2009 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы N 78 Шешімі. Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 09 қаңтарда 72 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жолдасқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар- наурыз айларында Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Т. Рысқұлов ауданы әкімиятының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1992 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. "Жамбыл облысы әкімиятының денсаулық сақтау басқармасының Т. Рысқұлов аудандық орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ш. Мырзалиевке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық комиссиядан өткізу ұсынылсын.
      5. "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Исабековке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қарсыбаевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі                    А. Нұралиев

КЕЛІСІЛДІ:

"Жамбыл облысы әкімияты денсаулық
сақтау департаментінің Т. Рысқұлов аудандық
орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Мырзалиев Шындос Кершайызұлы
11 желтоқсан 2008 ж.

"Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің" бастығы
Жолдас Бақытжан Жолдасұлы
11 желтоқсан 2008 ж.

"Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінің" бастығы
Исабеков Бақберген Айтжанұлы
11 желтоқсан 2008 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады