Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 мамырдағы "Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелерді бекіту туралы" N 4-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қордай аудандық мәслихатының 2005 жылдың 26 қазандағы N 16-2 шешімі. Қордай ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 31 қазанда 7 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 4 қарашадағы № 20-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009.11.04 № 20-3 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Үшінші шақырылған аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 мамырдағы "Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелерді бекіту туралы" N 4-6 шешіміне (тіркелген N 1375, 2004 жылғы 30 маусымдағы аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күту және қорғау Ережелерінің:

      17-тармағы:
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін, құрылыс салудан және жасыл желектерден бос аумақтарды, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы орындарды қандай да болмасын қоқыстармен (темекі қалдықтарымен, бөтелкелермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға";
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "арнайы белгіленбеген жерлерге хабарландырулар, афишалар, құлақтандырулар, жарнамалық плакаттар, үнпарақтар және сол сияқтыларды жапсыруға тиым салынады".

      Аудандық мәслихаттың                      Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                            хатшысы
           С. Сытник                               Т. Сүгірбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады