Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына және хабар-ошарсыз кеткен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларының отбасыларына коммуналдық қызметтер (жылу, су және газбен қамту), электр энергиясымен қамту үшін және телефон үшін абоненттік төлемдер бөлігінде байланыс қызметіне төлем төлеуден өмірбойы босату тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 135 қаулысы Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 11 мамырда N 2421 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011 жылғы 4 қазандағы N 288 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011.10.04 N 288 қаулысымен.

      ІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың Х сессиясының 2005 жылғы

      11 ақпандағы N 198 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен

      мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы" шешіміне

      сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді :

      1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына және хабар-ошарсыз кеткен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларының отбасыларына коммуналдық қызметтер (жылу, су және газбен қамту), электр энергиясымен қамту үшін және телефон үшін абоненттік төлемдер бөлігінде байланыс қызметіне төлем төлеуден өмірбойы босату Тәртібі бекітілсін" (бұдан әрі - Тәртіп). <*>

      Ескерту: қаулының атауы мен қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 24 қазандағы N 249 қаулысымен .

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші

      орынбасары В.В.Супрунға жүктелсін.

Облыс әкімі

А. Мусин


      Атырау облыстық мәслихатының шешімі

      2005 жылғы 11 ақпан N 198

      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары

      мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі

      қосымша шаралар туралы

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға

      теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік

      қорғау туралы" Заңына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты Х сессияда

      шешім етті:

      1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 49-а "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін

      әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысымен

      қарауға енгізілген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының

      қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі

      қосымша шаралар бекітілсін.

      2. Облыс әкімияты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен

      мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек төлеу тетігін анықтасын.

Облыстық мәслихат Х


сессиясының төрағасы


Облыстық мәслихат хатшысы



  Облыс әкімиятының
2005 жылғы 5 сәуірдегі N 135
қаулысымен бекітілген

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне,
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына және хабар-ошарсыз кеткен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларының отбасыларына коммуналдық қызметтер
(жылу, су және газбен қамту), электр энергиясымен
қамту үшін және телефон үшін абоненттік төлемдер
бөлігінде байланыс қызметіне төлем төлеуден
өмірбойы босату тәртібін бекіту туралы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен

      мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің

      жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына және

      хабар-ошарсыз кеткен Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының

      қатысушыларының отбасыларына коммуналдық қызметтер (жылу, су және

      газбен қамту), электр энергиясымен қамту және байланыс қызметінің

      телефон үшін абоненттік төлемдер бөлігінде төлем төлеуден өмірбойы

      босату мақсатында әзірленді.<*>

      Ескерту: 1 тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 24 қазандағы N 249 қаулысымен .

2. Төлемақыдан өмірбойы босату,
қаржыландыру және төлеу тәртібі

      2. 2007 жылдың 1 қазанынан бастап Ұлы Отан соғысының

      қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан

      жауынгерлердің жесірлеріне, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының

      қатысушыларына және хабар-ошарсыз кеткен Ауғанстандағы ұрыс

      қимылдарының қатысушыларының отбасыларына пайдаланудағы тұрғын үй

      көлеміне қарамастан өмір бойғы жеңілдіктер ай сайын 3158 теңге

      сомасында төленеді. <*>

      Ескерту: 2 тараудың 2 тармағы жаңа редакцияда - Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 24 қазандағы N 249 қаулысымен .

      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен

      мүгедектерін коммуналдық қызметтер (жылу, су және газбен қамту),

      электр энергиясымен қамту және байланыс қызметінің телефон үшін

      абоненттік төлемдер тарифтері өзгерген жағдайда көрсетілген

      жеңілдіктер нақтылануы мүмкін.

      3. Алушылар Атырау қаласы мен аудандардың жергілікті жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына (бұдан әрі -

      жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары)

      өздерінің мекен-жайын, салық төлеушіні тіркеу нөмірін (СТН),

      жеңілдік алуға құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, жеке

      басын растайтын куәліктерінің берілген күндері мен нөмірлерін

      көрсетіп арыз береді. <*>

      Ескерту: мәтіні толықтырылды - Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 24 қазандағы N 249 қаулысымен.

      4. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      органдары жеңілдіктердің жылдық сомасының ай сайынғы үлестірімін

      жасақтайды және Атырау қалалық және аудандық жергілікті қаржы

      органдарына (бұдан әрі - жергілікті қаржы органдары) жолдайды.

      5. Жергілікті қаржы органдары ағымдағы айдың 10-ыншы

      жұлдызына дейін жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар органдарының ай сайынғы үлестірімдері негізінде

      жеңілдіктер төлеуге рұқсат береді.

      6. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейін оларды,

      сондай-ақ агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды екінші

      деңгейдегі банктердің есеп шоттарына аударады және жеңілдіктер

      алушылардың тізімдерін тапсырады.

      7. Екінші деңгейдегі банктер жеңілдіктерді жергілікті

      жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан түскен

      алушылардың тізімдері негізінде төлейді.

3. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі

      8. Жеңілдіктер төлеу бойынша есеп жүргізу, есеп беру

      жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына

      жүктеледі.

      9. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      органдары есепті айдан кейінгі айдың 5-інші жұлдызына дейін екінші

      деңгейдегі банктермен көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша

      төленген қаржыларға салыстыру актілерін жасайды.

      10. Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      органдары белгіленген нысанда және тәртіпте ай сайын Атырау облысы

      Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      департаментіне есеп ұсынады.

      11. Жеңілдіктерді төлеуге бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген уәкілетті органдар жүзеге асырады.

      12. Заңсыз төленген жеңілдіктер сомалары заңнамада белгіленген тәртіпте қалпына келтіруге жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады