекітілсін (тіркеледі).
      2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері жұмыспен қамту бағдарламасын жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 265 қаулысымен.
      3. Облыстық әкімияттың 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 6 "Қоғамдық  жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртіптері туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (облыстық әділет басқармасында 2003 жылы 7 ақпанда N№1300 болып тіркелген).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Байғожинге жүктелсін.

       Облыс әкімі

Облыс әкімиятының 2004 жылғы   
26 қаңтардағы N 25 қаулысына қосымша

Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және
қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі

      Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" қаулысын іске асыру мақсатында жасалды.

1. Жалпы ережелер

      1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
      2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау:
      1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлауды (бастапқы кәсіби білім беру);
      2) жұмыссыздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, неғұрлым жоғары разрядтар (сыныптар, санаттар) алу және өндірістік қажеттілікті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілігін арттыруды (қосымша білім);
      3) егер жұмыссыздарға кәсіптері бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орындау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды, қайта оқыту қамтиды.

2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды
және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру

      3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда (бұдан әрі - ұйымдар) жүргізіледі.
      4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүргізу үшін ұйымдарды іріктеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      Уәкілетті орган жұмыссыздарды кәсіби даярлауда, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру үшін ұйымдарды іріктеу кезінде:
      1) ұйымдардың білім беру қызметін мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруын;
      2) жұмыс берушінің жұмыс күшінің сапасына, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауға, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға қоятын талаптарына сәйкестігін;
      3) өндірістік практиканы ұйымдастыруға қатысуын;
      4) білім беру қызметіне лицензиясының болуын ескереді. <*>
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 265 қаулысымен.
      5. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлаудың ұзақтығы, шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері шарттарға сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленіп және:
      1) жұмыссыздарды бастапқы даярлау мен қайта даярлау ұзақтығы алты айдан;
      2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру - үш айдан аспауы тиіс.
      Кәсіби оқуда жүрген жұмыссыздарды оқудан шығаруды оқу орындары белгiленген тәртiппен уәкілетті органды алдын ала хабардар етіп жүргiзедi.
      Жұмыссызды оқудан шығарған кезде білім беру ұйымы осы жұмыссыздық оқу мерзiмiне төленген оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте көрсетілген қызметтердің нақты орындалған қызмет көлеміне ғана ақы төленеді.

3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды
және қайта даярлауды қаржыландыру

      6. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту құнын төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      7. Жұмыссыздарды кәсіби оқыту құны білім беру мекемесінің шотына ақшаны ай сайын аудару арқылы төленеді.
      8. Уәкілетті органдар білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарға жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шығыстары жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтудың жергілікті бюджеттік бағдарламасы
шеңберінде қаржыландырылады.
      9. Жұмыссызды кәсіби даярлау олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындар бес еселенген есептік көрсеткіш мөлшерінде қаралады.
      Бұл қаражаттар оқу мерзімі аяқталған соң, сабаққа қатысу табеліне сәйкес жұмыссыздардың жеке есеп шотына аударылады.
      Кәсіби даярлығын, біліктілігін арттыруды және қайта даярлығын себепсіз тоқтатқан жұмыссыз азаматтарға бұл қаражаттар төленбейді.
      10. Уәкілетті органдар мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығындар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға қаралған шығындар сметасында ескеріледі.

4. Бақылау және есептілік

      11. Уәкілетті органдар оқу орындарының оқыту мерзімдері мен сапасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беруді басқару органдары ұйымдардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа талдау жасайды және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.
      12. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:
      1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүргізеді;
      2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;
      3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады