2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қаңтарда № 9-8-86 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы № 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.02.09 № 197 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, 2007 жылғы 10 желтоқсандағы Денисов ауданы әкімдігінің № 424 "2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережесін жобасын Денисов аудандық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізу туралы" қаулысын қарап Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережесі" бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саласының дамуы, құқық және заңдылық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктеледі.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      кезекті үшінші сессиясының
      төрағасы                                   Т. Чижевская

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Тойбағоров

       
Мәслихаттың                  
2007 жылдың 19 желтоқсандағы 
№ 23 шешімімен бекітілген    

2008 жылға арналған тұрғын
үй көмегін көрсету ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы 15 процент нормативтер шегінде коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау төлемі аспайтын отбасыларға баспана ұстау және коммуналдық қызметтері, байланыс қызмет көрсетулері үшін (жеке тұрғын үйді ұстаудан тыс) көмек көрсетіледі.
      2. Тұрғын үй көмегі "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай - уәкілетті орган) арқылы төленеді.

2. Тұрғын үй көмегін алушылар

      3. Тұрғын үй көмегі табысы аз санатына кіретін, Денисов ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе пайдаланушылар болып табылатын (жалға алушылар) азаматтарға беріледі.
      4. Иелігінде баспанасы бір бірлігінен көп отбасылар (азаматтар) немесе тұрғын жайларды жалға (арендаға) берушілер тұрғын-үй көмегін алуға құқығы жоқ.
      5. Егер де отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде емес және әлеуметтік қорғау органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдар болса, ол отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
      Айрықшалық ретінде:
      1) мүгедектерге қарап жүрген тұлғалар (негізі – медициналық қорытынды), асыраушысы жоқ болуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмегін алатын тұлғалар, 3 топтағы мүгедектер;
      2) үш жасына дейін балалары бар аналар және жаңа туған нәрестені асырап алған әйелдер (еркектер) Қазақстан Республикасының Енбек Кодіксіне сәйкес үш жасқа дейін балаға қарау үшін жұмыс орындарында еңбекақы төленбейтін демалысқа шыққан, немесе олардың орындарын басқандар;
      3) көп уақыттан бері туберкулез диспансерінде стационарлық немесе амбулаторлық емдеуде тұрған тұлғалар;
      4) Қазақстан Республикасында тұрақты мекендеген босқындар статусы бар тұлғалар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау мерзімде мынадай нормалар есепке алынады:
      1) отбасының бір мүшесіне-18 шаршы метр, оған қоса бір отбасына 9 шаршы метр, бір бөлмелік пәтерден кем емес;
      2) жалғыз тұратын зейнеткерлерге және мүгедектерге, тұрып жатқан алаңына қарамастан, бірақ нақтыдан көп емес, 30 шаршы метрден тұрғын алаңы нормасы есепке алынады.
      Көмегінді тағайындау объектісі болып, ауданның коммуналдық кәсіпорындарымен берілетін, нормативтік көлемі шегінде, отбасынының пайдаланудағы тұрғын жай табылады:
      пәтер ақы;
      жылыту;
      суық су, бір адамға норма бойынша;
      канализация, бір адамға норма бойынша;
      электронэнергия, бір адамға 50 киловаттан аспау тиіс;
      телефон үшін абоненттік төлем;
      бір адамға нормалар бойынша табиғи газ пайдаланғанда, ал баллондық газ пайдаланғанда бір адамға 6,7 килограмм аспау тиіс.
      Баспана ұстау мен коммуналдық қызметтері үшін төлемақы осы ережелерде белгіленген нормадан жоғары болса, төлеу жалпы негіздер бойынша жүргізіледі.

4. Тұрғын үй көмегін тағайындауға
азаматтардың өтініш жасау мен ол үшін
деректер базасын қалыптастыру тәртібі

      7. Үүміткер тұрғын үй көмегін алуға уәкілетті органға мыналарды тапсыру тиіс:
      тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі өтініш;
      жеке куәлігінің көшірмесі;
      СТН көшірмесі;
      өткен тоқсандағы табысы туралы құжаттар арқылы расталған деректер;
      қозғалмайтын мүлігі бар болуы туралы анықтама, жылына бір рет;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
      мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі;
      коммуналдық қызметтерге төлеу туралы құжаттардың көшірмелері.
      8. Азаматтар тоқсан сайын уәкілетті органға тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жасайды. Азаматтар тоқсан ішінде тіркеуден себепсіз өтпеген жағдайда тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Отбасының құрамындағы өзгеріс туралы, 10 күн мерізімнде хабарламаған болса азаматтарға, тұрғын үй көмегін беру тоқтатылады.
      9. Тұрғын үй көмегіні тағайындау аудандық бюджете осы мақсатқа көзделген сомасы шегінде уәкілетті орган арқылы жүргізіледі.

5. Тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі

      10. Тұрғын үй көмегін есептегенде өтініш жасаған төқсанынан алдағы өткен тоқсандағы табыстар мен коммуналдық қызметтері үшін шығыстар есепке алынады.
      11. Көмегі өтініш жасау төқсанынан ағымдағы тоқсанға беріледі. Азаматтардан өтініштер тоқсан ішінде алынады.
      12. Тұрғын үй көмегінің мөлшері баспана ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтынғаны үшін төлемдер мен осы Ережелердің 6 тармағында көрсетілген нормалары айырмашылығы бойынша және осы мақсаттарға отбасының шығыстар деңгейінің шегінде есептеледі.
      13. Тұрғын үй көмегін есептегенде отбасының (азаматтардың) жиынтық табысына қосалқы жеке шаруашылығынан тапқан табыс кірмейді.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш түскеннен 10 күн ішінде қабылданады.
      15. Өтініш берушінің уәкілетті органның іс-әрекеттері мен шешімдерін жоғары тұрған ұйымдарда, сондай-ақ сот тәртібінде шағымдануға құқығы бар.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындауын үміттенген азаматтар жалған ақпаратты берген болса, күнтізбелік жыл бойы көмегіні алуға құқығын жоғалтады.
      17. Заңсыз алынған тұрғын үй көмегінің сомасы өз еркімен қайтарылады, егер одан бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтып алынады.

6. Тұрғын үй көмегінің төлеу механизмі

      18. Уәкілетті орган есептеген тұрғын үй көмегінің сомасын алушылардың жеке шоттарына, жазбаша арыздар негізінде, банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады