Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы N 53 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 10 сәуірде N 3247 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 14 тамыздағы № 152 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.08.2013 № 152 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 17181920 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда N 3193 тіркелген, 2007 жылғы 5 қаңтарда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 1-2 жарияланған 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне (Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 27 шілдеде N 3224 тіркелген, 2007 жылғы 2 тамызда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 95-96 жарияланған 2007 жылғы 11 шілдедегі N 376, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда N 3231 тіркелген, 2008 жылғы 4 қаңтарда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінің N 1-2 жарияланған 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 25 шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып), мынадай толықтырулармен өзгерістер енгізілсін:
      1. "Жеңілдіктер беру туралы" шешімнің 1 тармағында, шешімнің Қосымшасының атауында және 1 тармағында "жесірлеріне" деген сөздерінен кейін "(жесір ерлеріне)" деген сөздерімен толықтырылсын, "1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға" деген сөздерінен кейін "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы ҚСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғаларға" деген сөздерімен толықтырылсын.
      2. Қосымшаның 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Қатысушыға тұрғын үй иесі немесе негізгі пәтер иеленуші болуына қарамастан жеңілдіктер:
      орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтауға, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсетуге, байланыс қызметіне (абоненттік төлем) 100% шегеріммен;
      электрмен жабдықтауға 1 отбасына айына 150 кВт-тан аспайтын мөлшерде, жылу үшін пайдаланылған электр қуатын 1 отбасына айына 500 кВт-тан аспайтын мөлшерде, тамақ әзірлеу үшін газ айына 10 кг мөлшерде, ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде сатып алынатын шартты қатты отын құнына есептегенде жылытылатын алаңның 1 шаршы метріне 75 килограмм есебімен (бұдан әрі - жеңілдіктер) ұсынылады.
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға жеңілдіктер коммуналдық қызметтер 50% мөлшерінде (компенсациялау) ұсынылады.
      Коммуналдық қызметті тұтынуын есептеу құралдары болмаған жағдайда жеңілдіктер бекітілген тарифтерге сәйкес ұсынылады.
      Жеңілдіктер қатысушы пайдаланған уақытқа дейін қатысушымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне де ұсынылады.
      Қатысушының отбасы мүшелерін анықтауда Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321 "Неке және отбасы туралы" Заңы басшылыққа алынсын".
      3. Қосымшаның 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Қатысушыға орталықтандырылған жылуға, салқын және ыстық су жабдығына, кәрізге (канализация), газбен жабдықтауға, қоқыс шығаруға, лифттік қызмет көрсету, байланыс қызметі (абоненттік төлем), электр қуатымен жабдықтауға жабдықтауға айына 1 отбасына 150 кВт-тан аспайтын мөлшерде, жылу үшін пайдаланылған электр қуатын айына 1 отбасына 500 кВт-тан аспайтын мөлшерде, тамақ әзірлеу үшін газ айына 10 кг мөлшерде, ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде сатып алынатын шартты қатты отын құнына есептегенде жылытылатын алаңның 1 шаршы метріне 75 килограмм есебімен (бұдан әрі - жеңілдіктер) жеңілдіктер ұсыну бойынша қызмет көрсетулердің шығындарын өтеу қызмет көрсетушілердің ай сайын беретін жеңілдіктер алатын қатысушылардың тізімдері негізінде Ақтөбе қаласының және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жүргізіледі".
      2. Осы шешім Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат                 Облыстық мәслихаттың
         сессиясының                      төрағасы хатшысы

         Қ. ЖҰМАБАЕВ                        А. ЕСІРКЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады