Азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы N 33-1қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 16 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 456 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 06-526қ қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.05.28 N 06-526қ қаулысымен

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысын орындау үшін, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу өткізілсін, ол үшін Заңның 17-бабына сәйкес "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері тіркеу жөнінде комиссиялар құрсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсін.

      2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі:
      1) медициналық комиссияларды қызметкерлермен қамтамасыз етсін;
      2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен және жабдықпен қамтамасыз етсiн;
      3) тексеру актісін жасай отырып, комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын;
      4) қаланың емдеу-алдын алу мекемелерінде флюорографиядан өтуді, қан, несіп анализдерін тапсыруды, электрокардиограммаға түсіруді, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуыстарын емдеу жұмыстарын ұйымдастырсын;
      5) комиссиялардың жұмысын "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдері бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырсын.

      3. "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі:
      1) тіркеуге жататын азаматтардың шақыру пунктіне келуін, әскер жасына дейінгі азаматтардың әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оларды оқудан босатуды;
      2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.

      4. "Астана қаласының Ішкі істері департаменті" мемлекеттік мекемесі:
      1) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, ұстауды жүргізсін;
      2) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысы кезінде тіркеудің барлық кезеңіне (қаңтар-наурыз) қызметкер бөлумен шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

      5. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында тіркеуге жататын азаматтарға хабарлау, техникалық жұмыстарды орындау үшін 30 адам санында жұмыссыз азаматтарды Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жіберу арқылы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.

      6. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.

      7. "Азаматтарды Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 33-10-1097қ (Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 18 қаңтардағы N 427 болып тіркелген; "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы N 14 және "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы N 12, 13 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылсын.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С.Есіловке жүктелсін.

      Әкім

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлімінің меңгерушісі

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Алматы" ауданының әкімі

      "Сарыарқа" ауданының әкімі

      "Астана қаласының Ішкі істер
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Денсаулық
      сақтау департаменті" мемлекеттік
      мекемесі директоры

      "Астана қаласының Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      департаменті" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы

      "Астана қаласының Білім
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының Жұмылдыру
      дайындығы, азаматтық қорғаныс,
      апаттардың және дүлей апаттардың
      алдын алуын және жоюын ұйымдастыру
      жөніндегі басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

      "Астана қаласының Қорғаныс істері
      жөніндегі департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады