Аудан көлемінде Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу шараларын қолдану туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандың әкімиятының 2008 жылғы 11 маусымдаы N 120 қаулысы. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 11 шілдеде N 3-7-51 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2010.04.26 № 101 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" N 339 Заңының 10 бабының талаптарын орындау мақсатында аудандық аумақтық инспекциясының бас мал дәрігерлік инспекторының 2008 жылы 16 мамырдағы N 3–6/326 ұсынысын қарап, 2001 жылғы 23 қаңтарында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 3137 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекция бастығы (Рысқұлов У.С.), Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Қобда аудандық бөлімі (Кубаев Ғ.Т.) Жарсай ауылдық округінің Жарсай елді мекенінде адамдардың денсаулығы мен жануарлардың қауіпсіздік мәнін белгілейтін шектеуіс шараларды ұйымдастыру сұралсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қобда ауданы Жарсай ауыл округі Жарсай елдімекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты 2008 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешенді жоспары бекітілсін.
      3. Жарсай ауыл округі әкімі (Е. Өтегенов), аудандық аумақтық инспекциясының бас малдәрігерлік инспекторы (Т. Ашекбаев) Жарсай елді мекенінде ауыл шаруашылық малдары бруцеллез ауруының шығуына байланысты 2008 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешендегі жоспарын уақытылы және сапалы өткізу жүктелсін.
      4. Аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының міндетін атқарушы (Б. Құрманиязов) осы қаулының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу тапсырылсын.
      5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Ү. Рысқұловқа жүктелсін (келісім бойынша).

      Аудан әкімі:                        Л. Исмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады