Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 ақпандағы N 230/35-3 "Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық қөмек көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 87/15-4. Ақмола облысы Целиноград ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 1-17-80 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 37/5-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012.05.03 № 37/5-5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Целиноград аудандық мәслихатының 2008 жылғы 28 мамырдағы № 61/9-4 «Аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 ақпандағы № 230/35-3 «Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 2008 жылғы 3 шідедегі № 1-17-70 тіркелген, аудандық «Призыв»-«Ұран» газетінің 2008 жылғы 18 шілдеде № 43,44, № 35 жарияланған), шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларулар ескеріліп, Целиноград аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 ақпандағы № 230/35-3 «Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-17-49 тіркелген, аудандық «Призыв»-«Ұран» газетінің 2007 жылғы 30 наурыздағы жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген, Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету Ережелерінің «1. Жалпы қағида» бөлімінің 3-1. тармағы келесі мазмұнымен толықтырылсын:
      «Тұрғын-үй көмегі жергілікті жылу беретін жеке меншік үй құрылысында тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларына (азаматтарға), егер өздерінің жеке меншік үйі болса, немесе пәтерді жалға алушыларға, келісім шарт болса.
      Тұргын-үй көмегін есептеу үшін жеке меншік құрылысында тұратын   аз қамсыздандырылған отбасыларына (азаматтарға) жанұяларға 1 шаршы метр көлемге кететін көмірдің көлемі 49,85 килограмм әлеуметтік тұрғын-үй келісім бойынша 1 жылға, жанұяға 2 (екі) тонна көмірден артық болмау қажет.
      Аудан бойынша көмірдің орташа бағасы жылдың ақырғы тоқсынында «Целиноград аудандық статистика бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша көрсетілген есеппен алынады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
      Жергілікті жылу беретін жеке меншік үй құрылысында тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларына (азаматтарға) жанұяға тұрғын-үй көмегін есептеу үшін жылу беру мерзімі 1 қазаннан 30 сәуірге дейінгі аралықта есептелінеді.
      Жергілікті жылу беретін жеке меншік үй құрылысында тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларына (азаматтарға) жанұяға тұрғын-үй көмегін есептеу үшін алдыңғы тоқсанның кірісі есептелінеді.
      Электр, газ, су, қоқыс шығындары алдыңғы тоқсанның төленген түбіртегі бойынша есептелінеді».
      2. Осы шешім Целиноград ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және «Призыв»-«Ұран» аудандық газетінде бірінші ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күндер өткен соң қолданысқа алынады.

      Целиноград аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы           Ж.Жылқыбаев

      Целиноград мәслихатының
      мәслихатының хатшысы                   Б.Мәжіренов

      КЕЛІСІЛДІ

      Целиноград аудан
      әкімі                                   М.Мыңжанов

      Целиноград аудандық
      еңбекпен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                         А.Әшіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады