Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімінің шақыру участкесіне 1992 жылы туылған ер азаматтарды тіркеуге алу жұмысын жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 6 қаңтарда N 3-3-66 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімиятының 2010.01.06 N 1 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33,37 бабына сәйкес Алға ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2009 жылдың 5 қаңтар айы мен 31 наурыз айы аралығында Алға аудандық Қорғаныс істері бөлімінің шақыру участкесіне он жеті жасқа толатын 1992 жылы туылған азаматтарды,сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген тұрақты немесе уақытша Алға ауданы аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін. Шараларды орындауға қатысты шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      2. Тіркеу жөніндегі өзінің жұмысында әскери міндеттілік жэне әскери қызмет мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі N 100-2005 жылғы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің N 117-2005 жылғы бірлескен бұйрығын қатаң басшылыққа алсын.

      3. Әскерге шақыруға дейінгілерді шақыру пунктіне тіркеу жөніндегі комиссия мүшелерінің медициналық, техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсететін адамдардың бұл міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа айлығы сақталады.

      4. Алға аудандық орталық ауруханасынан (С.А.Тәженов) Алға ауданы Қорғаныс істері бөліміне:

      1) бекітілген құрамға сәйкес тіркелетіндерге медициналық куәлік беру жүргізу үшін дәрігер-мамандарды;

      2) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктер, құралдарды және дәрі-дәрмектерді бөлінсін;

      3) дәрігер мамандардың резервтегі құрамын;

       5. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары:

      1) тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру, оларды аудандық шақыру пунктіне шақыру және олардың бұл шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;

      2) шақыруға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті олардың жұмыс (оқу) орындарындағы (стипендия) айлығын сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.

      6. "Алға аудандық білім бөлімі" ММ (М.Тулеуов), Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімімен (Б. Сабетов )бірлесе отырып, Алға ауданының мектептерінде оқитын барлық 1992 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ жас-өспірімдерді кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп есепке алсын.

      7. Алға аудандық ішкі істер бөліміне (М.Шляшев) тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкері бөлінсін.

      8. Алға аудандық әділет басқармасы (Б.Суентаев),Алға аудандық сотына (Ж.Олжаш) меншік түріне қарамастан органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18 бабында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      9. Селолық округтер әкімдері Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімінің талабы бойынша шақырылған жастарға, әскери пунктіне шақырылғандығын хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.

      10."Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Купекова) азаматтардың әскери қызметке шақырылуына байланысты шығындарды жергілікті бюджетте қаралған қаржы мөлшерінде қаражат бөлу жүктелсін.

      11. Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімінің бастығы (Б. Сабетов) азаматтардың әскери шақыру участкесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз етудің шараларын алсын.Осы жұмыстың қорытындысы туралы 2009 жылдың 25 ақпанына дейін аудан әкіміне хабарласын.

      12. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Н.Ағниязовқа және Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімінің бастығы Б. Сабетовке жүктелсін.

      13. Осы шешімді Алға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру- кадрлар және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, заңгер Б.Досымов Алға аудандық әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуге жолдасын.

      14. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданының әкімі             М.Тағымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады