1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 12-38 шешімі. Алматы облысы Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 2-2-74 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 12-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 12-9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 17-бабындағы 3 тармағына сәйкес, 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      
      1. 2009 жылғы қантар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.

      2. Қалалық ішкі істер бөлімі (Мақсат Болатұлы Құсаинов) (келісім бойынша):
      1) 2009 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің істері жөніндегі бөлімінде есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
      2) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетсін.
      
      3. “Қапшағай қалалық ауруханасы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Әсен Самарұлы Уәлиханов) (келісім бойынша):
      1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
      2) 2009 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы туылған жастарға, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандар жастардың тізімін тапсырсын;
      3) тіркеуге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
      4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлері тапсырсын.
      
      4. “Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Гүлжамал Байболқызы Соппекова):
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, мүгедек деп танылған 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
      
      5. “Қапшағай қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Рсалды Советқызы Ешімова):
      1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мұғалімдерді бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
      2) 1992 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
      
      6. “Қапшағай қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Наталья Юрьевна Носова):
      1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарда әскери-қолдаңбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығын ұйымдастырсын;
      2) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық сұрақтар бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып өткізсін.
      
      7. Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (Құрмет Қабдашұлы Орынбаев) (келісім бойынша) осы шешімнің орындалу барысы туралы Қапшағай қаласының әкіміне 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.
      
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ілияс Сейтбекұлы Сүгіровке жүктелсін.
      
      9. Осы шешім баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
 
 
 

      Қала әкімі                                 Н. Таубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады