Аудан су тоғандарында балықтың "Аэромоноз" ауруы тіркелуіне байланысты карантин енгізу жайлы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2008 жылғы 23 шілдедегі N 159 қаулысы. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 25 тамызда N 3-5-76 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2009 жылғы 23 қарашадағы N 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімиятының 2009.11.23 N 223 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасы, 27-бабы мен ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 18 шілдедегі N 3-4/332 ұсынысы негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балықтардың "Аэромоноз" ауруы тіркелген су айдындарында карантиндік режим енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Карантиндік режим кезінде:
      1) Бір су айдындарынан басқа су айдындарына балықтарды ауыстырып салуға;
      2) аэромонозға бейім тұқым балықтарды түрлеріне және жастарына қарай араластырып салуға тиым салынсын.

      3. Балық аулаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен "Ырғыз- Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесіне өздеріне бекітілген су тоғандарында іс шаралар жоспарына сәйкес санитариялық тазалық жұмыстарына, ауру балықтарды көмуді ұйымдастыруға тиісті қызметтерге қолдау көрсету ұсынылсын.

      4. Карантиндік режим балықтардың ауруының соңғы тіркелгенінен бір жыл өткеннен және ветеринариялық-санитариялық шаралар кешені толық өткізілгеннен кейін алынсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қосаяқовке тапсырылсын.

      6. Қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі             М.ДУАНБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады