Қызыл кесік ауылдық округіне қарасты Қуан елді мекенінде қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 445 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 5 қаңтарда № 5-16-46 тіркелді. Күші жойылды - 2009 жылғы 05 маусымдағы № 1240 Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратының хаты негізінде, қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты

      Ескерту. Күші жойылды - 2009.06.05 № 1240 Тарбағатай ауданы әкімінің аппаратының хаты негізінде, қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринария инспекторының эпизоотиялық зерттеу анықтау актісі және картасы негізінде Қызыл кесік ауылдық округіне қарасты Қуан елді мекен тұрғындарының қой-ешкі малдарын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II Заңының 27 бабына және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 37 бабының 1,2 тармағын басшылыққа алып ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. Тарбағатай ауданы Қызыл кесік ауылдық округінің Қуан елді мекені аумағы көлемінде 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап шектеу жариялансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ветеринариялық Зандылықтарына сәйкес Қызыл кесік ауылдық округінің Қуан елді мекені аумағы бруцеллез ауруынан тазарту мақсатындағы малдәрігерлік шараларының жоспары бекітілсін. /Қосымша № 1/
      3. Бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында жасалған, шектеулік іс шаралардың малдәрігерлік зандылықтарға сай толық орындалуын қамтамасыз етуін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы бастығы (Б. Қажыкенов келісімі бойынша), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (М. Сулейменова келісімі бойынша), аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы (М. Тырнақбаев) тапсырылсын.
      4. Аудандық ішкі істер бөлімше (Е. Сейлханов келісімі бойынша) шектеу уақытында ауру малдар, олардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың заңсыз тасымалдауын қадағалауды қамтамасыз етсін.
      5. Атқарылған шаралардың орындалуы туралы күнделікті аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына ақпарат беріп отыру ауданның бас мемлекеттік ветеринария инспекторы Д. Тулембаевқа жене Қызыл кесік ауылдық округінің әкімі А. Қаратаевқа міндеттелсін.
      6. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Қараталовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан тіркеуден өткеннен кейін қолдансықа енгізілсін.

      Тарбағатай аудан әкімінің міндетін
      атқарушы, аудан әкімінің орынбасары      С. Жақаев

Тарбағатай ауданы Қызыл кесік ауыл ауыл округі Қуан елді мекені  бойынша 2008 жылға адам мен жануарға ортақ бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында қойылған шектеудің іс шаралары

Р/с

Атқарылатын іс  шаралар

Орындалу  мерзімі

Орындаушы

I

Аурудан сақтандыру  шаралары



1

Шектеу қойылған  уакытта Қуан елді  мекенінің аймағында бруцеллез індетінің эпизоотиялық ошағын анықтап,  қоздырғышын жою,  залалсыздандыру  шараларын іске  асыру, ауру  қоздырғышын  тасымалдау жолын қыю.

Тазарғанға дейін

Аудандық  аумактық  инспекциясы  ветеринариялық  қадағалау  бөлімінің  мамандары

2

Ауруға күдікті  қолайсыз  аймақтардың  шекарасын анықтау

Ауру  шыққан  уақытта

Ауыл округінің  әкімі, вет. инспекторы

3

Тірідей барлық мал  түліктерін осы  аумақтан жене осы  аумаққа  тасымалдауға тыйым  салу (ауру малдарды ет комбинатына  тасымалдаудан  басқа)

Тазарғанға дейін

Аудандық  аумақтық  инспекция  ветеринариялық  қадағалау  бөлімінің  мамандары, а/о вет. инспекторы

4

Ауру шыққан  аймақтан шөп,  сынама басқада  дәнді дақылдар  дайындап  тасымалдауға тыйым  салу

Тазарғанға дейін

Аудандық  аумақтық  инспекция  ветеринариялық  қадағалау  бөлімінің  мамандары, а/о вет. инспекторы

5

Бруцеллезге оң  таңба берген  малдарды 5 күн  ішінде төлдерінен  айырып, басқа  малдарға қоспай  қандайда болмасын бағалылығына  тұкымына қарамастан жемдеуге, семіртуге қоймастан 5 күн  ішінде жою.

Қолма қол

Аудандық  аумақтық  инспекция  ветеринариялық  қадағалау  бөлімінің  мамандары, а/о вет. инспекторы

6

Бруцеллез ауруы  шыққан отар табынды аурудан таза табын  дар мен отарларға  қоспай жеке ұстауға нұсқау беру.

Жыл бойы

Аудандық  аумақтық  инспекция  ветеринариялық  қадағалау  бөлімінің  мамандары, а/о вет. инспекторы

7

Дені сау малдарды,  бұрын ауру малдар  тұрған қора-жайға,  аулаға механикалық  тазалық жүргізіп,  толық  дезинфекциядан  өткеннен кейін және дезинсекция,  дератизация жасап  енгізу.

Үнемі

Аудандық  аумақтық  инспекция  ветеринариялық  қадағалау  бөлімінің  мамандары, а/о вет. инспекторы  мал иесі

8

Ауру шыққан мал  отары, табын  жайылған шабындық  жердің шөбі  дайындалса оны 3 ай сақтап барып  пайдалану.

Тазарғанға дейін

Шаруашылық  басқарма  басшылары

9

Ауру шыққан  қолайсыз аймақта  төмендегідей тыйым  салу:
Қой ешкі малдарын  сауып, құрт,  ірімшік, май  дайындау
Дезинфекциядан  өтпеген тері  дайындау

Тазарғанға дейін

Аудандық  аумақтық  инспекция  ветеринариялық  қадағалау  бөлімінің мамандары, а/о ветеринария инспекторы

10

Ауруға белгі берген малдарды  ветеринариялық - санитариялық  ережелерді сақтай  отырып мал соятын  орын дайындап союды ұйымдастыру

Уақытында

Ауыл округінің әкімі,  ветеринария  инспекторы

11

Өлген малдардың, іш тастаған  өлекселерді қолма  қол жойып, мал  моласына көмдіру.

Қолма қол

Ауыл округінің әкімі,  ветеринария  инспекторы

12

Ауру малдардың  қиын, салынған  төсеніштерін залалсыздандырып,  жоюды (химиялық, биологиялық  жолдармен)  ұйымдастыру.

Үнемі

Ауыл округінің  әкімі,  ветеринария  инспекторы

13

Ауру бойынша  қолайсыз аймақтағы  барлық қой-ешкі  малдарынан екі рет  теріс қорытынды  алғанша  серологиялық  тексеруден өткізу

Тазарғанға дейін

Ауыл округінің  әкімі,  ветеринария  инспекторы,  лицензиат  малдәрігері

14

Ауыл тұрғындары  арасында бруцеллез  ауруының  қауіптілігі туралы  адам дәрігерлерімен бірлесіп, ақпарат  құралдары арқылы  түсінік жұмысын  жүргізу.

Үнемі

Аудандық  аумақтық  инспекция  ветеринариялық қадағалау  бөлімінің  мамандары

15

15-20 күн  аралығында барлық  малдардан ауруға  теріс таңба  бергенше 2- рет қан алдыру, 1-1,5 айда  2-рет қан алып,  теріс таңба алып,  қорытынды  залалсыздандыру  жұмысын жүргізіп  шектеуді алдыру

Тазарғанға дейін

Аудандық  аумақтық  инспекция  ветеринариялық  қадағалау  бөлімінің  мамандары, а/о ветеринария  инспекторы

16

Бруцеллез ауруы  шыққан қауіпті  пункттен халықты  диспансерлік  тексеруден өткізу

Қолма қол

Аудандық СЭС,  медицина  қызметкерлері

      Аппарат басшысы            А. Нурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады