Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қарашадағы N 8-5 "Тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 17-13 шешімі. Тараз қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 07 желтоқсанда N 17 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы мәслихатының 2014 жылғы 28 тамыздағы № 32-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы мәслихатының 28.08.2014 № 32-4 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының негізінде, Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қарашадағы N 8-5 "Тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы" шешіміне (N 1536 тіркелген, "Жамбыл-Тараз" газетінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 2 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      3 тармағындағы "20" саны "30" деген санға ауыстырылсын;
      10 тармағы келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      10) халық банкі филиалдарында ашылған арызданушылардың жеке есеп шоттарының көшірмесі;
      11, 13, 25 тармақтардағы "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" деген мекеменің атауы "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»деп ауыстырылсын;
      17 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 75 бабының 1 тармағына сәйкес, тұрғын үй алаңының өтемдік қамсыздандыру өлшемінің қалпы үшін отбасының әрбір мүшесіне мемлекеттік тұрғын жай берген пәтердің (үйдің) салыстырмалы қалыптық пайдалы алаңы қабылданған бірақ жеке тұрушы азамат үшін бір бөлмелі пәтерден кем емес қабылдансын. Бір пәтерде тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерін төлеу бойынша жеке есеп шоттары бар бірнеше отбасы немесе азаматтар тұрған жағдайда, тұрғын жайдың қалыптық алаңы жеке тұрғын алаңынан кем болмауы тиіс;
      23 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсететін жеткізушілердің есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын Халық банкінің филиалдарындағы жеке шотына аударады.
       2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап заңды күшіне енеді, жарияланған күннен 10 күн өткеннен кейін іске енгізіледі, 2005 жылдың 20 қазанынан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
      
      Қалалық мәслихаттың                        Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Ж. Мышбаева                                Ө. Байшығашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады