Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйегіндегі № 28/252 "Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру және спорт,халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын (көмір) алуға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы" қалалық мәслихаттық шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысының Ақтау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 37/326 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 4 шілдеде N 11-1-60 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2/26 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.04.2012 № 2/26 шешімімен(қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық маслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйегіндегі № 28/252 (11-1-41 тіркелген), 2006 жылдың 4 қазанында № 179 (6984) «Маңғыстау» газетінде, 2006 жылдың 7 қазанында «Огни Мангистау» газетінде № 180 (9680) жарияланған «Ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру және спорт, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мемлекеттік мекемелердің мамандарына отын (көмір) алуға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы» шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      10 - тармақтағы «мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар депертаментіне» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         К. Қорғанбекова
 
 
      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                 Ж.Матаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қалалық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы Айтбатырова К.М.
      28 мамыр 2007 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады