Мал және құс ұстау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 16 тамызда N 13-1-50 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы N 3 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012.03.06 N 3 Шешімімен (қол қойылған күннен күшіне енеді)

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына, "Мал дәрiгерлiгi туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi N 339 Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, сәйкес сессияға бекiтуге енгiзiлген мал және құс ұстау ережесi негiзiнде қалалық мәслихат ШЕШТI:
      1. Мал және құс ұстау ережесi бекiтiлсiн, 1-қосымшаға сай.
      2. Осы шешiм әдiлет органдарында тiркелгеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында бiрiншi жариялаған күннен соң он күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Қалалық мәслихат хатшысы

Бекiтiлген            
Петропавл қалалық мәслихаттың 
2006 жылғы 7 шiлдедегi     
26 сессиясының N 5 шешiмi   

Мал және құс ұстау
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ереже

       1. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Мал дәрiгерлiгi туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi N 339 Қазақстан Республикасы заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Агроөнеркәсiп кешендерi мен ауыл аумақтарының дамуын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 66 Заңының 7-бабының 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Петропавл қаласы аумағында мал және құс ұстау тәртiбi мен шартын белгiлейдi.
      2. Ереже меншiк нысанынан байланыссыз жеке және заңды тұлғалардың қ мал және құс ұстау құқығы мен мiндетiн анықтайды.

2. Мал және құс ұстауға қойылатын талаптар

      3. Меншiк нысанынан байланыссыз мал және құс иеленушiлер мiндеттi:
      1) мал және құс ұстау жөнiндегi белгiленген мал дәрiгерлiк-санитарлық нормаларды қатал сақтау;
      2) мал мен құстың сәйкестендiрiлуiн қамтамасыз ету, мiндеттi мал дәрiгерлiк iс-шаралар өткiзуге қажеттi жағдай жасау. Қажеттi мал дәрiгерлiк iс-шаралар өткiзгенде мемлекеттiк-мал дәрiгерлiк қызмет мамандарының нұсқауларын орындау;
      3) мал мен құс ауырған және өлген жағдайда, ол туралы тәулiктiк мерзiмде мал дәрiгерлiк инспекторына хабарлау және мал дәрiгерлiк инспекторы келгенше ауруында күдiк бар малдар мен құстарды бөлек ұстауды қамтамасыз ету және қатынасты шектеу;
      4) жаңадан сатып алынған мал мен құсты сатып алған сәттен бастап 10 күндiк мерзiмде мал дәрiгерлiк мекемесiнде тексеруге әкелу және тiркеу, сондай-ақ мал дәрiгерлiк-санитарлық iс-шаралар жоспарлауды ұйымдастыру мақсатында жаңадан сатып алынған мал мен құстың саны және түрлерi туралы шынайы ақпарат беру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен және жағдайда мемлекеттiк органдарға жеке қосалқы шаруашылығы туралы ақпарат беру;
      5) қиды уақытында тазартуды және осы мақсатқа арнайы бөлiнген жерлерге шығаруды қамтамасыз ету;
      6) белгiленген айдау маршруттарына сай малдарды жайылымға жинау орнына және жинау орнынан ұстау орнына дейiн алып бару;
      7) мал бағуды сол үшiн бөлiнген учаскелерде жүргiзу, қажеттi мал дәрiгерлiк-алдын алу iс-шараларынан өтпеген малдарды бағуға жiбермеу.

3. Мал мен құс иеленушiлерiнiң құқығы

      4. Кез келген мал мен құс иеленушiсiнiң меншiгi болып табылады және небiр меншiк сияқты заңмен қорғалады.
      5. Мал және құс иесiнен сот шешiмi немесе қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге жағдайларда алынып қоюы мүмкiн.

4. Мал және құс ұстаудағы шектеулер

      6. Мал және құс ұстағанда тыйым салынады:
      1) мал мен құстың, сондай-ақ мал өнiмдерiнiң тиiстiлiгi мен мал дәрiгерлiк-санитарлық қауiпсiздiгiн анықтайтын құжаттарсыз әкелуге және шығаруға.

5. Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      7. Осы ереженiң бұзылуына кiнәлi заңды және жеке тұлғалар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершiлiк атқарады.
      8. Осы ереженiң сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады