Эпизотиялық сипаттағы қызметтер бойынша біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 155 шешімі. Қарағанды облысы Нұра ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 8-14-88 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 236 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2009.12.22 N 236 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 36 бабының 6 тармағына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Салық органның жүргізген орташа күндік хронометраждық бақылаулар және талдаулар негізінде, эпизотиялық сипаттағы, сондай-ақ нарықта жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің 4 түрі бойынша біржолғы талондардың құны 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссиясы (Г. Прокоп) жүктелсін.
      3. "Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" Нұра аудандық Маслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы V сессиясының N 84 шешімінің (әділет басқармасында 2007 жылғы 27 желтоқсанда тіркелген N 8-14-62) күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Д. Баянов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Е. Туранов

2008 жылғы 24 желтоқсандағы XII сессиясының
Нұра аудандық Мәслихатының
N 155 шешімімен белгіленген
1 қосымша

N

Эпизодикалық сипаттағы кәсіпкерліктің түрлері

Біржолғы талондардың құны (айлық есеп көрсеткішіне % бойынша) бір күн үшін

1.

Өткізу (стационарлық орындарда өткізуден басқа):



1.1. Газеттер мен журналдарды

7


1.2. Тұқымдар және басқадай отырғызылатын дәнектерді (бұталар, көшеттер)

10


1.3. Бақша дақылдарын

13


1.4. Саяжай мен үй маңында өсірілген гүлдерді

10


1.5. Қосалқы шаруашылықта, бау-бақшада, саябақта өсірілетін азық-түлікті өткізу

4

2.

Жеке тракторлар иелерінің жер участкелерін жырту қызметтері

24

2008 жылғы 24 желтоқсандағы XII сессиясының
Нұра аудандық Мәслихатының
N 155 шешімімен белгіленген
2 қосымша

Базардың аты

Мамандандырылуы

Сауда орынының түрі

Сауда орнының көлемі

Жинақ мөлшері айлық есеп көрсеткіші % бойынша бір күн үшін

Нұра ауданының базары

Азық-түлік

Сөре

3

2

Етке арнайы

3

2

Сүт

2

2

Өндірістік

Сөре

2,8

2

Қолдан

1,5

2

2008 жылғы 24 желтоқсандағы XII сессиясының
Нұра аудандық Мәслихатының
N 155 шешімімен белгіленген
3 қосымша

N

Объектінің түрі

Жинақ мөлшері айлық есеп көрсеткіші (%) бойынша бір басқа

Сомасы (теңге) Бір күн үшін

1.

Жылқы

0,05

0,6

2.

Қара мал

0,03

0,4

3.

Қой

0,015

0,19

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады