Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 2012 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2009 жылдың 14 қаңтарында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 11-2-99 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              Ж.Бабаханов

Қала әкімдігінің
2008 жылы 02 желтоқсан
N 2012 қаулысымен бекітілді

Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

      Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін белгілейді.

1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шарты

      1. Әлеуметтік жұмыс орны Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер ұйымдастырылады және жергілікті бюджет пен жұмыс берушілердің қаражатынан қаржыландырылады.
      2. Жаңаөзен қаласы әкімдігі жыл сайын ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің тізімін, жолданатын жұмыссыздардың санын, жұмыстың түрлерін, көлемін, жұмыс мерзімін, қаржыландыру көздерін айқындайды.
      3. Уәкілетті орган бекітілген тізім бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілермен шарт жасайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және нысаналы топтарға әдейі арналады, жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
көздері және бақылау

      5. Жұмыссыздардың еңбекақысы заңмен белгіленген ең төменгі бір айлық жалақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен және жұмыс берушінің қаражатынан қосымша ақымен өтеледі.
      6.Жұмыс берушілер еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығындарын қалалық бюджеттен өтеу үшін ай сайын ағымдағы айдың 20 - на дейін заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті уәкілетті органға: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісі, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік жұмыс органдарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджеттен қаржыландыруға сұраныс ұсынады.
      7.Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібінің орындалысын бақылау уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады