Ақшұқыр ауылынан жаңадан пайда болған көшелерге есімдер беру туралы

Жаңартылған

Түпқараған ауданы Ақшұқыр селосы әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 887 шешімі. Түпқараған ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 13 тамызда N 11-6-65 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 08.09.2017 № 273 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23.01.2001 жылғы Заңын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 08.12.1993 жылғы Заңының 14 бабы 4 тармағын және жергілікті халықтың пікірін және ардагерлер кеңесінің хаттамасын ескере отырып, аймаққа еңбегі сінген азаматтардың есімдерін есте қалдыру, жаңадан салынып жатқан көшелердің есімдерін беру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Ақшұқыр ауылынан:

      1.Түйешиев Маңғыбай-Ұлы Отан соғысының ардагері.

      2.Есқожаев Ұзақбай- "Социалистік Еңбек Ері",

      3.Кезбаев Тәжіғұл- Ұлы Отан соғысының ардагері,

      4.Қазиев Жалау – Білім беру ісінің үздігі,

      5.Бекжанов Қартбай- Ұлы Отан соғысының ардагері,

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді- Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімінің 08.09.2017 № 273 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Сайын Шапағатов елді мекенінен:

      1. Шахшабасов Жолыбай –Ұлы Отан соғысының ардагері,

      2.Бекенжанов Алтынмұрат- Еңбек Қызыл Ту ордені иегері,

      3.Елубаев Мақаш- Ұлы Отан соғысының ардагері, "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" есімдері берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Село әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Г. Кошербаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады