Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 116 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 02 ақпанда 10-5-104 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011 жылғы 24 тамыздағы N 2-9/2549 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы ауданының Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен). 

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырындағы N 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. 2009 жылы қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан бастап он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              Б. Қаюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады