2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оған қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақы мөлщері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2008 жылғы 08 қаңтардағы N 33 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 23 қаңтарда N 2-8-66 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009.01.12 N 01 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 2 және 5-тармақтарын, Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданының халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 6-2 шешімін орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылға ақылы қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі, қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері жалғанған қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ансатбаев Мұратбай) жұмыссыз азаматтардың қоғамдық жұмыстарға арналған 2008 жылға аудан бюджөтінен бөлінген қаржы шегінде 2008 жылдың қаңтарынан бастап төлемдердің уақтылы тағайындалуын және төленуін бақылауды қамтамасыз ету тапсырылсын.
      3. Аудандық қаржы бөліміне (Асанбаев Қайрат Сматаевич) жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстарға төленетін қаржыны бөлуді уақтылы қамтамасыз ету тапсырылсын.
      4. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 01 "2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оған қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері туралы" қаулысының күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің кеңесшісі Ахметов Бекет Төлегеновичке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               К. Абдрахманов

2008 жылға арналған ақылы
қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемі және оған қатысушы
жұмыссыздардың еңбек ақы
мөлшері туралы аудан
әкімдігімен бекітілген 2008
жылғы 8 қаңтардағы
N 33 қаулысына
1 қосымша

Еңбекшіқазақ ауданының 2008 жылға арналған ақылы
қоғамдық жұмыстардың түрлерінің
ТІЗБЕСІ

Р/с

Жұмыстардың түрлері

Жұмыс беруші

1.

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, жалғыз басты зейнеткерлерге және мүгедек адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету, қартайған, жалғыз басты азаматтарды қамқорға алу қызметтері

Қалалық, ауылдық әкімдер және үкіметтік емес ұйымдар

2.

Мумкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету

Ауылдық әкімдер және үкіметтік емес ұйымдар

3.

Аймақтарды көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту, санитарлық тазалау жұмыстары (ағаштар мен жол жиегіндегі қоршауларды әктеу. су арықтарын тазарту, қалпына келтіру, жол жиегін тазалау), көгалдандыру (ағаштарды кесу, көшеттер отырғызу және оларды күту. Жеңіс паркін тазалау, гүлдерді күту), Жеңіс ескерткішін, Алтан Адам, Жабаев, Чимбулатовтың ескерткіштерін күту, денсаулық сақтау мекемелерін қыс мезгілінде жылытуға көмек көрсету

Қалалық, ауылдық әкімдер және қалалық, ауылдық мәдениет үйлері, аудандық кітапхана, аудандық және ауылдық ауруханалар, аудандық мұражай

4.

Тұрмыстық коммуналдық мекемелерді, қала және ауыл аумағын тазартуға көмек.

Қалалық, ауылдық әкімдер

5.

Аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге қатысу (көпшіліктің ой-пікірлерін сұрастыру, халық және мал санағы және тағы басқа), әскерге азаматтарды шақыру жұмыстарына қатысу, зейнеткерлер мен мүгедектерге тіркеу кітабын алмастыруға көмек көрсету.

Қалалық, ауылдық әкімдер, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім және үкіметтік емес ұйымдар

6.

Кемтар балаларға арналған психологиялық және педагогикалық түзетуге көмек.

УЕҰ "Қамқор"

7.

Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны қайта есептеуге жәрдемдесу

Зейнетақы төлеу орталығы

8.

Жалпы мал дәрігерлік іс-шараларды жүргізуге көмектесу (паспорттандыру,

Ауылдық әкімдер


малдардан қан алу, ен салу және тағы басқа)


9.

Архивтік құжаттарды жаңарту

Ауылдық әкімдер және аудандық мұрағат

10.

Жасы кәмелетке толмаған тәртібі қиын жасөспірімдермен жұмыс жүргізуге көмек көрсету

Қалалық, ауылдық әкімдер және үкіметтік емес ұйымдар

11.

Кітап тігу, түптеу, жаңғырту жұмыстары

Аудандық кітапхана

12.

Хат-хабар жеткізіп беру

Ауылдық әкімдер

13.

Мұрағаттық көрмелер ұйымдастыруға көмек

Аудандық мұражай

14.

Саңыраулар клубын ұйымдастыруға көмек

Аудандық саңыраулар қоғамы

15.

Жұмыс іздеу клубы

Үкіметтік емес ұйымдар

16.

Халық дәстүрін, қолөнерді қайта жаңғыртуға көмек көрсету

Үкіметтік емес ұйымдар

17.

Сенім телефоны

Үкіметтік емес ұйымдар

18.

Жастарды мәдени парасатты және рухани дамытуға арналған іс-шараларға қатынасу, жазғы демалыс және еңбек лагерлерін құруға, садауатты өмір саяты акцияларын өткізуге және саяхат жорықтары мен үйірмелерді ұйымдастыруға қатынасу.

Үкіметтік емес ұйымдар

19.

Ауыл шаруашылығы жұмыстары мен ауылшаруашылық өнімдерін дайындау кезінде маусымды көмек көрсету

Үкіметтік емес ұйымдар

20.

Тұрмысы төмен отбасылары мен оралмандарға МАӘК, мемлекеттік жәрдем ақы алуға және кеңестік көмек көрсету.

Қалалық, ауылдық әкімдер Үкіметтік емес ұйымдар

      Бюджеттік және үкіметтік емес ұйымдардағы ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысы жергілікті бюджеттен республика бойынша 2008 жылға бекітілғен орташа айлық еңбек ақы 10515 теңге көлемінде төленеді.
      2008 жылға ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілетіндер саны аудандық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 740 адам, ал жалпы төлем көлемі 2008 жылға бекітілген аудан бюджетіне сәйкес 23166 мың теңге көлемінде құралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады