Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 4 шілдеде N 3-2-50 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тіліндегі деректемелеріндегі және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округінің әкімінің 10.02.2016 № 06 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Қарабұтақ ауылдық округ Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округінің әкімінің 10.02.2016 № 06 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2017 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      1. Жарөткел ауылдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жарөткел ауылының көшелеріне төмендегі атаулары берілсін:
      1) Қуандық Шаңғытбаев – 1925 жылы Жарөткел ауылында туған. Ақын, драматург, аудармашы. Қазақтың халық жазушысы.
      2) Әлия Молдағұлова – Ақтөбе облысы Қобда ауданында туған. Қазақтың қаһарман батыр қызы. 1944 жылы 15 мамырда Псков облысы, Новосокольники станциясындағы шайқаста мерт болған. Кеңес одағының батыры.
      3) Жақсыбай Есентеміров – Қарабұтақ орта мектебінің түлегі. 1983 жылы әскер қатарына алынып, Ауғаныстан жерінде ерлікпен қаза тапқан. "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған.
      4) Тахауи Ахтанов – Қазақтың халық жазушысы, кітаптары көптеген шет тілдерге аударылған. Танымал тұлға.
      2. Еңбекту ауылы тұрғындарын пікірін ескере отырып, Еңбекту ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) Жалпы Ордабаев – 1908 жылы туған. Өзі басқарған шаруашылықта мал басын көбейтуге, егін шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі нәтижесінде 1949 жылы Социолистік Еңбек Ері атағына ие болған. 1998 жылы қайтыс болған.
      2) Нұрман Әлдекешов – мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып, жастарды кәсіпке баулап тәлімгерлік жасаған. Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін 1948 жылы Социолистік Еңбек Ері атанған.
      3. Белқопа ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Белқопа ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) Жолай Жүсіп - өте мырза болған жан. "Мырзалығың Жолайдың Жүсібіндей болсын" деген сөз қалған артында. 27 жасында қайтыс болған. Мазары Белқопада.
      2) Құдайбергенов Өтеу – 1901 жылы туған. Партия – кеңес қызметкері. Оның басқаруындағы ұжымдар соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарды асыра орындаған. Осы көрсеткіш нәтижесінде оған 1946 жылы Социолистік Еңбек Ері атағы берілген. 1956 жылы қайтыс болған.
      3) Досбосынов Балпен – 1889 жылы туған. Белқопа өнірінің алғашқы мұғалімі. 1966 жылы қайтыс болған.
      4. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі: З.Бөлекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады