Ақкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 наурыздағы N С 29-5 "Ақкөл ауданын көркейту, санитарлық жағдайын камтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 қарашадағы N С13-2 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 31 желтоқсанда N 1-3-99 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы № С-6-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.06.08 № С-6-5 шешімімен

      Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 3 бабына сәйкес, Ақкөл ауданы әкімдігінің ұсынысы бойынша, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 наурыздағы № С 29-5 «Ақкөл ауданын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-3-49 тіркелген, 2006 жылғы 21 шілдедегі аудандық “Ақкөл өмірі” газетінің 12 – ші, “Знамя Родины KZ” газетінің 17 – ші сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

«7. Елді мекен аумақтарында кіші сәулеттендіру түрлерін орнату және ұстау тәртібі

      48 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын – «Бекеттер, базарлар, саябақтар, демалу аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулықты сақтау мекемелерінде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда, көшелерде, қоғамдық жолаушылар тасымалы көліктерінің аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістеріне қоқыс урналары орнатулары тиіс. Урналар адамдардың көп жиналатын жерлерінде ара қашықтығы 50 метрден кем емес, ал аулалар, саябақтар, алаңдар мен басқа да аумақтарда ара қашықтығы 10 метрден 100 метрге дейінгі қашықтықта орнатылуы қажет.
      Қалалық жолаушылар тасымалы көліктерінің аялдамалары мен сауда объектілерінің кіреберістерінде екі урнадан орнату қажет.
      Урналарды жуу ластануына байланысты, бірақ аптасына бір реттен кем емес уақытта жүргізілуі тиіс.
      Бір үлгідегі урналар орнатылуы қажет».

12-1. Ғимараттар мен құрылғылардың фасадтарын ұстау

      95-1. Басқаруында ғимараттар мен құрылғылары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылғылардың иелері және басқа да кондоминиумға қатысушылар аталған объектілердің фасадтары мен олардың жеке бөліктерін  қайта ретке келтіру, жөндеу және сырлау бойынша жұмыстарды уақытылы орындауды, сондай-ақ фасадтарда орнатылған ақпарат таблицалары мен естелік тақталарды таза және дұрыс жағдайда ұстауды қамтамасыз етулері қажет. Фасадтары қала көшелеріне шығатын дүкендер мен кеңсе көрмелері жарықпен безендірілуі тиіс.
      95-2. Өз еркімен ғимарат фасадтары мен конструкциялық элементтерін қайта жабдықтауға рұқсат етілмейді.
      95-3. Шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару құқығындағы ғимараттар, құрылыстар және құрылғылары және басқа да жылжымайтын объектілері бар бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар жұмыстарын қала құрылысы мен жобалық құжаттамаға, қала құрылысы нормативтары мен ережелеріне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа да арнайы нормаларына, оның ішінде оларға тиесілі ғимараттар мен құрылғылар фасадтарының жөндеу мен қайта ретке келтіруді өз немесе сырттан тартылған құралдар есебінен өткізу бойынша жүргізулері қажет;
      95-4. Бірнеше жеке немесе заңды тұлғаның, заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару құқығында тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттарында жеке тұрғын емес бөлмелері бар жеке меншік иелері, аталған ғимараттарын жөндеу мен қайта ретке келтіру шараларында ие болып отырған аудандарына пропорционалды үлестік қатынасуға тиісті. Ғимарат немесе құрылғы фасадын тегіс жөндеу мен қайта ретке келтіруді өткізу кезінде үлестік қатынаста болған тұлғалар осы мақсаттарға ие болып отырған аудандарына пропорционалды көлемінде жұмсалған қаражаттарын біріктіре алады;
      95-5.Сәулет, тарихи немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен құрылғылардың фасадтарын жөндеу, қайта ретке келтіру және қайта жаңарту Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен белгіленген нормативтар мен ережелерге сәйкес, Ақмола облысының мәдениет Басқармасы және сәулет және қала құрылысы Басқармаларымен келісу бойынша қорғау міндеттемелерінің негізінде жүзеге асырылады;
      95-6. Келесіге рұқсат етілмейді:
      1) алдын ала сәулет бөлшектерін қалпына келтірместен, ғимараттар мен құрылғылардың фасадтарын сырлауға;
      2) табиғи немесе жасанды таспен кескінделген фасадтарды сырлауға».
      2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 20 наурыздағы № С 29-5 «Ақкөл ауданын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-3-49 тіркелген, 2006 жылғы 21 шілдедегі аудандық “Ақкөл өмірі” газетінің 12 – ші, “Знамя Родины KZ” газетінің 17 – ші сандарында жарияланған) шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      3. Осы шешім Ақкөл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми  жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Д.Салыбекова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ю.Ужакин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                                А.С.Үйсімбаев

      Сәулет және қала құрылысы
      бөлімінің бастығы                          И.И.Карпова

Ақкөл аудандық мәслихаттың
2008 жылғы № С 13–2 шешіміне
1–қосымша

Ақкөл ауданын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар

      1. Аумақтарды көркейту – қала аумақтарындағы адамдар өміршеңдігін жайлы, қолайлы қамтамасыз ететін жұмыстар мен элементтер кешені.
      2. Инженерлік желілер мен құрылғылар – қала тұрғындары мен кәсіпорындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай – ақ, елді мекен аумақтарынан жер беті суын жинау мен бұру үшін бағытталған, қаланың инженерлік көркейтуінің маңызды элементтері.
      3. Жасыл желектер – санитарлық – гигиеналық экологиялық шарттарды және көркейту мен сәулет ландшафтты ресімдеу (көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарлар, ағаштар, бұталар) деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін, елді мекеннің жобалау шешімінің элементі.
      4. Жер жұмыстары – аумақтарды қазу, үйінділерді жию, қайта жабу, қазаншұңқырларды өңдеуге байланысты жұмыстар.
      5. Жер пайдаланушы – елді мекен ішіндегі жер учаскелерін пайдаланатын, мақсаттары мен меншік түріне қарамастан, заңды немесе жеке тұлға (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жалдаушылар, пәтер иелерінің кооперативтері және басқалар).
      6. Үй иесі – жеке меншігіндегі үй құрылысы бар заңды немесе жеке тұлға.
      7. Бөлінген аумақ – жер пайдаланушыға меншікке берілген, жер учаскесі немесе оған қатысты нысандарды орналастыру үшін өкілетті органның шешіміне сай пайдалану (ғимараттар, құрылғылар, көлік магистралдары және басқалар).
      8. Бекітілген аумақ – заңды немесе жеке тұлғаға бөлінген аумақтар жетегіндегі, олармен пайдаланылатын, күту және қызмет көрсету үшін өкілетті органмен тіркелген жер учаскесі.
      Елді мекен ішінде бекітілген аумақтар:
      - елді мекен көшелерінің аумақтары (жаяусоқпақтар, шөп шығатын алаңдар және басқа да көркейту элементтері);
      - кондоминиумдарға және басқаларға бөлінген пәтер иелерінің кооперативтері, аула ішіндегі аумақтар әрбір аулада бөлінген аумақтар шекараларына тепе – тең немесе тараптардың келісімі бойынша бекітілген бірнеше жер пайдаланушының болуы;
      - бөлінген аумақтың периметрі бойынша 10 метр қашықтықтағы аумақ, ал көше жақтан көшелердің қызыл сызығынан аспау қажет.
      9. Көше, жолдың жүретін бөліктері, жаяусоқпақтар, жасыл желектер, аялдамалар, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан елді мекен аумақтары.
      10. Қоғамдық орындар – жалпы пайдаланудағы демалыс аумақтары, саяжайлар, саябақтар, алаңдар, жағажайлар және басқа да нысандар.
      11. Салынып бітпеген аумақ – негізгі жобалау нормасын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрі жоқ аумақ.

2. Жалпы ережелер

      12. Осы Ережелердің мақсаты қала аумақтарындағы адамдар өміршендігін жайлы, қолайлы қамтамасыз ететін, Ақкөл қаласындағы көркейту тәртібін анытау, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жер жұмыстарын жүргізу және жасыл желектерді қорғау болып табылады.
      13. Үнемі тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйымдардың, тұрғындар бөлінген және бекітілген аумақтар мен жасыл желектерді күтуге қатысуға міндетті болып саналсын.
      14. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, жеке меншік үй иелері сәулет және санитарлық нормаға сай, бөлінген және бекітілген аумақтар шекарасын өз есебін ұстауға міндетті:
      тұрғын, мәдени – тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіптік және сауда ғимараттары, вокзалдар, стадиондар мен басқа да олардың аумақтарының маңындағы нысандар; көшелер, алаңдар, өтетін жолдар, аула аумақтары, жаяусоқпақтар, жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыратын орындар, базарлар мен базар алаңдары, маңындағы аумақтар мен елді – мекен зираттары, автокөлік тұрақтары; қоршаулар, шарбақтар, көк шөп шығатын алаңдар қоршаулары, жарнаманың және жарнама қондырғыларының барлық түрі, ғимараттар мен ескерткіштерді декоративтік жарықтандыру бойынша қондырғылар, көшені жарықтандыру шамдары, маңдайшадағы жазулар, сөрелер, тірек бағандар, көшедегі мағаттар, ескерткіш тақталар, көше атауларының көрсеткіштері, үйлердің нөмір белгілері, бақты – саябақ отырғыштары, урналар, арбалар, науалар, жолаушылар көлігінің аялдамаларындағы отырғызатын алаңдар мен павильондар; жол желілері, су құбырлары, трансформаторлық қондырғылар, көшелер мен алаңдардың жол төсемдері, көше қозғалыстарын реттеу белгілері,  телефон будкалары, радиостанциялық қондырғылар, антенналар, телефон байланыстарының будка - постылары және метеорологиялық қызметтер, диспетчерлік, қызметтердің сөйлесетін қондырғылары және басқа да гидротехникалық, инженерлік - техникалық және санитарлық құрылғылар; бөлінген және бекітілген аула аумақтары: оларды жүйелері көркейту, жөндеу, жинау, сыпыру, жуу, қарды шығару және құм шашу, су ағар мен кәріздерді тазарту, қоқыс пен жапырақтарды жағуға жол бермеу;
      «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы  15 шілдедегі Заңына сай жасыл желектерді сақтау, себебі жасыл желектер олардың ведомстволық қатыстылығына қарамастан, жұмсалмайтын қор құрады және заңмен қатаң қорғалады; толық кешенді агротехникалық іс-шаралар өткізу: суару, шырпу, діндері ағарту, тамырына жақын өскіндерді жұлу, тыңайтқыштар салу, діңнің айналасын қопсыту, уытсыздындыру мен жараларын жабу, қуысын бітеу, көк шөп шығатын алаңдар шөбін шабу;
      Зиянкестер мен арамшөптерді (арамсояу, амброзия, сора және басқа) жою жөнінде өз күштерімен немесе арнайы қызметтермен шарт бойынша жүйелі жұмыстар атқару; жыл сайын сәуір – маусым айларында елді – мекен аумақтарын көркейту және санитарлық тазарту бойынша айлық өткізу; елді – мекен аумақтарын көркейту, көгалдандыру бойынша байқау – конкурстар өткізу; жер асты коммуникацияларының иелері дер кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін бұзылған көркейтуді қалпына келтіру;

3. Елді - мекен аумақтарын жинау тәртібі

      15. Кәсіпорындар (барлық меншік түріндегі), кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, үй  - жайлар иелері немесе жалдаушы жеке тұлғалар, азаматтар бөлінген және бекітілген аумақтарды жинайды және қоқысты өздері шығарады немесе штатта аула сыпырушыны ұстайды немесе бұл жұмыстарды арнайы кәсіпорындармен шарт негізінде орындайды.
      Бөлінген және бекітілген аумақтарды жинаудан басқа, суару мен көшелерді алаңдарды және басқа да аумақтарды жинаудан басқа да аумақтарды жууды орындауы керек.
      16. Жетілдірген төсемі бар, көшелер мен алаңдардың жүретін бөліктерін механикалық жинау жоспарлы түрде таңғы 4-тен 6-ға дейін және қажет болған жағдайда күн ағымында қайта жиналады.
      Түнгі уақытта жинау кезінде (кезеңге қарамастан) шуды ескертетін шаралар қолдану керек.
      Көшелер, жаяусоқпақтар, алаңдардың жүретін бөліктерін жуу жоспарлы түрде, бірақ аптасына екі реттен кем емес механикалық қызметтермен сағат 24-тен таңғы 6-ға дейін жүргізіледі.
      Шаңдануы көп болатын көшелерді суару күнделікті екі реттен кем емес жүргізіледі, соның ішінде күндіз бір реттен аз емес.
      17. Көшелердің жол төсемін, маңайдағы көк шөп шығатын алаңдарын, жаяусоқпақтарын, еңісін, қоғамдық көлік қозғалыстарының қиылыстары «қызыл сызық» шекарасында, автобус аялдамаларының қалташалары мен отырғызу алаңдарды, автожол көпірлерін, жол желілерін, саябақтар, саяжолдар, бульварлар, зираттар аумақтарын жинау аудан бюджетінің қаржысы есебінен жүргізіледі.
      18. Теміржол жолы мен көпірлер, еністер, үйінділер, өткелдер, жол арқылы өтетін жер, рельстер шетінен 10 метр ендіктегі аумақтар осы құрылғыларды пайдаланатын, теміржол ұйымдарының күшімен және қаржысымен жиналады.
      19. Автобекеттерді, көлік шаруашылығының диспетчерлік пунктерін, диспетчерлік қызметтерімен сөйлесу құрылғыларын және оларға бекітілген аумақтарды жинау мен ұстау олардың теңгерімінде болып табылатын, көлік шаруашылығының ведомствосымен жүзеге асырылады.
      20. Халыққа қызмет көрсететін, сауда нүктелері бар жеке тұлғалар және басқа пункттер, сондай – ақ осы үй – жайларды жалдаушылар күні бойы тазалық сақтауы керек және жұмыс аяқталғаннан кейін 10 метр радиусты қоқыс пен батпақтан тазартулары қажет.
      Ұсақ бөлшек сауда сататын дүңгіршіктер, палаткалар, павильондар, мен дүкендер маңына босаған ыдыстар мен тауарлар қорын үюге, сондай – ақ бекітілген аумақтарға үюге тыйым салынады.
      21. Қоғамдық дәретханалар мен тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын тиісті жағдайда ұстау шарт негізінде, меншік субъектілерімен аудан бюджетінің қаржысы есебінен жүргізіледі.
      22. Маңындағы базар алаңдарымен базар аумағын жинау, қалдықтар жинайтынды тазарту және оларды тиісті ұстауды базардың меншік иесі жүргізеді. Базарлар аумақтарының (соның ішінде шаруашылық, базар алаңдары) қатты төсемдері (асфальт, плитка, булыжник және басқа) болу керек.
      Жылдың жылы кезінде міндетті түрде сыпырудан басқа, базар аумақтарын жуу жүргізіледі.
      23. Көркейтудің орындалған жобаларына сай, жағажайлар, демалыс аймақтары, көпшілік қыдыратын жерлер аумақтарында:
      1) 75 келушіге бір орын есебімен қоғамдық дәретханалар;
      2) ара қашықтары 40 метрден аспайтын урналар;
      3) 3500 – 4000 шаршы метр алаңға бір контейнер есебінен қалдықтар жинағыш; киім шешетін орын, гардероб болу керек;
      24. Жағажайлар, демалыс аймақтары мен көпшілік қыдыратын орындар аумақтарын жинау, сондай - ақ күнделікті таза құм немесе ұсақ тас себу, жиналған қалдықтарды алып, құмның үстіңгі қабатын механикалық қопсыту осы аумақтар бекітілген ұйымдармен белгіленген заң тәртібінде жүргізіледі.
      25. Жағажайлардағы, саябақтар, саябаулар, демалыс аумақтары мен көпшілік қыдыратын орындардағы сауда нүктелерін жинау, міндетті түрде қоқысты шығару, күн ағымында сауда сатқан мекемемен жүргізіледі.Демалу  және қыдыру орындарында орналасқан сауда орындарында қоқыс шығару сауда жасайтын кәсіпорындарымен орындалады.
      26. Стадиондар, спорт алаңдарын ұстау және жинау теңгерімінде ұсталатын техникалық персоналдарымен жүзеге асырылады.
      27. Кооперативтік гараждың, саяжайлардың, жасыл желектермен бау – бақша қоғамдарының бөлінген және бекітілген, радиусы 10 метр аумақтарын ұстау мен жинау меншік иелерімен немесе осы кооперативтердің қоғамдық ұйымдарымен және қоғамдармен атқарылады.
      28. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар ауласының ішінде темір гараждар мен жерқоймалар орнатуға тыйым салынады. Өз еркімен орнатылған гараждар мен жерқоймалар бұзылады.
      29. Зираттар аумақтары қоршалған болу керек, өтетін жолдарда қатты жамылғылар болу керек.

4. Қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару тәртібі

      30. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, балалардың оқу, емделу мекемелерінен, мәдени кәсіпорындардан, қоғамдық ұйымдардан тұрмыстық қалдықтарды шығару арнайы кәсіпорындарымен шарт бойынша жүргізіледі.
      31. Қоқыс және қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орнату үй иелерімен, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшыларымен, жеке тұлғалармен шарт бойынша, баланстарында контейнерлер бар арнайы кәсіпорындарымен жүзеге асырылады.
      32. Контейнерлер орнататын алаңдардың су өткізбейтін қатты жабуы және кіретін жолдары болуы керек, сәулет және қала құрылыстары бөлімімен, мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен келісім бойынша құрылыстардан 20 метр қашықтықта, бірақ 100 метрден артпауы керек және үй иелерімен және басқа да жер пайдаланушылармен ұсталады.
      33. Елді – мекенде тұрмыстық – қатты қалдықтарды жинау мен төгудің оларды белгіленген кезеңмен тапсырыссыз қалдықтар жинайтын нысандар аумақтарынан шығарудың жүйелілігі орнатылған.
      1) тұрғын үйлер кеңістіктері үшін – үй иелерімен бекітілген кестеге сай, контейнерлерде қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтардың үйіліп қалуын болдырмау;
      2) қоғамдық және мәдени бағыттағы нысандар үшін – қажет болған жағдайда, бір аптасына 2 реттен аз емес;
      3) ірі көлемдегі тұрмыстық қатты шығару тапсырыс бойынша жүзеге асырылуы керек;
      34. Арнайы кәсіпорындармен қызмет көрсетуге қамтылған жеке тұлғалар. Кәсіпорындармен қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруды арнайы жабдықталған көлік құралдары бар болған жағдайда, өз күшімен және қаражатымен орындайды. Қалалық қоқыс төгетін орынға қоқыс шығару ісі тиісті құжаттармен расталуы керек.
      35. Ауылдық елді мекендерде кәсіпорындар мен ауылшаруашылық құрылымдар өлген малды қорымға жинап, оның маңайын қоршап, балшық үйіп, ұдайы тазалығын сақтауға міндетті:
      1) Малдың қыйын арнайы жерге үйгізіп, оның маңайына балшық үйіп көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
      2) Қоқыс төгетін алаңдардың маңайына балшық үйіп, қоқысты бір жерге үйіп, алаң маңайын көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге міндетті.

5. Қыс жағдайында аумақтарды жинау және ұстау

      36. Қарашадан сәуірге дейінгі аралығындағы кезеңде елді мекен аумақтарын жинау, қоқыс, қар, мұз, балшық және құм шығару қажет болған жағдайда жекеменшік субъектілерімен күні бойы жүргізілуі керек. Жүріс және өтетін жерлерге бөгет жасау және өсімдіктер өсетін жерлерге қар және мұз салуға тыйым салынады.
      37. Төбелердегі қарды тазарту және төбелердегі, жиектер мен су ағатын құбырлардағы бұлтықтарды алу, жүргіншілердің бақытсыз жағдайға душар болуына жол бермейтін және ауа желілері, шырақтар, жасыл желектерге нұқсан келтірмеу шараларын міндетті түрде сақтап, ғимаратттар мен құрылыстар иелері мен жалдаушылар күшімен және қаржысымен жүйелі түрде жүргізілуі керек.
      38. Көшелер, алаңдар, көпірлер мен жолжелілерінің жүретін бөліктерін, жол қиылыстары, өрлеу әне еңістер, жаяусоқпақтар, жүргіншілер өткелдерін, баспалдақтарды механикалық тазарту және құм себу жоспарлы түрде арнайы кәсіпорындармен аудан бюджетінің есебінен жүргізіледі.
      39. Меншік түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалар жаяусоқпақтар, өткелдер, алаңдар, бөлінген және бекітілген аумақтарда орналасқан, басқа да адамдар көп жиналатын жерлер мен өткелдерді механикалық жинау құм себуге арнайы кәсіпорындармен шарт жасауы мүмкін немесе осы жұмыстарды өз күшімен атқарады.
      40. Жер пайдаланушылар бөлінген және бекітілген аумақтарда тайғаққа қарсы іс-шаралар қарастыруға міндетті.
      41. Қардан қала көшелерін тазартуға кедергі келтіретін, қала көшелерінде бей - берекет автокөліктер қоюға тыйым салынады.

6. Көшелер, жолдар, жол құрылғыларын пайдалану тәртібі және оларды ұстау мен қорғау тәртібі.

      42. Көшелер мен жолдар олардың құрамына кіретін барлық құрылғылар мемлекет меншігі болып табылады және қолдануға бағытталған. Көшелерді, жолдарды және құрылғыларын пайдалану, оларды ұстау мен қорғау тәртібі жол қозғалысы Ережелерінің талаптарына сай қабылданған, осы Ережелерді сақтаумен жүзеге асырылуы қажет.
      43. Инженерлік құрылғылармен көшелерді, жолдарды пайдаланушылардың барлығының міндеті көлік қозғалысының үзіліссіздігін қамтамасыз ету болып табылады, тыйым салынады:
      1) көшелер, жолдар мен жол құрылғыларына жол қозғалысын реттейтін белгілер, құралдар, жасыл желектер мен басқа жол құрылымдарына нұқсан келтіруге;
      2) көшелер мен жолдарды қандай – да бір заттармен, құрылыс материалдарымен, машиналармен қоршап немесе үйіп тастауға;
      3) белгіленген шекаралдардан артық жұмыстар орындауға;
      4) жерді және ағаштарды, бұталарды, көк шөп шығатын алаңдарды, құдықтар люктерін, су ағатын торларды, науалар мен қыраттарды, су өткізетін құбырлар мен дренаждарды құрылыс материалдарымен жабуға;
      5) көшелер мен жолдардың өтетін бөлігіне кәріздік, өндірістік және іркілген суларды ағызуға;
      6) жол төсемдерін бұзуға байланысты жұмыстарды келісімсіз жүргізуге;
      7) жолдардың жүру бөлігіне лас шығаратын көлік құралдарын шығаруға;
      8) МемСТ белгіленген немесе тыйым салынатын белгілерде көрсетілген, жалпы габариты, білікке салмағы мен жүк салмағы нормадан артатын көлік құралдарының көшелер мен жолдардан өтуіне;
      9) Көшелер мен жолдарды белгіленбеген орындары арқылы және жиек тастар арқылы өтуге, көлік құралдары мен басқа техникалардың кіруіне және шығуына;
      10) жаяусоқпақтарда, жүргіншілер жолдарында, бөлік жолақтарында, көк шөп шығатын алаңдарда, тұрғын үйлер, дүкендер, дәріханалар, базарлар, қызметтік ғимараттар, жалпы қолдану орындарына көлік құралдарын қоюға;
      11) көшелер мен жолдарды ластайтын, тиісті орауы жоқ төгілетін және басқа да жүктерді тасымалдауға;
      12) қысқы уақытта қызыл судан өтетін бөлігін тазарту  үшін айрықша жағдайдан басқа, шынжыр табанды техниканың өтуіне.
      44) Елді мекен көшелері мен жолдарының жабуын ұстауды қадағалау теңгерімде ұстаушымен және аудандық ішкі істер басқармасы жол полициясы бөлімімен үнемі қадағалау және жүйелі тексеру арқылы жүзеге асырылады, мақсаты:
      1) елді мекендік көліктер мен жүргіншілердің тәулік бойы үзіліссіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету;
      2) жол жабуларын ерте тозу мен бұзылудан сақтау;
      3) қалалық көлікті дамыту талаптарына сай, қала жолдарының жағдайын жүйелі жақсарту;
      4) жол жабуларының қалыпты жағдайынан  оларды жою үшін дер кезінде ақаулар мен бүлінуді анықтау, жекелеген жағдайларда (жолдың жүретін бөлігінің құлаулы, көк тайғақ, апат жағдайында көшелер мен жолдардың бүлінуі) қозғалыстың қалыпты жағдайларын қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін көшелердің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалыстарын шектеу мен тыйым салу.

7. Елді мекен аумақтарында кіші сәулеттендіру түрлерін орнату мен ұстау тәртібі

      45. Сыртқы көркейтудің элементтері, соның ішінде ғимараттардың қас бетін жөндеу қала және елді мекен аумақтарының құрылыс тәртібін анықтайтын Ережелерге сәйкес орындалуы керек.
      46. Қоршаулар, қорғандар, дүңгіршіктер, дүкеншілер, шатырлар, павильондар, урналар, баубақ  - саябақ отырғыштары, жарнама стендтері, маңдайшадағы көркемдеулер, әр түрлі көрнекі және басқа құрылғыларды орнату сәулет және қала құрылысы бөлімімен келіскеннен кейін ғана салу мен орнатуға жол беріледі.
      47. Сыртқы көркейтуден барлық элементтері дұрыс жағдайда ұсталып, жылына бір реттен кем емес жаңартылуы керек.
      48. Бекеттер, базарлар, саябақтар, демалу аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулықты сақтау мекемелерінде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда, көшелерде, қоғамдық жолаушылар тасымалы көліктерінің аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістеріне қоқыс урналары орнатулары тиіс. Урналар адамдардың көп жиналатын жерлерінде ара қашықтығы 50 метрден кем емес, ал аулалар, саябақтар, алаңдар мен басқа да аумақтарда ара қашықтығы 10 метрден 100 метрге дейінгі қашықтықта орнатылуы қажет.
      Қалалық жолаушылар тасымалы көліктерінің аялдамалары мен сауда объектілерінің кіреберістерінде екі урнадан орнату қажет.
      Урналарды жуу ластануына байланысты, бірақ аптасына бір реттен кем емес уақытта жүргізілуі тиіс.
      Бір үлгідегі урналар орнатылуы қажет.
      49. 2/4 көлемге урналардың толуына жол беріледі. Урналарды таза және  дұрыс ұстау мен орнату, олардың сақталуына бөлінген және бекітілген аумақтардағы жер пайдаланушылар, жалпы пайдаланатын жерлерде осы учаскелерді шарттық жағдайлармен елді- мекен есебінен жинайтын кәсіпорындар жүзеге асырады.
      50. Тұрғын, қызметтік, өндірістік және басқалай ғимараттардың иелері екі тілде кәсіпорын атауы бар маңдайшалардың болуына жауап береді және оларды дұрыс ұстауға міндетті.
      51. Жарнама қондырғылары, маңдайшадағы жазулар және басқалай көрнекілік қондырғылар иелерімен әдемі, жалпы стильде, қажетті мөлшердегі ақпараттары бар болып орындалуы керек.

8. Жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа да нысандарды бұзуға байланысты

      52. Заңды және жеке тұлғалар қала аумақтарында жол жабуларын, жаяусоқпақтарды, көк шөп шығатын алаңдар мен басқа нысандарды, қалалық шаруашылық элементтерін бұзуға байланысты, жер жұмыстарын, немесе басқадай жұмыстарды өкілетті органмен берілген, жазбаша рұқсат берілген кезде ғана жүргізіледі.
      53. Қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді талап ететін, инженерлік жүйелерде апат болған кезде, жол жабуларын ашуды, көшелер алаңдарды және басқа да жалпы пайдаланудағы орындарды қазуға келісу беретін, ұйымдар өкілдерін сол орынға шақыру керек. Жұмыстар жүргізуге сол орында рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жұмыстар жүргізуге рұқсат етіледі. Апаттық жұмыстарды жүргізу орнында қандай да бір үйілген немесе қандай да бір мүлкі бар меншік түріне қарамастан, заңды және жеке тұлғалар осы учаскені бірінші талап бойынша тез арада өз күшімен босатуға міндетті.
      Тез арада апатты қажет ететін, елді мекеннің өміршеңдігін қамтамасыз ететін елді мекеннің маңызды нысандары үшін ерекше жағдайда, келісім беретін, ұйымдар өкілдерінің қатысуымен рұқсат беруді ордер) ресімдеусіз, одан әрі 24 сағат ішінде жұмыстарды жүргізуге рұқсат беруді ресімдеп, апатты жоюға кірісуге жол беріледі.
      54. Инженерлік желілер, жолдар, жаяусоқпақтар құрылысын немесе қайта құру бойынша жұмыстарды жоспарлаған барлық заңды және жеке тұлғалар, жоспарланған жылдың алдында келетін 15 қарашасына дейін және екінші рет жоспарланған жылдың 1 наурызында қажетті сызбалар қосымшасымен жұмыстарды орындауға белгіленген мерзімді көрсетіп өкілетті органға тапсырыс беруге міндетті.
      Тапсырыс бермеген ұйымдарға жер жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
      55. Көшелер, алаңдар және басқа да жалпы пайдаланудағы орындар құрылысы бойынша жұмыстармен жер асты инженерлік желілер төсеу жөніндегі жұмыстар жүргізу уақытын байланыстыру үшін және салынған жылы асфальт, бетонды жабуды қопаруды болдырмауға және салынғаннан кейін 5 жыл ішінде, осы жұмыстарды белгілеген елді – мекен ұйымдары ағымдағы жылдың алдында келетін жылдың 1 наурызынан кеш емес сәулет бөліміне, трассалар және мекен – жай тізімдерін қоса жұмыстарды орындау белгіленген мерзімін көрсетіп тапсырыс беруге міндетті.
      56. Көлік қозғалыстарын шектеуге немесе жабуға байланысты жағдайда көшелерде жұмыстар жүргізу кезінде, тапсырыс беруші автокөлік қозғалысын жабуға қалалық әкімдікпен тиісті өкім рәсімдейді, ал қоғамдық көлік қозғалыстарының бағытын өзгертуге қажет болған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елді – мекен тұрғындарын хабардар етеді.
      57. Елді – мекендік шаруашылық нысандары, элементтері ордерде көрсетілген жұмыс мерзімінің соңында тиісті жағдайға келтірілуі керек. Мерзімі өтіп кеткен ордер бойынша жұмыстар жасау өз еркімен қазу болып саналады. Ордерді ұзарту осы Ережелерді бұзушы кінәлілер жауапқа тартылғаннан кейін жүзеге асырылады.
      58. Инженерлік жүйелер мен құрылғылардың зақымдануын ескерту және байқауға қажетті шаралар қабылдау үшін жұмыс жасаушы бір тәуліктен кеш емес, жұмысты бастағанға дейін сол орынға мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыруға міндетті. Солармен бірлесе отырып, қолда бар жүйелер мен құрылғылардың нақты орналасқан жерін анықтайды және олардың толық сақталуына шаралар қабылдайды.
      59. Жұмыстарды жүргізуші жұмысты бастағанға дейін келесідегілерді орындауға міндетті:
      1) құрылыс алаңдары барлық өлшемдер бойынша ескертетін белгілермен бекітілген үлгімен қатты қоршаулармен қоршауы керек, өтіп жатқан көліктен кешенді ластамау үшін қолайлы болуы керек;
      2) ереже бойынша өтетін жолдар қосымша көшелерге шығып және шлагбауммен жабдықталуы керек. Қоршауларда өтетін жолдар аз мөлшерде болуы керек;
      3) құрылыс ұйымдары үшін құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде балшықтан күнделікті тазарту үшін салынып жатқан нысанның осы және басқа жағында ұзындығы 600 метр негізгі магистраль жолдың учаскесі бекітіліп беріледі;
      4) жүргіншілер жүретін орындарды  бір бірінен 200 метрден аспайтын қашықтықта жүргіншілер көпірі орнатылады және түнгі уақытта құрылыс немесе күрделі жөндеу учаскесін жарықпен қамтамасыз ету;
      5) жұмыс аймағында жасыл желектер бар болса. Оларды қалқандармен қоршау, олардың сақталуына кепілдік беру;
      6) өтетін жолдар немесе жүргіншілер қозғалысының жүйелерін жабу қажеттілігі кезінде айналма жолдар дайындау және айналма жолды тиісті белгілермен айқын белгілеу;
      60. Жұмыстарды жүргізу қолданыстағы нормалар мен ережелерде, сондай – ақ ордерде көрсетілген шарттарға сай жүргізіледі.
      61. Жолдың алынған асфальты мен топырағы, қайта салуға жарамсыз болғандықтан, жұмыс үрдісіне шығарылады. Жиектер мен жаяусоқпақ тастары бөлшектелінеді, үйіледі және сақтау мен қайта пайдалану үшін акт бойынша өткізіледі. Жасыл желектерге, су ағатын торларға, науаларға және т.б. топырақ пен құрылыс материалдарын үюге тыйым салынады.
      62. Жер асты жүйелер мен құрылғыларға, сыртқы көркейту элементтерін бұзғаны үшін ордер алған ұйым жауап береді. Зақым келтірудің әрбір жағдайында мүдделі ұйымдар өкілдерінің қатысуымен зақым келу себебі, кінәлі адам, зақым келуді жою бойынша шаралар, қалпына келтіру құнының мерзімдері көрсетілген, акт жасалады.
      Зақым келуді жою бойынша мерзімі мен техникалық шарттарды сақтамаса, кінәлі адамдар барлық қалпына келтіру құнын өтейді. Жабулар мен көркейту элементтерін бұзуды қалпына келтіру топырақпен қайта жабу жұмыстарын аяқтағаннан кейін екі тәуліктен кеш емес басталуы керек. Қалпына келтіру жұмыстарының сапасына ордер алған ұйым жауап береді.
      63. Қала бюджеті есебінен бұзылған және зақымдалған қалалық шаруашылық нысандарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілген жағдайда барлық шығындар ордер алушы – ұйым есебінен өтеледі.
      64. Жұмыстар жүргізу мерзімі қолданыстағы құрылыс ұзақтығының нормасына сай күнтізбелік кесте негізінде белгіленеді. Екі айдан астам жұмыс уақытымен құрылыс кешенінің аяқталуына байланысты учаскелеріне ордер беріледі.
      65. Жол төсемдері, жаяусоқпақтар мен алаңдар орнатылғаннан немесе күрделі жөндеуден кейін бес жыл ішінде жол жабуларының бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізуге тыйым салынады, қала әкімінің рұқсаты бойынша ерекше жағдайдан басқа.
      66. Өкілетті орган қазылған жерлердің жабуын қалпына келтіруге жұмыстарды қабылдағаннан кейін ғана рұқсат беріледі, қалпына келтіру жұмыстарының сапасына, жабулардың шегуіне және сынының бұзылуына осы жерді қазған ұйым жауап береді.
      67. Жұмыстарды орындау шарттарын бұзған жағдайда, қалпына келтіру сапасыз немесе қалпына келтіру мерзімдері бұзылса, өкілетті органның басталған жұмыстарды тоқтатуға, жіберілген бұзушылықты жоюды талап етуге, келтірілген зиян шығынын өндіртіп алуға, кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға шаралар қолдануға құқылы.
      68. Қалпына келтіру жұмыстарын орындаудың сапасы өкілетті органмен қабылданады.
      69. Жол жабуларын қопару және көшелер, алаңдар мен жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар мен кәсіпорындар жұмыс жүргізетін орындарға ақпарат қалқандарын орнатуы керек.

9. Жасыл желектерді ұстау мен қорғау тәртібі

      70. Жасыл желектер жалпы халықтық игілік, маңызды сауықтыру факторы және қаланың әшекейі болып табылады. Оларды  қорғау мен сақтауға - әрбір заңды және жеке тұлға міндетті.
      71. Жасыл желектерді ағымдағы ұстау, қорғау мен өсіру жер пайдаланушылар иелеріне, аумақтар бекітілген заңды және тұлғаларға жүктеледі:
      1) тұрғын шағын аудандардағы, тұрғын үйлер алдындағы көшелердегі құрылыстардан жаяусоқпақ сызығына дейін пәтерлер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үй қорының иелеріне;
      2) жалпы пайдаланудағы нысандарда (саябақтар, саяжолдар, саябаулар және т.б.) және жаяусоқпақ сызығына дейінгі көшелер бойы аудан бюджетінің есебінен шарт негізінде жұмыстар атқаратын кәсіпорындарға;
      3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен басқа да әртүрлі меншік түріндегі нысандар, сондай – ақ оларға бекітілген аумақтар мен санитарлық қорғау аумақтары кәсіпорындар басшыларына және осы нысандар иелеріне;
      4) жұмысты бастаған күннен бастап, құрылысқа бөлінген аумақтарда тапсырыс беруші немесе оның сенімімен бас мердігер- құрылыс ұйымына.
      72. Құрылыс салатын жерлерге жататын жасыл желектердің кесуі мен көшіріп отырғызуына, жер асты коммуникациялар мен инженерлік жүйелердің салуына, аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы кесімімен және өкілетті органмен бекітілген жасыл желектерді кесу жөніндегі акті болған жағдайда жол беріледі.
      Жасыл желектердің көшіріп отырғызуға жарамдылығын немесе кесуді комиссия анықтайды.
      73. Еріксіз жоюға түсетін жасыл желектерді бағалау, осы жұмыстар түріне лицензиясы бар заңды тұлға орындайды.
      74. Құрылыс және жөндеу жүргізетін, кәсіпорындар мен ұйымдар құрылыс жасайтын жердегі жасыл желектерді, көк шөп шығатын алаңдарды еріксіз жойған жағдайда, төлем сметасында оларды қалпына келтіру құнын, ал көшіріп отырғызған жағдайда жасыл желектерді көшіріп отырғызу жұмыстарының қосымша құнын қарастыру керек.
      75. Жасыл желектерді өз еркімен кескен, кінәлі адамдар қолданылып жүрген заңнама бойынша жауап береді.
      76. Жұмыстар жүргізу кезінде заңды және жеке тұлғалар міндетті:
      1) зақымданған жасыл желектерді қоршау;
      2) елді мекен жолдарын, жаяусоқпақтар, өтетін жерлер, алаңдар және т.б. салу және асфальт төсек кезінде диаметрі 1 метрден аз емес баған ұяларын қалдыру, орнату қажет болса, яғни жасыл желектердің қалыпты өсуі үшін қондырғыны қарастыру керек;
      77. Жер пайдаланушылар бекітілген  аумақтарда жасыл желектерді күтуге міндетті, соның ішінде:
      1) қоқыс жинау, тырнауышпен көк шөп шығатын алаңдарды тарау, құраған жапырақтарды жинау, арамшөптерді жұлу, көк шөп шығатын алаңдардың шөбін шабу, бұталарды қырқу;
      2) ағаштардың баған түптерінде ұялар жасап, топырақты қопсыту;
      3) жасыл желектер, көк шөп шығатын алаңдар, гүлзарларды суару;
      4) ағаштардың басын қию, құраған бұталарды, өскіндерді, қиылған бұталарды кесу;
      5) ағаштарды, бұталарды жасарту (мамандар кеңесі бойынша);
      6) ауру және құраған ағаштарды кесу (комиссия актісі бойынша);
      7) өсіп тұрған жасыл қордың ағаштары мен бұталарын жөндеп отырғызу.
      78. Кез – келген бағыну аумағында жасыл қордың сақталуына және жасыл желектерді ұстау ережелерін сақтауға бақылау жасау өкілетті органмен, жер пайдаланушылармен жүзеге асырылады.
      79. Жасыл желектер аумағында тыйым салынады:
      1) құрылыс материалдарын, топырақ, отын, көмір және басқа заттарды үюге;
      2) көк шөп шығатын алаңдарды, гүлзарларды, баған түбіндегі ұяларды ластауға;
      3) көк шөп шығатын алаңмен жүруге, ағаштарды, бұталарды сындыру мен кесуге, басқа да механикалық зақым келтіруіне;
      4) ағаштар мен бұталарды өз еркімен кесуге;
      5) қоршауға, гүлдерді жұлуға, көп жылғы гүлдердің түбірлері мен бағаналарын қазуға;
      6) көк шөп шығатын алаңдар мен гүлзарларға автокөлік қоюға;
      7) жапырақтарды өрттеу, көк шөп шығатын алаңдарда көкөніс өсіруге, ағаштарға сым, алтыбақан, жіп, жарнама мен кестелер бекітуге, баубақ – саябақ мүлкін бұзуға.
      8) Жалпы қолданыстағы жерлерде мал, құс бағу, иттерді серуенге шығару.
      9) Өсімдік және гүл өсіретін орындарда цементтік қоспа немесе бетон дайындау.

10. Инженерлік жүйелер, құрылғылар мен коммуникациялар ұстау тәртібі

      80. Ведомстволардың, кәсіпорындардың инженерлік құрылғылары мен коммуникацияларына олардың иелерімен қызмет көрсетеді.
      81. Елді мекеннің бұзуы мүмкін, инженерлік коммуникациялары мен құрылғылары бар заңды және жеке тұлғалар, олардың техникалық жағдайларын жүйелі бақылауға міндетті, атап айтқанда:
      1) аумақтарды су басуға жол бермеу;
      2) бөлінген және күзетілетін аймақтардың санитарлық жағдайын бақылау;
      3) люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабуы, жаңбыр суы ағатын кәріздер торлары жол төсемдерінің деңгейінде және үнемі дұрыс жағдайда ұсталуын бақылау;
      4) оларды тез анықтау үшін құдықтарға белгі жасау;
      5) құру, қайта жабу мен пайдалану ережелерін сақтау салдарынан бұзылуы мүмкін жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақ жабуларының жағдайын бақылау.
      82. Жер асты инженерлік желілерін төсеу және қайта орнату жұмыстарын жүргізу қолданыстағы техникалық шарттарға сай қатаң жүргізілуі керек.
      83. Автожолды, алаңдарды және жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қайта құруды бастағанға дейін жер асты коммуникацияларын салу, күрделі жөндеу, қайта құру жүргізілуі керек.
      84. Қатты төсемді аумақтарды күрделі жөндеу немесе қайта құру кезінде талап етілетінге дейін инженерлік жүйелер құдықтарының люктерін белгілеуді жүргізу, коммуникациялардың күзетілетін аймақтарының ендігіне көк шөп шығатын алаңдарды, жаяусоқпақтарды, авиожолдарды қалпына келтіру жөндеуге тапсырыс беруші есебінен жүргізіледі.
      85. Көшелер мен жолдардың жер беті суын ыза суларды қашыруға бағытталған арналар, құбырлар, кәріздер жинау мен тазарту, аудан бюджеті есебінен елді мекендік қоқыс төгетін орынға тез арада шығару қажеттілігіне байланысты қатты тұнбаларды шығару. Аулаларда және басқа да жер пайдаланушыларға бөлінген және бекітілген аумақтарда су өткізетін құбырларды жер пайдаланушылар жүргізеді. Шағын аумақ шекарасы шегінде жалпы аумағы бойымен өтетін коллекторларды, жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту аудан бюджетінің есебінен жүргізіледі.
      86. Елді  мекеннің су тартқыш құдығының қасындағы радиусы 5 метр аумақты мұздан (қыс уақытында) және қоқыстан тазарту және оларды шығару, құдықтарға кіреберіс жолды ұстау су тартқыш құдықтарының иелерімен, жүргізіледі.
      87. Өндірістік кәсіпорындар алаңынан ауа сулары шаруашылық нәжіс кәріздеріне түсу керек. Бұл суларды елді мекендік жаңбыр суы ағатын кәріздерге жіберуге жол берілмейді.

11. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау

      88. Елді мекен көшелерінде, алаңдарында, саябақтарында, саябауларында сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу аудан бюджетінің қаржысы есебінен арнайы кәсіпорындармен жүзеге асырылады.
      89. Тұрғын аудандар мен басқа да жылпы пайдалану орындарында бұл жұмыстар, олар кімнің қызметінде болып табылса, соларға жүктеледі.
      90. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларын ұстау және қызмет көрсетуге келесі іс – шаралар кіреді:
      1) берілген параметрлерге сай келетін саны мен сапа көрсеткіші бар қондырғылардың техникалық дұрыс жағдайын ұстау;
      2) қондырғылардың кесімдік жұмыс тәртібін қамтамасыз ету, қала әкімімен бекітілген, кесте бойынша дер кезінде қосу мен өшіруді, ішінара немесе толық өшіруді бақылау, олардың жанбай қалған шамдарын шұғыл жою, зақымдану мен басқаларды анықтау.
      91. Сыртқы жарықтандырудың жану пайызын және қондырғылар жағдайын анықтау үшін пайдаланатын кәсіпорындармен бақылау тексерулер жүргізіліп, акт жасалады. Шамдардың жану пайызы 95 пайыз болмау керек.
      92. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының металл тіректері, кронштейндер мен басқа элементтері сыртқы жағдайларына байланысты боялады, бірақ 3 жылда бір реттен кем емес.

12. Аумақтарды көркейту мен сауда кәсіпорындарының қас беттерін көркемдеу және халыққа қызмет көрсету жөніндегі пункттерді, оларды тұрғын ғимараттарға орналастыру жағдайының тәртібі

      93. Тұрғын, әкімшілік және басқа ғимараттардың оның маңындағы аумақтардың келбетін сақтау мен жақсарту үшін, оларға сауда кәсіпорындарын, халыққа қызмет көрсету жөніндегі пункттерді, офистер және басқа да нысандар орналастыру кезінде, иелері меншік түріне қарамастан заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, олармен өңделген және келісілген жобаға сай ғимараттардың қас бетін, көркемдеу және маңайындағы аумақтарды көркейту жөнінде кешенді іс – шаралар атқару керек.
      94. Кешенді іс – шараларға, жобамен қарастырылған, келесідегідей жұмыстар көлемін орындау кіреді:
      1) қас бетті әрлеу (бояу, әр түрлі материалдармен қаптау және басқадай);
      2) ғимараттың жалпы стиліне сай келетін, қанатшалар, маңдайшалар орнату;
      3) жаяусоқпақтар, кіреберістер мен автомашина тұрақтары үшін алаңдар, төсеніштер, көк шөп шығатын алаңдар салу, жасыл желектер кіретін аумақтарды көркейту бойынша жұмыстар атқару және басқадай;
      4) отырғыштар, урналар қоршауларын орнату және басқадай;
      5) ғимарат аумағының маңын және автожолдың жүретін бөлігінің белдігіне дейінгі көшелерді жарықтандыру (жарықтандырылған жарнамалар) орнату;
      6) жалпы стильде қажетті мөлшердегі ақпараттары бар, әдемі жасалған маңдайшадағы жазуларды орнату;
      95. Ғимаратта бір кәсіпорын орналасқан жағдайда қас беттің барлығы немесе оның бөлігін көркемдеу керек болса (елді мекеннің бас сәулетшісінің келісімі бойынша ), сондай – ақ ғимараттың барлық ендігіндегі көшелерді ғимараттан «қызыл сызыққа» дейінгі немесе бөлігіндегі барлық аумақтарды көркейту мен санитарлық жинастыру (елді мекеннің бас сәулетшісінің келісімі бойынша), басқа иелер немесе жалдаушылар пайда болған кезде, шығындары өтеледі. Бірнеше кәсіпорындар болса, қасбетті көркемдеу, маңындағы аумақтарды көркейту мен санитарлық жинастыру олармен тиісті үлесін бірыңғай сәулет – көркемдік келбетін сақтау және жұмыстарды бір уақытта орындау жүргізіледі.

12-1. Ғимараттар мен құрылғылардың фасадтарын ұстау

      95-1. Басқаруында ғимараттар мен құрылғылары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылғылардың иелері және басқа да кондоминиумға қатысушылар аталған объектілердің фасадтары мен олардың жеке бөліктерін  қайта ретке келтіру, жөндеу және сырлау бойынша жұмыстарды уақытылы орындауды, сондай-ақ фасадтарда орнатылған ақпатар таблицалары мен естелік тақталарды таза және дұрыс жағдайда ұстауды  қамтамасыз етулері қажет. Фасадтары қала көшелеріне шығатын дүкендер мен кеңсе көрмелері жарықпен безендірілуі тиіс.
      95-2. Өз еркімен ғимарат фасадтары мен конструкциялық элементтерін қайта жабдықтауға рұқсат етілмейді.
      95-3. Шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару құқығындағы ғимараттар, құрылыстар және құрылғылары және басқа да жылжымайтын объектілері бар бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар жұмыстарын қала құрылысы мен жобалық құжаттамаға, қала құрылысы нормативтары мен ережелеріне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа да арнайы нормаларына, оның ішінде оларға тиесілі ғимараттар мен құрылғылар фасадтарының жөндеу мен қайта ретке келтіруді өз немесе сырттан тартылған құралдар есебінен өткізу бойынша жүргізулері қажет;
      95-4. Бірнеше жеке немесе заңды тұлғаның, заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқару құқығында тұрғын немесе тұрғын емес ғимараттарында жеке тұрғын емес бөлмелері бар жеке меншік иелері, аталған ғимараттарын жөндеу мен қайта ретке келтіру шараларында ие болып отырған аудандарына пропорционалды үлестік қатынасуға тиісті. Ғимарат немесе құрылғы фасадын тегіс жөндеу мен қайта ретке келтіруді өткізу кезінде үлестік қатынаста болған тұлғалар осы мақсаттарға ие болып отырған аудандарына пропорционалды көлемінде жұмсалған қаражаттарын біріктіре алады;
      95-5.Сәулет, тарихи немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен құрылғылардың фасадтарын жөндеу, қайта ретке келтіру және қайта жаңарту Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен белгіленген нормативтар мен ережелерге сәйкес, Ақмола облысының мәдениет  Басқармасы және сәулет және қала құрылысы Басқармаларымен келісу бойынша қорғау міндеттемелерінің негізінде жүзеге асырылады;
      95-6. Келесіге рұқсат етілмейді:
      1) алдын ала сәулет бөлшектерін қалпына келтірместен, ғимараттар мен құрылғылардың фасадтарын сырлауға;
      2) табиғи немесе жасанды таспен кескінделген фасадтарды сырлауға.

13. Ақылы автомобиль тұрақтарын ұстау

      96. Тұрақтар өңделген және бекітілген жобалық – сметалық құжаттар негізінде ұйымдастырылады.
      97. Көлік құралдары тұрақтарының төсемдері бар қолайлы жеке алаңдары су өткізбейтін жамылғысымен, жол белгілерімен, автокөліктерді қоюға қарастырылған қалтасы, қошауы, су қайтарғы жүйелері мен тазарту құрылғыларының белгілері, көгалдандырылған, көркейтілген, жарықтандырылған, диспетчерлік павильоны орнатылған, өрт сөндіру құралдары, қалдықтарды жинау және салу контейнерлік алаңы болу керек.
      Тұраққа кіреберісте тұрақ атауын, жұмыс тәртібін қарастыру қажет.
      98. Автокөлік, автосервис қызметтері және олардың маңындағы аумақтарды ұстау, жинау олардың жеке меншік иелерімен жүзеге асырылады.

14. Жер пайдаланушылар мен елді мекен аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін адамдардың міндеттері

      99. Жер пайдаланушы міндетті:
      1) қолданыстағы санитарлық нормалармен анықталған, бөлінген және бекітілген аумақтарды инженерлік жүйелер мен олардың элементтерін тиісті жағдайда ұстауға (құдықтар, люктер, торлар, тіректер, насос стансалары, жылу тораптары, трансформатор подстанцыялары және т.б.);
      2) құрылыс қоқыстарын, тұрмыстық қатты қалдықтарды полигондарға (қалалық қоқыс төгетін орындарға) шығару және көмуді қамтамасыз етуге;
      3) санитарлық нормаларға сай сұйық қалдықтарды жинағыш тазаланатын шұңқыр болуға;
      4) өз аумақтарында қажет болған жағдайда усыздандыру және зиянды кеміргіштерді жоюды жүргізуге (шыбындар, тышқандар, егеуқұйрықтар);
      100. Елді мекен аумақтарында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар міндетті:
      1) құрылыс алаңын жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі үшін ені 1 метрден кем емес қорғаныс маңдайшасы бар, биіктігі 2 метрден кем емес тұтас шарбақпен қоршауға;
      2) жолдың балшықтануын болдырмау үшін, құрылыс алаңдарында қатты төсемдері бар кіреберіс жолдар салуға;
      3) құрылыс кезінде бекітілген аумақтар шегінде қоршалған аумақтар маңын және автожолды жинауға;
      4) олардың шаңдануын және желмен шаң көтерілуін болдырмайтын шараларды сақтап, құрылыс материалдарын сақтауға.
      101. Елді мекен аумақтарында келесіге:
      1) қарайтын құдықтар, өзендер мен басқа да су айдындарына, көк шөп шығатын алаңдарға, ағаштар мен бұталар түптеріне, көшелер, жаяусоқпақтарға қоқыс, балшық, қалдықтар, мұз кесектерін, ластанған қарды тастауға;
      2) көшеге, далаға, орманды аймақтарға, жол бойына өзендер мен басқа да су айдындарына бұл мақсаттарға бөлінбеген барлық басқа жерлерге құрылыс, тұрмыс және тамақ қалдықтарын тастауға;
      3) көшелерде, өзендер мен басқа да су айдындарында, су құбыры мен құдықтар маңында, тұрғын ғимараттарының аулаларында машина, трактор жууға;
      4) көшелерде, аулалар мен басқа да қозғалмалы сауда жабдықтарын, сауда аяқталған соң жинауға жататын, жиналған қоқыс, лас қалдықтар, балшық, мұз кесектері мен қар, құрылыс және басқа қалдықтарды шығармай қалдырып кетуге;
      5) көшелерге құрылыс материалдарын, отын-көмір үюге;
      6) өндірістік қалдықтармен өзендер мен басқа да су айдындарын ластауға;
      7) бөлінбеген жерлерге дүңгіртектер, дүкеншелер, павильондар орнатуға;
      8) үйлердің қабырғаларына, көше жарықтандыратын бағаналарына, ағаштар мен басқа да белгіленбеген жерлерге түрлі хабарландырулар ілуге;
      9) аулалар мен көшелер аумақтарына жуында, лас қалдықтар төгуге, қоқыс пен жапырақтарды өртеуге;
      10) елді мекен аумақтарын ластайтын, жүк дұрыс тиелмеген, шанағында ақауы бар көліктің жүруіне;
      11) ашық шанақтарда қапсыз, төгілетін макулатураны тасуға;
      12) құрылыс алаңдарын қоршауда көшенің «қызыл сызығына» шарбақты шығарып орнатуға;
      13) елді мекен аумақтарын өз еркімен қазуға;
      14) инженерлік жүйелердегі апатты жойғаннан кейін қазылғын жерлерді топырақпен жабуға;
      15) елді мекен аумақтарын санитарлық тазарту бойынша жұмыстар атқарудың мерзімін бұзуға;
      16) контейнерлерге тұрмыстық бағыттағы ірі көлемді заттар мен құрылыс материалдарын тастауға, контейнерлерге сұйық лас қалдықтарды төгуге, онда қоқыс өртеуге;
      17) саябақтарда, саябауларда өкілетті органның рұқсатынсыз, мемлекеттік қорғауға жататын насындарда үнемі немесе уақытша құрылыс салуға учаскелер бөлуге;
      18) экологияға зиян келтіретін басқа әрекеттер жасауға тыйым салынады.

15. Осы Ережені бұзған үшін жауапкершілік

      102. Осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында қарастырылған санкциялар қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады