"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы 13-2-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 21-2-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4189. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 809 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2015 № 809 бұйрығымен.

     "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының   Кодексіне   сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 13-2-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3946 нөмірмен тіркелген, "Заң" газетінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы 176 (177) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 11 қарашадағы N 79-ө  бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бірге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2748 нөмірмен тіркелген)  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығында:
      8-тармақтағы:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "рұқсат, лицензия, біліктілік аттестаты (куәлігі) міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз) кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгілері болмаса;";

      2) тармақшада:
      жетінші абзацтағы "өз бетімен" және "өз бетімен" деген сөздер тиісінше "заңсыз" және "заңсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "темiр жолдарды техникалық пайдалану ережелерiнiң талаптарын бұзу;
      темiр жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерiн бұзу";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) автомобиль көлігі саласында:
      жолаушыларды, багаж бен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін бұзу;
      жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ажыратылған осындай құрылғылармен, не толтырылмаған диаграммалық дискілермен, сол сияқты қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды; жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды; жолаушыларды, багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей автокөлік құралын басқаруы;
      автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы;
      шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын жүргізушілердің, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы;
      жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы;
      шет мемлекеттің аумағында тіркелген, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, шет мемлекеттің тасымалдаушыларына тиесілі автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау;
      жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, шағын автобусты басқару;
      қауіпті жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау;
      ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ бөлінбейтін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау;
      жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру;
      автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткiзу;";

      4) тармақшаның он сегізінші абзацындағы "өз бетімен" деген сөз "заңсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) тармақшада:
      он алтыншы абзацтағы "247-баптарымен" деген сөздерден кейін ", 461 бабының 6-1 бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "көлік құралдарын пайдалану ережелерін үнемі бұзу, яғни бір жыл ішінде осы  Кодекстің 246, 247 баптарында, 461 бабының 6-1 бөлігінде, 483 бабында көзделген екі және одан да көп құқық бұзушылықты жасау;";

      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "көлік құралдарын жүргізуші азаматтардың жол жүрісі ережелерін үнемі бұзуы, яғни бір жыл ішінде  Кодекстің 461 бабының 6-1 бөлігінде, 463 бабының бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзушылық болып табылған кезде, 463 бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген екі және одан да көп құқық бұзушылықты жасауы";

      18-тармақта "139 (бірінші бөлім), 246, 247, 439, 440, 441, 447, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бірінші, үшінші бөлімдер), 454 (төртінші, бесінші бөлімдер), 455, 456, 457, 458, 459-460 (әуе, теңіз көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 463 (бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді, сонымен қатар ірі көлемді немесе қауіпті жүктерді, сондай-ақ салмақтық немесе көлемдік өлшемдері белгіленген нормативтерден асқан көлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жүріп өту жағдайында тасымалдау ережелерін бұзушылық болып табылған кезде), 477 (бірінші, екінші, төртінші бөлімдер), 479-481 (әуе, теңіз көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 483, 486 (бірінші бөлім)," деген сөздер "246 (бірінші бөлігі), 247, 357-2 (бірінші бөлігі), 439, 440, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бірінші, үшінші бөліктері), 454 (төртінші, бесінші бөліктері), 455, 456, 457, 458, 459, 460 (әуе, теңіз көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 461 (6-1 бөлігі), 463 (бірінші бөлігі, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзушылық болып табылған кезде), 467-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктері), 479-481 (әуе, теңіз көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 483, 486 (бірінші бөлігі)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақтың үшінші абзацындағы "139 (бірінші бөлім), 440, 441, 447, 454 (төртінші бөлім), 455, 456, 463 (екінші бөлім), 477 (бірінші, екінші, төртінші бөлімдер), 479, 480, 486 (бірінші бөлім)," деген сөздер "357-2 (бірінші бөлігі), 440, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 454 (төртінші бөлігі), 455, 456, 461 (6-1 бөлігі), 463 (екінші бөлігі), 467-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктері), 479, 480, 486 (бірінші бөлігі)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Соттарға қарау жүргізуге жіберілген, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша  Кодекстің 541-бабында көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды Кодекстің 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 453 (екінші бөлігі), 454 (бірінші-үшінші бөліктері), 484 баптары бойынша оған уәкілетті көліктік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары жасайды.";

      22-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      " Кодекстің 246 (бірінші бөлігі), 247, 447, 447-1, 447-3, 461 (6-1 бөлігі), 463 (бірінші бөлігі, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзушылық болып табылған кезде), 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктері), 479-481 (әуе, теңіз көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа), 483, 484, 486 (бірінші бөлігі) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы көліктік бақылау органының лауазымды тұлғасы осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жасайды.
      Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған жағдайда қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады. Бұл ретте берілген істі қарауда уәкілетті тұлға Кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде қаулы шығарады.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам ескертудiң немесе төлем құжатының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсетiнiн растайды.
      Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу прокурордың қаулысымен қозғалған жағдайларда хаттама жасалмайды.
      Егер адам оған осы тармақтың екінші абзацында белгіленген тәртіпте жүктелген жазаға қарсы дауласса,  Кодекстің 635-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.";

      30-тармақтағы "анықталғаннан" деген сөз "ашылғаннан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31-тармақтағы "хаттама" деген сөзден кейін "жасалған кезден бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацындағы "тиесілі тауарларға, көлік құралына және өзге мүлікке қамау салу," деген сөздер "тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу немесе алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын.

      көрсетілген Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулықтың 6-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулықтың 9-қосымшасындағы:
      "Әкімшілік айыппұлды төлеу туралы қаулыға түбіртекке түбіршек N ___________" деген сөздер "Әкімшілік айыппұлды төлеу туралы түбіртекке түбіршек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Нұсқаулықтың 10-қосымшасы алып тасталынсын.

      2. Заң және кадрлық қызмет бөлімі (С.С.Жарылғасов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

                                   Қазақстан Республикасы Көлік
                                және коммуникациялар министрлігінің
                               Көліктік бақылау комитеті төрағасының
                                      2006 жылғы 17 наурыздағы
                                    N 21-2-Ө бұйрығына 1-қосымша

                                 Қазақстан Республикасы Көлік және
                                   коммуникациялар министрлігінің
                                  Көліктік бақылау комитетімен және
                                оның аумақтық органдарымен әкімшілік
                                құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу
                                   жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша

               Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
                            Хаттама
                   N _____ сериясы ______________

___________________      200__ж. "___"_________ ____сағат ___ минут 
(жасалған жері)

      Мен, _________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (көліктік бақылау органы қызметкерінің лауазымы мен аты-жөні)
____________________________________________________________________
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің
мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24
қарашадағы N 1232  қаулысына сәйкес, 2001 жылғы 30 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБК) 28, 29, 30-баптарына сәйкес іс-әрекет
жасаушы, осы хаттаманы жасадым.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның атауы және мекен-жайлық реквизиттері, бұзушылық
жасаған адамның аты-жөні, СТН  туған жылы мен жері, жұмыс орны,
лауазымы, мекен-жайы) тексеру кезінде мыналар

                        Анықталды:

       Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
іс-жүріліп жатқан жеке (заңды тұлғаның өкіліне) тұлға, ҚР ӘҚБК
584-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері
түсіндірілді________________________________________________________
                                   (тұлғаның қолы)
      Жеке (заңды тұлғаның өкілі) тұлға:___________________________
тілін білемін, іс бойынша өндірісті ____________ тілде жүргізуіңізді
өтінемін, қолы _______________________, қорғаушының заңдылық көмегі
қажет/қажет емес __________________________________________________,
                                             (иә/жоқ, қолы)
аудармашының қызметі қажет/қажет емес_______________________________
                                             (иә/жоқ, қолы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  (тексеру барысында анықталған әкімшілік заңнама бұзушылықтардың
____________________________________________________________________
                 болған орны, уақыты және мазмұны)
____________________________________________________________________
(егер ол әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау мен бекіту кезінде
пайдаланған болса, метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, датасы,
техникалық құралдың көрсеткіші, істің шешімі үшін қажетті өзге де
мәліметтер)
      Көрсетілген бұзушылықтар ӘҚБ Кодекстің______________ баптарына
сәйкес жауапкершілік жүктейді.
      Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
іс-жүріліп жатқан тұлға, ӘҚБК-нің 584-бабына сәйкес, хаттамамен
және істің басқа материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге,
хаттаманың мазмұны мен ресімделуі бойынша ескерту жасауға,
дәлелдемелер ұсынуға, кепілдеме беруге, қарсы болуға, қорғаушының
заң көмегін пайдалануға, іс қаралған кезде ана тілінде немесе
өзінің білетін тілінде сөйлеуге, егер іс жүргізіліп жатқан тілді
білмейтін болса аудармашының көмегін пайдалануға, іс бойынша
іс-жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдануға, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы хаттамаға және іс бойынша шығарылған қаулыға шағым
жасауға, сондай-ақ өзіне ӘҚБ Кодекспен берілген өзге де
процессуалдық құқықтарды пайдалануға құқылы.
      Құқық бұзушының түсініктемесі ________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Құқық бұзушының қолы: ________________________________________
      Жоғарыда баяндалғандардың негізінде аталмыш хаттама қоса
беріліп отырған материалдармен бірге 640-бапқа сәйкес әкімшілік
жаза қолдану үшін сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс
қарауға уәкілетті органға (лауазымды тұлғаға) жіберіледі.
      Мекен-жайы, телефоны:_________________________________________
____________________________________________________________________
      Хаттамаға ескертулер мен толықтыруларым жоқ (бар)_____________
____________________________________________________________________
                      ____________________________
                         (құқық бұзушының қолы)
      Хаттама жасаған:______________________________________________
____________________________________________________________________
                  (көліктік бақылау органының қызметкері)
                     _____________________________
                                 (қолы)
      Мына куәлардың қатысуымен:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
      куәлардың қолы: 1.___________  2.______________
      (куәлардың құқықтарымен және міндеттерімен ӘҚБК-нің 594-бабына сәйкес таныстырылды)

      Мына куәгерлердің қатысуымен:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
      куәгерлердің қолы: 1.___________  2.______________
      (куәгерлердің құқықтармен және міндеттерімен ӘҚБК-нің 595-бабына сәйкес таныстырылды)

      Хаттаманың көшірмесін алдым, құқықтармен және міндеттермен
таныстым:
___________________________________     ____________________________
         (аты-жөні)                        (құқық бұзушының қолы)

      Заттар мен құжаттарды алып қою хаттамасы қоса берілді:
___________ (N, сериясы, жасаған күні)______________________________

                                    Қазақстан Республикасы Көлік
                                және коммуникациялар министрлігінің
                               Көліктік бақылау комитеті төрағасының
                                      2006 жылғы 17 наурыздағы
                                    N 21-2-Ө бұйрығына 2-қосымша

                                 Қазақстан Республикасы Көлік және
                                   коммуникациялар министрлігінің
                                  Көліктік бақылау комитетімен және
                                оның аумақтық органдарымен әкімшілік
                                құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу
                                   жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша

          Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
                              Қаулы
                     N_____ сериясы _____________

      Мен,__________________________________________________________
                          (атқаратын лауазымы, аты-жөні)
____________________________________________________________________
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің
мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24
қарашадағы N 1232  қаулысына сәйкес, 2001 жылғы 30 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБК) 651-бабына сәйкес іс-әрекет жасаушы,
2004 ж. "____" _____________________________________________________
                            (қаралған жері)
____________________________________________________________________
         (оған қатысты іс қаралған тұлға туралы мәліметтер)
____________________________________________________________ қатысты
____________________________________________________________________
  (оған қоса берілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер)
___________________________________________________ хаттаманы қарап,
     (хаттаманың N, сериясы, жасалған күні)

                          Анықтадым:
Қаралатын іс бойынша өндірістің тілі________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
             (істі қарау кезінде анықталған жағдайлар)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ӘҚБК-нің _____ бабын
басшылыққа ала отырып,

                       Қаулы етемін:
____________________________________________________________________
                 (әкімшілік құқық бұзушылық жасаған)
____________________________________________________________________
    (заңды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, реквизиттері)
СТТН________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бұзылған нормативтік құқықтық актілердің атауы, баптардың нөмірі)
бұзғаны үшін _____ айлық есептік көрсеткіш__________________________
                                              (цифр және жазбаша)
_______________ теңге көлемінде ӘҚБК ____ бабы бойынша _____________
түріндегі әкімшілік жазаға тартылсын.
Айыппұл отыз күннен кешіктірілмей___________________________________
                                 (қай бюджет, банк шотының нөміріне
____________________________________________________ төлеуге жатады.
                  салынатындығын көрсету)
Алып қойылған құжаттар мен заттар (тәркіленген, берілген, жойылған,
қайтарылған) керектісін белгілеу____________________________________
Атауы_______________________________________________________________
Саны, дана__________________________________________________________
Алып қойылған құжаттар мен заттар қайтарылды________________________
                                           бұзушының аты-жөні, қолы)
ӘҚБК-нің 655-бабына сәйкес, қаулының көшірмесін алған күннен бастап
он күн мерзім ішінде, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған
лауазымдық тұлғаға) немесе органның (лауазымды тұлғаның) орналасқан
жеріндегі мамандандырылған райондық және оған теңестірілген
әкімшілік сотқа қаулы бойынша наразылық білдіруге, шағымдануға
болады.
Қаулының көшірмесін алдым___________________________________________
                                 (бұзушының аты-жөні, қолы)
Ескерту: ӘҚБК-нің 707-бабымен белгіленген мерзім өтіп кетсе,
бұзушыға ӘҚБК-ің 708, 709-бабымен белгіленген шаралар қолданылады.
____________________________________          __________________
   (атқаратын лауазымы, аты-жөні)                   (қолы)

                                    М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады