Ішкі істер әскерлерінің және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне қалалық қоғамды көлікте (таксиден басқа) жүру жолақы жеңілдігін беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 299 шешімі. Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 17 қаңтарда N 3-1-65 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы № 198 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.10.27 № 198 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 және 63 баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптары, Ақтөбе облыстық әкімінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 12 "Жеңілдікпен жүретін азаматтардың құқығын қамтамасыз ететін Тәртіпті бекіту туралы" шешімі негіздерінде Ақтөбе қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:

       1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру жолақы жеңілдігі ішкі істер әскерлерінің және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне берілсін.

       2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрайымы

      Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады