"Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлігін жалға берудің ережесін бекіту туралы" әкімдiктің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 23 қарашадағы N 380 қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2005 жылғы 13 желтоқсанда N 3525 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.08.06 № 278 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабына , Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N№1303 қаулысымен бекітілген Салықтық емес түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар тізбесінің 17-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. "Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлігін жалға берудің ережесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3300, "Костанайские новости", 2005 жылғы 15 ақпан N 23, "Қостанай таңы" 2005 жылғы 2 ақпан N 12)  қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 5 тармақтағы ереже келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үйдегі және өндірістік шаруашылық бағыттағы ғимараттағы тұрғын емес үй-жайдың 1 шаршы метрін пайдалану үшін жылдық жалгерлік ақының көлемі айлық есеп айырысу көрсеткіштің мөлшерлемесі негізінде анықталады және коэффициенттерді есепке алумен есептеледі.
 
        Жа = Рп*К 1 2   *S,
      Жа - жылдық жалгерлік ақы;
      Рп - жалгерлік ақының базалық мөлшері (айлық есеп айырысу көрсеткіш);
      К - ғимараттың аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициенті;
      К - объектінің Қостанай қаласында орналасқан жерін есепке алатын коэффициент;
      К - ғимараттың түрін есепке алатын коэффициент;
      S - жалға берілген ғимараттың алаңы (шаршы метр).

      Ғимараттың аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициенті

Аумақтық зонасы

К 1

Облыс қалалары (Жітіқара қаласы мен Арқалық қаласынан басқалар)

2,3

Облыс аудандары (Жітіқара қаласы мен Арқалық қаласын қосқанда)

1,6

      Объектінің Қостанай қаласында орналасқан жерін есепке алатын коэффициент

Объектінің Қостанай қаласында орналасқан жерін есепке алатын

К 2

Орталық (Сити-орталығын ескермегенде) Қайырбеков-Темірбаев (вокзал маңы аумағын қосқанда) Павлов-Шевченко көше шекарасында

2

қала аудандары:
Сити орталығы
Темірбетондық өндіріс комбинаты (ТБӨК)
Мауыты-шұға комбинаты (МШК)
Басқа да аудандар


  3
1
1
0,9

      Ғимараттың түрін еске алатын коэффициент

Ғимараттың түрі

К 3

Жеке тұрған
қосымша салынған
Жартылай жертөлді
Жертөлді
Қоймалық

1
1
0,85
0,70
0,60

       Селолық аймақта орналасқан көлемі 250 шаршы метр және одан артық болған үй-жайлар үшін жалгерлік ақыны есептеген кезде төмендетілетін 0,7 коэффициенті қолданылады";

      2) 6 тармақтағы ереже 2 абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға су құбырын жалға берген жағдайда нөлдік жалгерлік мөлшер қолданылсын";

      3) 7 тармақтағы ережеде "Сб-жылдық базалық мөлшері" сөзінен кейін "(Рп*К 1 2 3 )" формуласымен толықтырылсын;

      4) 19 тармақтың 1-тармақшасындағы қаулы»сөзінен кейін "нотариалдық куәландырылған" сөзі алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын қадағалауды Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.П. Рауға жүктелсін.

      Қостанай облысының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады