Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2008 жылғы 21 мамырдағы N 123 қаулысы. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық Әділет басқармасыда 2008 жылдың 27 маусымдағы N 3-5-74 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2009 жылғы 6 қаңтардағы N 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2009.01.06 N 3 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 5-бап 2-тармағына, 7-бап 2)5-4)тармақшаларына, 18–1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауданда халықтың нысаналы топтарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, әлеуметтік жұмыс орындарының саны, мерзімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қосымшаға сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмыссыздық есебінде тұратын нысаналы топтарға жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу тапсырылсын.

      3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастырған кәсіпорындар мен ұйымдармен жасасқан шартқа сәйкес еңбекақының 50 пайызы мөлшерін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп шотына аударып беріп отыру тапсырылсын.

      4. Аудан әкімдігінің "Халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру" туралы18 сәуір 2007 жылғы N 106 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады