"Мемлекеттік органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитет Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 136 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 18 тамыздағы N 226 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3799. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 432 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010.12.14 N 432 Бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитет Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 136 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 3657 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесiне (бұдан әрі Ереже):

      Ереженің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының 7-бабына сәйкес әзірленген және сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының және импорттаушылардың өзара әрекеттерін белгілейді.";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) өтініш-декларация - импорттаушы Қазақстан Республикасына өзі әкелген өнімнің адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық талаптарға сәйкестігін, осы өнімге белгіленген техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін өзінің жауапкершілігі арқылы мәлімдейтін және сәйкестікті растау бойынша тіркелгеннен бастап бір айдан жоғары емес мерзімде өнімнің сәйкестігін растау бойынша жұмыстарды жүргізетін құжат;";
      "2-1) импорттаушы - өнімдерді (тауарды) Қазақстанның ішкі рыногында өткізу үшін шеттен әкелетін заңды немесе жеке тұлға;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) сәйкестікті растау жөніндегі орган уәкілетін үшінші тұлғаларға берудің ретсіздігі.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) аккредиттеу саласында өнімнің (тауардың) берілген түріне ие сәйкестікті растау жөніндегі органда өтініш-декларациясын тіркеуді жүргізу";
      мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2, 12-3 және 12-4 тармақтармен толықтырылсын:
      "12-1. Өтініш-декларацияны аккредиттеу саласында өнімнің берілген түріне ие сәйкестікті растау жөніндегі орган импорттаушымен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт бекіткеннен кейін рәсімдеп тіркейді.
      Белгіленген тәртіпте рәсімделіп тіркелген өтініш-декларация импортталатын өнімді тек кедендік рәсімдеу үшін ғана заңды күшіне ие болады.
      Өтініш-декларация бойынша кедендік ресімдеуден өткен өнім өтініш-декларацияны тіркеген сәйкестікті растау жөніндегі органда белгіленген тәртіпте әрі қарай сәйкестігі расталуға жатады.";
      "12-2. Өтініш-декларация сыртқы экономикалық әрекеттік тауарлық номенклатурадағы кодқа (СЭӘ ТН) сәйкес сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің нақты түріне рәсімделеді.
      Өтініш-декларация:
      1) өтінушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар;
      2) тауарға ілеспе құжаттар (шот-фактура, жүкқұжат, инвойс);
      3) тауардың шығу тегін растайтын құжаттар;
      4) өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар;
      5) өнімге (тауарға) нормативтік құжаттар.
      Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған құжаттардың болмауы өтініш-декларацияны тіркеуден бас тартуға негіз бола алмайды.
      Өтініш-декларацияны сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы голографический белгімен қорғалған бланкте рәсімдейді.
      Өтініш-декларацияның әрекет ету мерзімін сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды өткізу үшін қажетті уақытты есепке алып, бірақ бір айдан артық емес уақытқа сәйкестікті растау жөніндегі орган белгілейді.
      "12-3. Сәйкестікті растау жөніндегі орган, егер бұл осы Ереже талаптарына қарсы келетін болса, өтініш-декларацияны рәсімдеуден және тіркеуден бас тартады.
      Бұл жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша негізделген бас тартуды рәсімдейді.";
      "12-4. Импорттаушы өнімді жеткізу жөнінде өзінің міндеттерін орындамаған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш-декларацияның әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның аумақтық басқармаларына хабарлайды.
      Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестігі расталудан өтпеген өнім және осы Ережені бұзған импорттаушы туралы ақпаратты барлық мүдделі ұйымдарға береді.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдiұлы Момышевқа жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады