Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 24 қазандағы N 86 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5376 болып енгізілді. Күші жойылды - Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен.

      Күші жойылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлiк есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1973 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2519 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1973 тіркелген "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 326 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3485 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 3 ақпандағы N 23 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4286 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы N 50 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4952 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 99 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
       5-тармақтың екінші абзацындағы "кірістері мен шығыстары" деген сөздер "пайдалары мен залалдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
       7-тармақта :
      1850 шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "1880 Секьюритилендірілетін активтер";
       8-тармақта :
      2850 шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      "2880 Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер";
       12-тармақта :
      6180-6880 шоттар тобындағы 6880 деген нөмір 6680 деген нөмірмен ауыстырылсын;
      6200-6700 және 6300-6800 шоттар топтарындағы "және қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша, сондай-ақ" деген сөздер "сатып алу бойынша және" деген сөздермен ауыстырылсын;
       2-тарауда :
      1472 шоттың атындағы "Тәуелсіз" деген сөз және одан әрі мәтін бойынша "тәуелді" деген сөздер тиісінше "қауымдасқан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1752 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "1753 Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістер";
      1879 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "1880 Секьюритилендірілетін активтер";
      1899 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "1899 Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша талаптар";
      2201 шоттың атындағы "Республикалық" деген сөз "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2202 "Жергілікті бюджеттің ақшасы" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      2726 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "2727 Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар";
      2875 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "2880 Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер";
      2899 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "2899 Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер";
      3561 шоттың атындағы "бағалы қағаздардың" деген сөздер "қаржы активтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3580 шоттың атындағы "бөлінбеген таза кіріс" деген сөздер "бөлінбеген таза пайдасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4594 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "4594 Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан іске асырылмаған кіріс";
      4896 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "4896 Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістер";
      5201 шоттың атындағы "Республикалық" деген сөз "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5202 "Жергілікті бюджеттің ақшасы бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      5594 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "5594 Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыс";
      5896 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "5896 Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығыстар";
      6040 шоттың атындағы "/басқа тұлғаға" деген сөздер алынып тасталсын;
      6045 "Рамбурстау бойынша ықтимал талаптар" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6200 шоттар тобының атындағы "және қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша, сондай-ақ" деген сөздер "сатып алу бойынша және" деген сөздермен ауыстырылсын,
      6210 және 6225 шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын:
      "6210 Фьючерс операциялары бойынша шартты талаптар
      6225 Сатып алынған опциондық келісім-шарттар - "колл/пут" бойынша шартты талаптар";
      6226 "Сатып алынған опцион келісім-шарттары – "пут" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6240 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "6240 Проценттік своп";
      6250 "Өзгермелі проценттік своп" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6300 шоттар тобының атындағы "және қаржы фьючерстерін сату бойынша, сондай-ақ" деген сөздер "сату бойынша және" деген сөздермен ауыстырылсын,
      6310 "Қаржы фьючерстерін сату жөніндегі шартты талаптар" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6325 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "6325 Сатылған опциондық операциялар – "колл-пут" – қарсы шот бойынша шартты талаптар";
      6326 "Сатып алынған опцион келісім-шарттары – "колл" – контрсчет" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6350 шоттың атындағы "туынды құралдар" деген сөздер "туынды қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6545 "Рамбурстаушы банктің эмитент банк/басқа тұлға алдындағы ықтимал міндеттемелері" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6700 шоттар тобының атындағы "және қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша, сондай-ақ" деген сөздер "сатып алу бойынша және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6710 және 6725 шоттардың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "6710 Фьючерс операциялары бойынша шартты міндеттемелер
      6725 Сатып алынған опциондық операциялар – "колл-пут" – қарсы шот бойынша шартты міндеттемелер";
      6726 "Сатып алынған "пут" - контрсчет опцион келісім-шарттары" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6740 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "6740 Проценттік своп";
      6750 "Белгіленген проценттік своп" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6800 шоттар тобының атындағы "және қаржы фьючерстерін сату бойынша, сондай-ақ" деген сөздер "сату бойынша және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6810 "Қаржы фьючерстерін сату жөніндегі шартты міндеттемелер" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6825 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "6825 Сатылған опциондық операциялар – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелер";
      6826 "Сатылған опцион келісім-шарттары – "колл" шоттың нөмірі және аты алынып тасталсын;
      6850 шоттың атындағы "туынды құралдар" деген сөздер "туынды қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7303 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      "7320 Секьюритилендірілетін активтер";
      7360 шоттың атындағы "Сақтаудағы акциялар" деген сөздер "Клиенттердің акциялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7363 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "7363 Клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтері";
      мынадай шоттардың:
      "7603 "Бағалы қағаздар";
      "7605 Капиталға инвестициялар
      7606 Материалдық емес активтер
      7607 Негізгі құрал-жабдықтар
      7608 Басқа да активтер
      7609 Дивидендтер" нөмірлері және аттары алынып тасталсын;
       3-тарауда :
      1752 шоттың сипаттамасынан кейін 1753 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1753. Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістер (актив).
      Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын оларды алу кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      1879 шоттың сипаттамасынан кейін 1880 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "1880 Секьюритилендірілетін активтер (актив).
      Шоттың мақсаты: Секьюритилендірілетін активтердің баланста танылатын сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша секьюритилендірілетін активтердің баланста танылатын сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша секьюритилендірілетін активтердің сомаларын оларды өтеу резервтер (провизиялар) есебінен баланстан есептен шығару немесе кері сатып алу кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      1899 шоттың атында және сипаттамасында:
      аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "1899. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша талаптар (актив)";
      сипаттамасындағы "Туынды қаржы құралдармен басқа да операциялар" деген сөздер "Басқа да туынды қаржы құралдармен операциялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2201 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Республикалық" деген сөз "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2202 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      2726 шоттың сипаттамасынан кейін 2727 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2727. Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар (пассив).
      Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын оларды өтеу кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      2875 шоттың сипаттамасынан кейін 2880 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "2880 Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Арнайы қаржы компаниясы алдындағы секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясы алдындағы секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясы алдындағы секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелердің сомаларын оларды өтеу, төлеу және кері сатып алу кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      2891 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Фьючерс операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ қайта бағалау сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операциясын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің оларды төлеу кезінде туындаған сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жүргізіледі.";
      2892 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Форвард операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ қайта бағалау сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша форвард операциясын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің оларды төлеу кезінде туындаған сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жүргізіледі.";
      2893 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Опцион операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ қайта бағалау сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша опцион операциясын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің оларды төлеу кезінде туындаған сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жүргізіледі.";
      2895 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Своп операцияларын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомаларын, сондай-ақ қайта бағалау сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша своп операциясын жүргізу нәтижесінде туындаған міндеттемелердің сомалары, сондай-ақ теріс қайта бағалау сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша міндеттемелердің оларды қарсы әріптеске төлеу немесе жою кезінде туындаған сомаларын, сондай-ақ оң қайта бағалау сомаларын есептен шығару жүргізіледі.";
      2899 шоттың атында және сипаттамасында:
      аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "2899. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер (актив).";
      сипаттамасында:
      бірінші абзацтағы "Туынды қаржы құралдармен басқа да операциялар" деген сөздер "Басқа да туынды қаржы құралдармен операциялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші және үшінші абзацтардағы " туынды қаржы құралдармен басқа да операциялар" деген сөздер "басқа да туынды қаржы құралдармен операциялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3510 шоттың сипаттамасының екінші абзацындағы "таза кірістен" деген сөздер "таза пайдадан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3561 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "бағалы қағаздар" деген сөздер "қаржы активтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3580 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "жұмсалмаған таза кірісі", "жұмсалмаған таза кірісінің" деген сөздер тиісінше "бөлінбеген таза пайдасы", "бөлінбеген таза пайдасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4594 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4594. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан жүзеге асырылмаған кіріс.
      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан алынған, жүзеге асырылмаған кірістің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан алынған, жүзеге асырылмаған кірістің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";
      4896 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4896. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістер.
      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";
      5201 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Республикалық" деген сөз "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5202 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      5305 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "Сатуға" деген сөз "Саудаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5594 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5594. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыс.
      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан келтірілген, іске асырылмаған шығыстың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операцияларды қайта бағалаудан келтірілген, іске асырылмаған шығыстың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";
      5896 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5896. Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығыстар (актив).
      Шоттың мақсаты: Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын N 4999 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.";
      6040 шоттың атында және сипаттамасында:
      "/басқа тұлғаға" деген сөздер алынып тасталсын;
      Сипаттаманың үшінші абзацында "міндеттемелер қабылданған" деген сөздер "міндеттемелерді рамбурстаушы банк орындаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6045 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6210 және 6225 шоттардың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6210. Фьючерс операциялары бойынша шартты талаптар (актив).
      Шоттың мақсаты: Фьючерс операциялары бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша фьючерс операциясы бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операциясы бойынша шартты талаптардың сомаларын осы операция бойынша ашық позицияны жабу кезінде есептен шығару жүргізіледі.
      6225. Сатып алынған опциондық операциялар - "колл/пут" бойынша шартты талаптар (актив).
      Шоттың мақсаты: Сатып алынған опциондық операциялар - "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған опциондық операция - "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған опциондық операция - "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомаларын ашық позицияны жабу және/немесе сатып алынған опционды орындау кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      6226 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6240 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6240. Проценттік своп (актив).
      Шоттың мақсаты: Проценттік своп операциялары бойынша номиналдың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша проценттік своп операциясы бойынша номиналдың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша проценттік своп операциясы бойынша номиналдың сомаларын операцияның мерзімі өткен немесе жабылған кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      6250 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6310 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6325 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6325. Сатылған опциондық операциялар – "колл/пут" – қарсы шот бойынша шартты талаптар (актив).
      Шоттың мақсаты: Сатылған опциондық операциялар – "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сатылған опциондық операция – "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сатылған опциондық операция – "колл/пут" бойынша шартты талаптардың сомаларын ашық позицияны жабу және/немесе сатылған опционды орындау кезінде есептен шығару жазылады.";
      6326 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6350 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "туынды құралдар" деген сөздер "туынды қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6540 шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шоттың мақсаты: Рамбурстаушы банктің орындаушы банк алдындағы ықтимал міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша рамбурстаушы банктің орындаушы банк алдындағы ықтимал міндеттемелерінің сомасы ақшалай өтеу жөніндегі міндеттемелер қабылданған кезде жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша рамбурстаушы банктің орындаушы банк алдындағы ықтимал міндеттемелерінің сомаларын ақшалай өтеу жөніндегі міндеттемені орындау кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      6545 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6710 және 6725 шоттардың аттары және сипаттамалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "6710. Фьючерс операциялары бойынша шартты міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Фьючерс операциялары бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша фьючерс операциясы бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша фьючерс операциясы бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын осы операция бойынша ашық позицияны жабу кезінде есептен шығару жүргізіледі.
      6725. Сатып алынған опциондық операциялар – "колл/пут" – қарсы шот бойынша шартты міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Сатып алынған опциондық операциялар – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған опциондық операция – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған опциондық операция – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын ашық позицияны жабу және/немесе сатып алынған опционды орындау кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      6726 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6740 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6740. Проценттік своп (пассив).
      Шоттың мақсаты: проценттік своп операциялары бойынша номиналдың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша проценттік своп операциясы бойынша номиналдың сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша проценттік своп операциясы бойынша номиналдың сомаларын операцияның мерзімі өткен немесе операция жабылған кезде есептен шығару жазылады.";
      6750 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6810 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6825 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6825. Сатылған опциондық операциялар – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелер (пассив).
      Шоттың мақсаты: Сатылған опциондық операциялар – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сатылған опциондық операция – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша сатылған опциондық операция – "колл/пут" бойынша шартты міндеттемелердің сомаларын ашық позицияны жабу және/немесе сатылған опционды орындау кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      6826 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6850 шоттың атындағы және сипаттамасындағы "туынды құралдар" деген сөздер "туынды қаржы құралдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7303 шоттың сипаттамасынан кейін 7320 шоттың мынадай мазмұндағы атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      "7320 Секьюритилендірілетін активтер.
      Шоттың мақсаты: Танудың тоқтатылуына байланысты баланстан есептен шығарылған секьюритилендірілетін активтердің құнын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша арнайы қаржы компаниясына өткізілген секьюритилендірілетін активтерді баланстан есептен шығару кезінде олардың құны жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша арнайы қаржы компаниясына өткізілген секьюритилендірілетін активтердің сомаларын өтеу немесе кері сатып алу кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      7360 шоттың атында және сипаттамасында:
      аты мынадай редакцияда жазылсын:
      "Клиенттердің акциялары және басқа бағалы қағаздары";
      сипаттамасында:
      бірінші абзацтағы "Банк сақтауға қабылдаған акциялар және басқа бағалы қағаздар" деген сөздер "Клиенттердің акцияларының және басқа бағалы қағаздарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "Сақтауға қабылдаған акциялар және басқа бағалы қағаздар" деген сөздер "Клиенттің акцияларының және басқа бағалы қағаздарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есепшоттың шығысы бойынша клиенттің акцияларының және басқа бағалы қағаздарының нақты құнын оларды қайтару кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      7363 шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7363. Клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтері.
      Шоттың мақсаты: Клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтерінің құнын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша клиенттің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтерінің құны жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетудегі активтерінің құнын оларды эмитенттің өтеуі, клиенттің өткізуі немесе алуы кезінде есептен шығару жүргізіледі.";
      7536 шотының сипаттамасында:
      екінші абзацта "кірісі бойынша" деген сөздер "дебеті бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "шығысы бойынша" деген сөздер "кредиті бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7603 шоттың нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      7605 – 7609 шоттардың нөмірлері, аттары және сипаттамалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны ипотекалық ұйымдарға жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Ә. Сәйденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады