Ауылдық жерлердегі қызметкерлерге 25 процент төлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 4/26-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қаңтарда № 14-2-48 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 45/283-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 30.06.2011 № 45/283-IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандарына қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда 25 процентi жоғары айлық ақы мен тарифтiк ставкалар белгiленсiн.
      2. Қалалық мәслихаттың 2001 жылғы 5 сәуiрдегi "Ауылдық жерлердегi қызметкерлерге 25 пайыз төлеу туралы" N 9/81-II шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат сессия төрағасы:          Т. Садыбаев

      Қалалық мәслихат хатшысы:                  Ө. Керiмқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады