Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін берудің тәртібі жөніндегі Қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2008 жылғы 03 шілдедегі N 9/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2008 жылы 08 тамызда N 10-1-91 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихат хатшысының 2010 жылғы 13 мамырдағы N 264 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихат хатшысының 2010.05.13 N 264 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарын басшылыққа алып, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін берудің тәртібі жөніндегі Қағидасы бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік мерзімнен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен тыс
      тоғызыншы сессиясының төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы                         И. Құттықожаев

Қызылорда қалалық мәслихатының
2008 жылғы 3 шілдедегі
N 9/3 шешіміне қосымша

Қызылорда қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің
ТІЗБЕСІ

      1. Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 5 сәуірдегі ХV сессиясының N 15/8 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін берудің тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылдың 26 сәуірдегі N 1906 нөмірімен тіркелген);
      2. Қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 12 қарашадағы N 2/2 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 5 сәуірдегі ХV сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін берудің тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" N 15/8 шешіміне ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылдың 19 қарашадағы N 3550 нөмірімен тіркелген);
      3. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 30 қарашадағы N 11/2 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 5 сәуірдегі ХV сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін берудің тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" N 15/8 шешіміне ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылдың 30 қарашадағы N 4081 нөмірімен тіркелген);
      4. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 17 наурыздағы N 26/11 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 5 сәуірдегі ХV сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін берудің тәртібі жөніндегі" N 15/8 шешімімен бекітілген Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 12 сәуірдегі N 10-1-32 нөмірімен тіркелген, қалалық "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 26 (379) және "Кызылорда таймс" газетінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 16 (770) шығарылымдарында жарияланған);
      5. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 3/7 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін берудің тәртібі жөніндегі" шешімімен бекітілген Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 28 желтоқсандағы N 10-1-76 нөмірімен тіркелген, қалалық "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 02 (521) және "Кызылорда таймс" газетінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 89 (893) шығарылымдарында жарияланған);
      6. Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы N 5/6 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 5 сәуірдегі ХV сессиясының N 15/8 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін берудің тәртібі жөніндегі" шешімімен бекітілген Ережеге өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 18 сәуірдегі N 10-1-85 нөмірімен тіркелген, қалалық "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі N 24 (544) және "Кызылорда таймс" газетінің 2008 жылғы 30 сәуірдегі N 17 (907) шығарылымдарында жарияланған).

2008 жылғы 3 шілдедегі
N 9/3 шешімімен бекітілген

       Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй
көмегін берудің тәртібі жөніндегі
ҚАҒИДА

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 қаулысына сәйкес жасалды.

I. Жалпы ережелер

       1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметке ақы төлеу шығындарына өтемақы жүргізу үшін беріледі.
      2. Тұрғын үй көмегі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұлғаларға үй алаңының нормасы және тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үйді ұстау және тұрғын үй -коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шығындары отбасының бюджетіндегі осы мақсаттарға жұмсалатын жол беруге болатын шекті шығындар үлесінен асып кететін жағдайда беріледі.
      Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге арналған жол беруге болатын шекті шығындар үлесі отбасының жиынтық табысының 5 пайыз мөлшерінде жыл бойына белгіленген. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
      3. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды.
      4. Тұрғын үй көмегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрғын үй жәрдемақысы қызметімен рәсімделеді.
      5. Тұрғын үй көмегі аудару арқылы, орталықтандырылған атаулы түрде жәрдемақы алушылардың тізіміне сәйкес (абоненттік кітапшадағы жеке есеп бет көрсетуімен) қызмет көрсетушілерге немесе олардың жазбаша өтініштеріне сай басқа шаруашылық субъектілеріне тұрғын үй жалдаушыға (иесіне) есептік кезеңде көрсетілген коммуналдық қызметтер шығынын өтеуге жұмсалады.
      Тұрғын үй көлемі нақты есептелінген коммуналдық қызметтер төлемақысынан артық болмауға тиіс.
      6. Даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болса тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселе қала әкімінің жанындағы арнайы құрылған комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.
      7. Тұрғын үй көмегі қызметі әр ай сайын тұрғын үй көмегін алушылардың тізіміне азаматтардың тұрғын үй көмегін алу құқығының пайда болуына немесе жоғалтуына өзгерістер енгізіп тұрады.
      8. Тұрғын үй көмегі қызметіне жоғарғы немесе заңсыз өтем
тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін
жалға алушы (меншік иесі) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады,
тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған соммалар заңда белгіленген
тәртіппен қайтарылуға жатады.

ІІ. Тұрғын үй көмегін тағайындау шарты

      9. Тұрғын үй көмегін қалада (қала аумағына кіретін елді мекенде) тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан (жекешелеген тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалға алушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      10. Мемлекет тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі.
      11. Тұрғын үй көмегін алуға табыс көздері жоқ (жұмыссыздар) және табыстары коммуналдық қызметтеріне кететін шығындар жиынтығы жанұя табысының 5 пайызынан асқан тұлғаларға құқылы.
      12. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйі) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушілер, сондай-ақ жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      13. Мүгедек балаларды, отбасында күтуді қажет етеді деп танылған I, II топтағы мүгедектерді, 80 жастан асқан адамдарды немесе 7 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген жұмыссыздардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы болмайды.
      14. Тұрғын үй көмегіне қажетті құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
      15. Тұрғын үй көмегі алдағы кезеңге үш ай мерзімдегі есепті тоқсанына, арызда көрсетілген айдан тағайындалады. Айдың 31-нен кейін тұрғын үй көмегін есептеуге арыз беруші азаматтар келесі айдың тізіміне енеді. Тұрғын үй көмектерін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
      Отбасының тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерін тұтынуға төлемнің жұмсалуына жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеулер жүргізеді.
      16. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік
нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-
келген өзгерістер туралы, сондай-ақ жәрдемақының дұрыс есептелмеген
жағдайлары туралы тұрғын үй көмегі қызметін 10 күн бұрын хабардар етуге тиіс.

III. Бюджеттен өтелетін және тұрғын үй (тұрғын жай) көмегі есептелетін коммуналдық қызмет түрлері

      1. Жылумен жабдықтау (Орталықтандырылған жылумен немесе көмірмен (қатты отын).
      2. Электрмен қамтамасыз ету.
      3. Сумен жабдықтау.
      4. Канализация.
      5. Қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсету.
      6. Газбен қамтамасыз ету (Орталықтандырылған үй аралық газ резервуарлары мен газ баллон).

IV. Тұрғын үй көмегін есептеу.

      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесінің) өтінішінің және оған берілетін отбасының құрамы, тұратын үйінің пайдалы алаңының мөлшері, тұрғын үйді ұстау мен байланыс және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары, отбасының жиынтық табысы негізінде қабылданады.
      18. Пәтерде (үйде) тұратын тұлғалардың тізімін анықтауға көпқабатты үйлердің тұрғындарына және жеке сектор тұлғаларына - үй кітабы, қала төңірегіндегі ауылда тұрушыларға ауыл әкімінің анықтамасы негіз болып табылады.
      19. Жанұя жиынтық табысы - бұл пәтерде (үйде) тұрушылардың барлық табыстары.
      Жиынтық табысқа Қазақстан Республикасында және одан алынған барлық табыстар, яғни
      1. Еңбек ақы түріндегі табыстар.
      2. Кәсіпкерлік қызметі табыстары.
      3. Мүліктік табыстар.
      4. Мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, стипендия, жәрдемақы (балаларға берілетін біртұтас жәрдемақысы, бала туғандығы және жерлеуге арналған жәрдемақыдан басқа), өтемдер және басқа да әлеуметтік қолдаулар.
      5. Балаларға және асырауындағы жанға алынған алименттер
      6. Біржолғы денсаулық зақымын өтеуге алынған сомалар
      7. Ақшалай және заттай ұтыстар
      8. Жеке қосалқы шаруашылықтан және ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден түскен табыстар (оның ішінде, бақша, саяжай, жеке малдан). Жеке үй іргелік шаруашылықтан түскен отбасының бір тоқсандағы табысы есептік көрсеткіштің 5 еселенген көлемінде қала тұрғындарына (қыстақ тұрғындарына), 6 еселенген есептік көрсеткіш көлемінде ауылдық жердегі отбасыларының табысын есептеу.
      9. Көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы.
      20. Жұмыссыздық статусын дәлелдейтін жұмыспен қамту орталығының анықтамасы бар тұлғалар салық комитетінің анықтамасын және еңбек кітапшасының көшірмесін әкелуден босатылады.

V. Тұрғын үй көмегіне байланысты құжаттарды қаржыландыруға рәсімдеу тәртібі

      21. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша жәрдемақы
қызметімен жанұяға көмек есебі көрсетілген анықтама жасалынып тұрғын үй жалдаушыға (меншік иесіне) беріледі.
      22. Ұсынылған құжаттардың жалғандығына күдік туындаған жағдайда
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегі
қызметіне сұрау салуға хақылы, ал осы бөлімге заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
      23. Келісім - шарт негізінде тұрғын үй көмегінің коммуналдық қызметтер түрлеріне бөлінуі мен қызметі әр айдың 30-на көмек алушылардың тізімін дайындайды. Тізімнің бір данасы жәрдемақы қызметінде қалады, қалғандары келесі айдың 10-на дейін қызмет көрсетушілерге беріледі.
      24. Көмек алушылар тізімі негізінде жәрдемақы қызметі өтелуге тиіс қызмет көрсетушілердің шығындардың жалпы тізімдемесін дайындап келесі айдың 10-на дейін қалалық қаржы бөліміне береді.

VI. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері

      25. Тұрғын үй көмегі қызметінің берген тізімдемесіне сәйкес қалалық қаржы бөлімі келесі айдың 20-на дейін еңбек шотына қаржының жергілікті бюджет есебінен төлем тапсырмасымен аударады.
      26. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне түскен қаржыны қызмет көрсететін мекемелердің меншіктерінің түріне қарамастан есеп шоттарына төлем тапсырысымен аударады. Сонымен бірге аз қамтамасыз етілген азаматтардың тұрғын үй коммуналдық қызметтерінің шығынын өтеуге келісім - шартқа отырады.
      27. Газбен қамтамасыз ету (орталықтандырылған үй аралық газ
резервуарлары мен газ баллон), қалалық телекоммуникация желісіне
қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс
қызметтерін тұтынуға және көмір (қатты отын) үшін тағайындалған
көмектерге сәйкес, тұрғын үй көмегін алуға құқылы тұлғалардың тізімі
дайындалып, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық
филиалының байланыс бөлімшелеріндегі жеке есеп шоттарына аударылуға
жолданады.
      28. Тұрғын үй көмегінің дұрыс есептелуі мен тарифтерінің дұрыстығын бақылау қалалық қаржы бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.
      29. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға
жұмсалатын есептік тарифтерін анықтау Қазақстан Республикасы табиғи
монополияларды реттеу Агентігінің Қызылорда облысы бойынша
басқармасы ұсынған деректер негізінде жүргізіледі.
      Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы Қызылорда облысының телекоммуникация дирекциясының ұсынған тарифімен, ал көмірге (қатты отынға) және газ балонға көмекті есептеу мерзіміндегі қызмет көрсету мекемелердің тарифтері қолданылады.

VII. Тұрғын үй көмегінің есебіне коммуналдық қызметті
тұтыну мен тұрғын үйді сақтау нормалары

      30. Тұрғын үй есебіне төмендегі тұрғын үй құрылымы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері:
      1. Тұрғын үйді ұстауға кететін шығындар:
      -1 адамға 18 м2, жалғызбасты азаматтарға 31 м2, бірақ нақты пайдалану алаңы көлемнен артық емес.
      2. Су жабдықтау және канализация:
      көшедегі су құбырларынан су алу бір адамға тәулігіне-40 литр;
      канализациясы жоқ тұрғын үйлер бір адамға тәулігіне-100 литр;
      су құбыры мен канализациясы бар тұрғын үйлер бір адамға тәулігіне - 120 литр;
      орталықтандырылған су жүйесі мен канализациясы бар және жуыну бөлмелерімен жабдықталған тұрғын үйлер (көп қабатты үйлер) бір адамға тәулігіне - 200 литр;
      дәл осындай орталықтандырылған ыстық су жүйесі бар бір адамға тәулігіне - 260 литр.
      3. Газбен қамтамасыз ету:
      құрамында 5 жанға дейінгі адамы бар жанұяға айына - 10 кг;
      құрамында 5 немесе одан көп адамы бар жанұяға айына - 20 кг.
      Көп қабатты үйлерде орталықтандырылған газ резервуары жүргізілмеген жағдайда, газ балонның тарифімен есептелінеді.
      4. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету:
      - -1 адамға 18 м2, жалғызбасты азаматтарға 31 м2, бірақ нақты пайдалану алаңы көлемнен артық емес.
      5. Электр қуатымен қамтамасыз ету:
      бір адамға айына - 45 квт, бірақ құрамында 5 жаны бар жанұяларға 100 квт аспау керек.
      құрамында 5 немесе одан да көп адамы бар жанұяларға - айына 150 квт дейін.
      6. Қоқысты әкету-тұрғындар санына қарай.
      7. Көмір (қатты отын) үшін:
      - жылу беру маусымында бір айға әр отбасына 0,5 тоннадан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады