2009 жылы Текелі қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 780 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2009 жылы 04 ақпанда N 2-3-57 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 391 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2009.12.23 N 391 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-тармақшасына және 20-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға қаланың ұйымдары мен кәсіпорындарында ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру (қосымша).
      2. "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында қалада қолданылып отырған шаралар туралы халықты хабардар етсін.
      3. Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 7 "2008 жылы Текелі қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы", Текелі қаласының Әділет басқармасында 2008 жылдың 29 ақпанында 2-3-41 нөмірімен нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2008 жылы 21 наурызында "Текелийский рабочий" газетінің N 12 санында жарияланған қаулының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды әкімінің орынбасарлары Гулмира Баяхметқызы Маупашеваға, Геннадий Иванович Савиновқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі                     С. Бескемпіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады