Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 3185 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 желтоқсанда N 3-1-99 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012.02.06 № 480 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 3137 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009.05.12 N 1095 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, меншік түрлеріне қарамастан қала ұйымдарына "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отырып, сонымен қатар келісім-шартқа сәйкес 6 ай мерзіміне дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009.05.12 N 1095 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз), 2009.07.27 № 1826 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

       3. "Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Н.Х.Бөртебаева) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдасын. Жұмыс берушілермен келісім шартқа отыру кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысы шығындарын жұмыс берушілерге 15000 теңгеден аспайтын мөлшерде ішінара өтеу қала бюджетінен және 20000 теңге республикалық бюджеттен жүргізілсін. Қаражат ұйымның есеп-шотына бағытталады.
       Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009.05.12 N 1095 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009.07.27 № 1826 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз), 2010.04.26 № 1128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      4. "Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р.Айдашева) 002-102-149 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша және "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту" 451-002-103 қосымша бағдарламасы тиісті жылдың қала бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
       Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009.05.12 N 1095 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Қалдығұловаға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                               А.Мұхамбетов
 

Ақтөбе қалалық
әкімдігінің қаулысына
2008 жылғы 28 қарашадағы N 3185
ҚОСЫМША

Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын
ұйымдардың тізімі  

      Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009.05.12 N 1095 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады