Айдарлы, Жетікөл және Іңкәрдария ауылдық округтеріне енгізілген шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 24 қарашадағы N 616 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария аудандық Әділет басқармасында 2008 жылы 11 желтоқсанда N 10-8-78 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы N 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.02.12 N 52 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының талаптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Айдарлы, Жетікөл және Інкәрдария ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға қарсы профилактикалық шаралар жүргізу үшін енгізілген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. "Айдарлы ауылдық округінде ауыл шаруашылығы жануарларын сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы N 522 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 7 қаңтарда N 10-8-55 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газет баспасының 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 8 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. "Жетікөл және Інкәрдария ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы жануарларынан сарып ауруының шығуына байланысты сарып ауру ошақтарын жоюға қарсы профилактикалық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 596 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 21 қаңтарда N 10-8-59 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газет баспасының 2008 жылғы 23 ақпандағы N 17 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Маншариповке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   С.Тәуіпбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"     

      Аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы                               Марат Наурызбаев
      "келісілді"
      "__" _____________ 2008 ж.                                  

      
      Аудандық аумақтық инспекциясының
бас мемлекеттік ветеринариялық
инспекторы                                           Бекзат Мұсағұлов
      "келісілді"
      "__" _____________ 2008 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады