Бірқатар қалалық елді мекендерді ауылдық елді мекендерге жатқызу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облыстық мәслихатының және Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 маусымдағы N 80/36 бірлескен шешімі мен қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 08 тамызда N 4206 тіркелді.

      Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.07.2013 № 188 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.07.2013 № 112 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал ауданының Сексеуiл, Жақсықылыш, Қармақшы ауданының Жосалы, Төретам, Жалағаш ауданының Жалағаш, Сырдария ауданының Тереңөзек, Шиелi ауданының Шиелi, Жаңақорған ауданының Жаңақорған, Шалқия кенттерi ауылдық елдi мекендерге жатқызылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 261 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 329 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Б. Қуандықов
      Қызылорда облыстық мәслихатының
VII сессиясының төрағасы
Қ. Баймаханов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Н. Құдайбергенов
      "Келісілді"
"Қызылорда облысының статистика
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Б. Сапар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады