Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 13/13 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2008 жылы 31 желтоқсанда N 10-1-105 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы N 49/3 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2011.11.11 N 49/3 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1 тармағын басшылыққа алып, қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Салық кодексінің 378379381 және 383 баптарына сәйкес Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы 20 (жиырма) пайыз мөлшерінде жоғарылатып бекітілсін.

      2. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті жиырма үшінші сессиясының N 23/5 "Қызылорда қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық ставкаларын бекіту туралы" және 2008 жылғы 18 маусымдағы кезекті сегізінші сессиясының N 8/6 "Қызылорда
қаласының аумағында заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын жер салығының базалық
мөлшерлемесін бекіту туралы" шешімдері жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қалалық мәслихаттың кезекті
он үшінші сессиясының төрағасы                           Ж.Нұрымбетов

      Қалалық мәслихат хатшысы                          И.Құттықожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады