Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелендірудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 461 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2008 жылы 16 сәуірде N 4203 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 377 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2010.04.23 N 377 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі  Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауылшаруашылық тауар өндірушілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелендірудің шарттары белгіленсін.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д. Әбуов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Еламановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі 

Қызылорда облысы әкімдігінің
      2008 жылғы 2 сәуірдегі N 461
қаулысына қосымша      

Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне облыстық бюджет қаражат есебінен несиелендіру шарттары

      1. Осы шарттар Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі  Бюджет  кодексіне, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы  N 225  қаулысына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мақсатында бюджеттік несиелендіру процесін реттейді.

      2. Негізгі ұғымдар:
      1) бюджеттік несие - жергілікті бюджеттен шұғыл, ақылы және қайтарымды шартпен берілетін ақша қаражаты;
      2) қарыз алушы банк - Қазақстан Республикасы резиденттер болып табылатын екінші деңгейдегі банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      3) түпкілікті қарыз алушы - ҚР резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар;
      4) несие беруші - Қызылорда облысының әкімдігі;
      5) бюджеттік атқару жөніндегі уәкілетті орган - "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      6) тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджеттiк кредиттiң барлық мерзiмiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы;
      7) бағдарлама әкімшісі - "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      3. Несие беруші қарыз алушы банкке (бұдан әрі - банк ) бюджеттік несие беру туралы ұсынуы облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді және ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды (бұдан әрі-түпкілікті қарыз алушы) қаржылай қолдау мақсатында, 255.003.000 "Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджет есебінен және бөлінген қаржының шегінде жүргізіледі. Тараптар арасындағы қатынастар несие беру келісім шартымен реттеледі.

      4. Несие қабілеттілігінің критерийлері және банктерді таңдау тәртібі "Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуының Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы  N 225 қаулысына сәйкес бюджеттік әкімшісі жүзеге асырады.

      5. Бюджеттік несиелерді тіркеу, есепке алу және мониторингісі "Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы  N 437  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3349 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Түпкілікті қарыз алушыға несие айналым қаражаты үшін қайтарымды, міндеттерді орындауды қамтамасыз ету, мерзімді және ақылы шартында, және мынадай басым бағыттар бойынша беріледі:
      ауыл шаруашылығын дамытуға;
      ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын модернизациялау мен реконструкциялауға, өңдеу саласын дамытуға, құруға;
      жылыжай шаруашылығын дамытуға;
      фермерлік шаруашылықты дамытуға;
      балық шаруашылығын дамытуға;
      Бұл ретте мынадай шарттар сақталуы тиіс:
      1) салыққа және бюджетке басқа да міндетті төлемдерден қарыз болмауы;
      2) түпкілікті қарыз алушының бюджеттік несие бойынша міндетті орындауды қамтамасыз етудің мүмкіндігі;
      3) түпкілікті қарыз алушының бұрын берілген бюджеттік несиелерден қарыздың болмауы.

      7. Несие, пайдалануы 6-тармақта көрсетілген мақсаттар бойынша, 5 жыл мерзімге беріледі.

      8. Сыйақы ставкасы - тiркелген.

      9. Негізгі қарызын өтеу, сыйақы төлеу және басқа да тиісті төлемдерді жүргізу несие келісім шарты бойынша жүргізіледі.

      10. Несие келісім шарты несие беруші, бағдарлама әкімшісі және банк арасында жасалады. Несие беруші атынан несие келісім шартына бюджеттің орындалуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қол қояды.

      11. Банк 6-тармақта көрсетілген басымдықтарға сай төлем қабілеті бар ауылшаруашылық тауар өндірушілерін іріктейді, оларды бағдарлама әкімшіліктерімен келіседі және түпкілікті қарыз алушыны несиелендіруге шешім қабылдайды.

      12. Банк несие келісім шарты, түпкілікті қарыз алушымен міндеттерді орындауды қамтамасыз ету келісім шарттарын жасайды.

      13. Жоғарыда көрсетілген келісім шартты жасасқаннан кейін, банк түпкілікті қарыз алушы атына ссудалық есеп шотын ашады, несие келісім шартына сәйкес бюджеттік несие сомасы аударылады. Осы есеп шоттан оның төлем құжаттары жүргізіледі.

      14. Несие алған түпкілікті қарыз алушы оны тек көрсетілген шараларға пайдалануға, сонымен бірге алған қаражаттарды сыйақысы мен басқа да міндетті төлемдерді несие келісім шартпен айқындалған мерзімдерде төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.

      15. Несиенің мақсатты пайдаланылуына және міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге банк және бағдарлама әкімшісі бақылау жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады