Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Cаран қаласының мәслихатының 37 сессиясының 2007 жылғы 11 шілдедегі N 603-1 шешімі. Қарағанды облысы Cаран қаласы Әділет басқармасында 2007 жылғы 6 тамызда N 8-7-48 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы N 40 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Cаран қалалық мәслихатының 23.06.2016 N 40 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабы негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бейбітшілік шерулерін, митингілерді, жиналыстар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі анықталсын:
      1) Саран қаласында – қалалық стадионда, футбол алаңына кіре берісте, қоғамдық - саяси сипаттағы мемлекеттік емес шараларды өткізу үшін;
      2) Ақтас кентінде – Привольный көшесінде, жеке кәсіпкер Горбуновтың жөндеу базасы алаңында, қоғамдық - саяси сипаттағы мемлекеттік емес шараларды өткізу үшін;
      3) облыстық және жергілікті маңыздағы, тиісті мемлекеттік органның ұйымдастырған ресми іс шараларын және сол сияқты мемлекеттің, облыстың, қала басшылығының жоғарғы лауазымды тұлғаларының қатысуымен өткізілетін шаралар үшін, Саран қаласы мен Ақтас кентінде көшелер анықталсын: Ленин, Жамбыл, Жеңіс; алаңдар: "Саран қаласы Мәдениет үйі" Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, "Ақтас кентінің мәдени – көңіл көтеру орталығы" Коммуналды мемлекеттік қазыналы кәсіпорын, Жеңіс ескерткіші, Ардагерлер паркінде;
      4) ресми және мәдени – көңіл көтеру шараларды өткізу үшін басқа да алаңдар мен саябақтар, олардың архитектуралық және қолданыс сипатына қарай анықталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссияға және қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
      4. Осы шешім қалалық "Ваша газета" газетінде ресми жарияланған күннен кейін, он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы
Б. Ешмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады