Қарағанды облысының "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібі және Мекенжай құрылымы туралы Қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы N 12/15 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 12 шілдеде N 1833 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы N 09/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 22.02.2013 N 09/07 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабындағы 1-тармағының 21-4) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы", Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 90-ө өкімін жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы туралы Қағида бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Камалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі                  Н. Нығматулин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы ақпараттандыру
      және байланыс агенттігінің төрағасы
      __________________ Есекеев К.Б.
      2007 жылғы 30 мамыр

Қарағанды облысы әкімдігінің
2007 жылғы 30 мамырдағы N 12/15
қаулысымен бекітілген

Қарағанды облысының Мекенжай тіркелімінде тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы туралы
Қағида

1. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысының Мекенжай тіркелімінде тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы туралы осы қағида (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының талаптарына сәйкес және облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 27 желтоқсандағы "Қарағанды облысында "электрондық әкімдік" қалыптастырудың 2006-2010 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" N 266 шешімін жүзеге асыру мақсатында әзірленді және облыс аумағында Қарағанды облысының Мекенжай тіркелімінің мекенжай құрылымын және құрамын тіркеудің бірыңғай қағидасы (бұдан әрі - Мекенжай тіркелімі) мен оны енгізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағиданың қызметі Қарағанды облысындағы барлық меншік нысандарының жылжымайтын мүлік объектілері туралы мекенжай ақпараттың барлық түрлеріне таралады.

      3. Жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне Қарағанды облысы аумағында бірегей мекенжай атауы беріледі. Жылжымайтын мүліктің заңды мекенжайы (бұдан әрі - мекенжайы) мекенжай беру немесе өзгерту процедуралары жүргізілгеннен кейін Мекенжай тіркелімінде тіркелген мекенжай болып табылады.

      4. Мекенжай тіркелімінде Қарағанды облысында жекеменшік объектілерінің мекенжайлары туралы деректерінің "электронды үкіметтің" бірыңғай сәулет, мемлекеттік ақпараттық ресурстары және ресми қайнар көзінің құрамдық бөлігі болып табылады.

      5. Мекенжай тіркелімінде құру және мекенжайлар берудің бірыңғай тәртібін енгізудің негізгі мақсаттары:

      жылжымайтын мүлікті пайдаланудың әр кезеңінде қайтадан салынған, жаңартылған және пайдаланымға берілген объектілердің мекенжайларының бір ортаға бағынған есебін қамтамасыз ету;

      Мекенжай тіркелімінде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының орналасу орнына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      объектілердің мекенжайлары туралы мәліметтермен ақпараттық қамтамасыз ету үшін негіз құру болып табылады.

      6. Қарағанды облысының қалалары мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайлар беру және Мекенжай тіркелімінде оларды тіркеуді, елді мекендердің кезекші мекенжайлық жоспарларын жүргізуді, елді мекенде мекенжайлар туралы ақпараттар беруді жүзеге асырады.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі түсініктер

      7. Осы Қағидада мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:

      1) мекенжай - Қарағанды облысының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, ғимараттың, имараттың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің белгіленген құрылымдық сипаттамасы;

      2) мекенжай тіркелімінде - мекенжайлар және мекенжайлар элементтерінің, сондай-ақ олардың есеп жүйелері жазуының жиынтығы;

      3) мекенжайларды жою - Мекенжай тіркелімінен жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы жазуды шығару;

      4) жылжымайтын мүліктің туынды объектісі - азаматтық құқықтың дербес объектісі (пәтер, тұрғын және тұрғын емес орын-жай, соның ішінде салынған және жалғай салынған) болып табылатын жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісінің кеңістік бөлігі;

      5) геоним - көшелер, алаңдар, сызықтар, саяжолдар, желекжолдар, жолдар, жағалаулар, қысқа көшелер, даңғылдар, өту жолдар және тағы басқа атаулар үшін, яғни аталған қала құрылысы объектілері жөніндегі жалпылама түсінік;

      6) жер учаскесі - белгіленген Жер Кодексі тәртібімен жер қатынастары субъектілеріне бекітілген тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      7) ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үдерісті орнатуға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы басқаларын орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;

      8) "Мекенжай тіркелімінде" ақпараттық жүйесі - Қарағанды облысы аумағында жылжымайтын мүліктің тіркелген объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратпен, әкімшілік-аумақтық бірліктер туралы ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпаратты жүйе;

      9) кадастрлық нөмір - белгіленген заңнама бойынша үдеріске сәйкес берілетін және жер учаскесі біртұтас болып тұрған кезде ғана сақталатын Қазақстан Республикасы аумағында қайталанбайтын жер учаскесінің жеке коды;

      10) объектінің реттік нөмірі - объектінің мекенжай құрылымының элементі: атауы (көше, шағын аудан және басқалар) бар объектілерге берілетін әріптер және (немесе) бөлшектер қосылу мүмкіндігімен бірізділік цифрдан тұратын объектінің жай нөмірі;

      11) жылжымайтын мүлік объектілері - жермен тығыз байланысты жер учаскелері, ғимараттар, имараттар және басқа мүліктер, яғни оларды тағайындаудың мүмкін емес мөлшерсіз залалы болатын ауыстырушылық объектілер;

      12) жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі - жер учаскесі, ғимарат, имарат;

      13) мекенжай тіркелімінде - жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын белгілейтін құжаттардан мәліметтер құрайтын жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайы және мекен-жай элементі туралы жазуды Мекенжай тіркелімге енгізу, сондай-ақ "Мекенжай тіркелімінде" ақпаратты жүйеге енгізу жөніндегі әрекеттер жиынтығы;

      14) өңір - бұл Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысына сәйкес құрылатын және басқарылатын бірнеше елді мекендерді енгізетін республика аумағының бөлігі;

      15) имарат - табиғи және жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты) объект. Имарат, сондай-ақ құрылыс көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;

      16) мекенжай элементі - аумақта жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу жерін сипаттайтын реквизит.

3. Мекенжай тіркелімінің енгізудің қағидасы

      8. Мекенжай тіркелімінде Қарағанды облысының барлық аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайлары және мекенжайлар элементтері туралы мәліметтерді құрайтын жазулар жиынтығы болып табылды.

      9. Әрбір мекенжай объектісінде Қарағанды облысының барлық аумағында мекенжай объектісінің орналасқан жері туралы мәліметтерді құрайтын және уақытында өзгертілмеген жазулар жүйесінің бірегей нөмірі болады.

      10. Мекенжай тіркелімін жүргізу келесі процедуралардың біртұтас жүйесін құрайды:

      мекенжай немесе мекенжай элементтерін тіркеу;

      мекенжайлар, мекенжай атауын қайта беру элементтері сияқты өзгерістерді тіркеу;

      мекенжайлар немесе мекенжайлар элементтерін жоюды тіркеу;

      ақпараттарды сақтау;

      Мекенжай тіркелімінен ақпаратты беру.

      11. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайлары және олардың өзгеруі жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың шешімдері негізінде Мекенжай тіркелімінде тіркеледі.

      12. Мекенжай тіркелімінің міндетті реквизиттерінің тізімдемесі келесі ақпараттарды:

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжай мәртебесін, тіркеу нөмірін және есептік нөмірін;

      осы Қағидалардың 4 бөлімінің 14 тармағына сәйкес белгіленген құрылымның мекенжайын;

      жылжымайтын мүлік объектісінің түрлерін және оның функционалдық тағайындалуын;

      мекенжайды (құжат түрі, оның нөмірі, мерзімі) тіркеудің негізі туралы мәліметтерді құрайды.

      13. Мекенжай тіркелімінің жазуы "Мекенжай тіркелімінде" ақпараттық жүйесінде электронды түрде жүргізіледі, қажеттілігіне қарай ақпаратты қағазда шығарумен Мекенжай тіркелімінің мұрағаты мекенжайды анықтауда немесе атау беруде басталған, деректердің және істердің электронды базасының қосалқы көшірмелері түрлерінде жүргізіледі.

4. Мекенжайлар түрлері және жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай берудің жалпы тәртібі

      14. Жылжымайтын мүлік объектілеріне (мекенжай мәртебесіне) берілген мекенжайлардың алдын ала және тұрақты түрлері бар.

      15. Алдын ала мекенжай:

      пайдалануға қабылданбаған салынып жатқан (қайта жаңартылған) ғимараттарға, имараттарға (күрделі құрылыс объектілеріне) және олар орналасқан жер учаскесіне;

      мемлекеттік қажеттіліктер үшін кейінге сақталған немесе құрылыс салу үшін берілген құрылыс салынбаған жер учаскелеріне;

      босатуға жататын стационарлық емес (мобилді) имараттарға және жер учаскелеріне, сондай-ақ осындай учаскелерде орналасқан барлық имараттарға;

      белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлік объектісіне жекеменшік құқығын ресімдегенге дейін жылжымайтын мүлік объектілеріне беріледі.

      16. Тұрақты мекенжай:

      олар орналасқан, босатуға жатпайтын, ғимараттарға, имараттарға және жер учаскелеріне;

      белгіленген заңнамалық тәртіппен оларға меншік құқығын ресімдегеннен кейін жылжымайтын мүлік объектілеріне беріледі.

5. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру

      17. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру тәртібі облыстың жергілікті атқарушы органдар бекіткен жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмір беру, талаптарды белгілеу, елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру Ережелеріне негізделген.

      18. Мекенжай тіркелімінде жылжымайтын мүлік объектісіне алдын ала мекенжай беру жағдайында алдын ала" мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы жазу жүргізіледі.

      19. Мекенжай тіркелімінде жылжымайтын мүлік объектісіне тұрақты мекенжай беру жағдайында тұрақты" мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы жазу жүргізіледі.

      20. Жылжымайтын мүлік объектісін мекенжайда пайдаланымға енгізілген және алдын ала мекенжай берудің бұрын өткен процедурасы, егер мекенжай алдын аладан тұрақтыға өзгертілмей қалса, Мекенжай тіркелімінде мекенжай мәртебесі жүргізіледі немесе алдын ала мекенжайды жоюмен жаңа мекенжай беріледі.

6. Елді мекендердің жылжымайтын мүлік объектілерінің, геонимдері және мекенжайларының атауларын жою

      21. Облыстың жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің негізінде елді мекендер және геонимдер атауларын жою келесі жағдайларда:

      кент, ауыл (село), селолық округ өзгергенде және ыдырағанда;

      елді мекенді және геонимді қайта атау кезінде жүргізіледі.

      22. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын жою келесі жағдайларда:

      аудандық (қалалық) атқарушы органдардың деректері негізінде ғимараттарды, имараттарды, құрылыстарды құлатқанда (бұзғанда);

      жаңа кадастрлық немесе есептік нөмірмен бірыңғай жер учаскесіне жылжымайтын мүліктің екі және аралас объектілерін бірлестіру және (немесе) объектіні дербес бөлікке бөлгенде жылжымайтын мүліктің жаңа объектісін құрғанда;

      құрылыс аумағын реттеумен байланысты жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірленуі өзгергенде жүргізіледі.

      23. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою кезінде Мекенжай тіркелімінде мекенжайды тіркеу туралы жазу, нақты жағдайда негізі және ауысу мерзімі көрсетіле отырылып, "жойылды" жағдайымен белгіленеді.

      24. Мекенжай тіркелімінен геонимдер және мекенжайлар атауларын шығару жылжымайтын мүліктің жаңа объектілеріне мекенжай беру және жаңа геонимдерді атауда қайта қолданыла алады.

7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын өзгерту (мекенжайларды өзгерту)

      25. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту себептері:

      облыстың жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің негізінде елді мекендерді немесе геонимдерді қайта атау;

      жылжымайтын мүлік объектілерін дербес бөліктерге бөлу;

      жылжымайтын мүліктің екі және аралас объектілерін бірлестіруде жылжымайтын мүліктің жаңа объектісін құру;

      салынған аумақты реттеу;

      Қарағанды облысы аумағында нақты орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайына және көрші объектілерге берілген мекенжайларға сәйкес емес құжаттарын сараптау нәтижесінде анықтау.

      26. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын өзгерту Мекенжай тіркелімінде тіркеледі,

      сонымен қатар:

      жылжымайтын мүлік объектісінің ескі мекенжайын жою;

      жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа мекенжай беру жүргізіледі.

8. Мекенжай тіркелімінде мекенжайлар беруде және оларды тіркеуде атқарушы органдардың қызметі

      27. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының атқарушы органдары:

      тілдерді дамыту бөлімдері жергілікті атқарушы органдармен бекітілген, Қарағанды облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу Ережелер негізінде Мекенжай тіркелімінде геонимдер атауын және қайта атауын тіркеуді жүргізеді;

      сәулет бөлімдері өңір ішіндегі жер телімдері, ғимараттар және имараттардың реттік нөмірлерін тіркеуді жүргізеді және өз өңірінде Мекенжай тіркелімінде мекенжай деректердің толықтығын, нақтылығын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады