Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Түпқараған ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 98 шешімі.Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 желтоқсанда N 11-6-76 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23.01.2001 жылғы, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"08.07.2005 жылғы Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

       1. Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге алу 2009 жылдың 01 қаңтарынан 30 наурызына дейінгі кезеңде өткізілсін.

      2. Төмендегідей құрамда тіркеу комиссиясы құрылсын:
      Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы - Қ.Сүйеубаев, комиссия төрағасы;
      Аудан әкімдігінің өкілі - Х.Төреева, комиссия төрағасының орынбасары;
      Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары - С.Биманов, мүше Аудандық емхана бас дәрігері - Г.Шалабаева, дәрігерлік комиссия төрайымы:
      Комиссия  хатшысы: - А.Алиева

      3. Таушық, Қызылөзен, Ақшұқыр және Баутин ауыл әкімдері (Қ.Серікбаев, Ө.Ермекбаев, А.Нұғыманов, Д.Меңдіханов):
      1) Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуға дейінгілердің уақытылы келуін қамтамасыз етсін;
      2) Шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті жұмыс жасайтын 1992 жылы туылған азаматтарды қажетті құжаттармен, анықтамалармен есепке алу комиссиясына бір апта қалғанда келуін қамтамасыз ету сұралсын.

      4. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаева:
      1) 2009 жылдың 01 қаңтарынан 30 наурызына дейінгі кезеңде 1992 жылы туылған жастарды дәрігерлік куәландырудан және бақылаудан өткізуге білікті мамандар бөлсін;(Жалғама N 1)
      2) Комиссияның маман дәрігерлері қажетті құрал - жабдықтармен, дәрі - дәрмектермен, шаруашылық құралдарымен қамтамасыз етсін;
      3) Тіркеуге алу жөніндегі комиссия кезінде шақыру учаскесіне тіркеуге жататын 1992 жылғы жастардың қан, ұлы және кіші дәрет, электрокардиографиясы қорытындыларын тапсыруларын қамтамасыз етсін;
      4) 2009 жылдың қаңтарына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жүйке ауруларымен, трахомамен, іш құрылысы ауруларымен, сүйек, бұлшық ет, буын ауруларымен ауыратындығы жөнінде диспансерлік бақылау жөніндегі денсаулық жағдайын баяндайтын анықтамалар жеткізілсін;
      5) 1992 жылы туылған жастардың дәрігерлік амбулаторлық карталарын тіркеу беттерімен бірге 2009 жылдың қаңтарына қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізілсін;
      6) Комиссия жолдаған жастардың кезектен тыс амбулаторлық бақылауын қамтамасыз ету үшін қажетті төсек - орындар бөлінсін;
      7) Тіркеуге алу жөніндегі комиссия кезінде 1992 жылы туған әскерге шақырылғанға дейінгілерге егу жұмыстары жүргізілсін.

      5. Аудандық әділет басқармасының бастығы (Мұқанов.М) (келісім бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне аты-жөнінің өзгергендігі жөнінде, азаматтардың хал актлерін жазуына туған жері, уақыты өзгергендігі тіркелген, сонымен қатар әскерге шақырылғанға дейінгілердің қайтыс болғандығы туралы мәліметтермен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      6. Аудандық төлем ақы орталығы 7 күн ішінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылған барлық әскерге шақырылғанға дейінгілер туралы мәліметтер жеткізу ұсынылсын.

      7. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығы (Ө.Қ.Қилыбаев) (келісім бойынша) алдын-ала тергеу жүргізіліп және қылмыстық іс қозғалып, ісі сотқа берілген әскерге шақырылғанға дейінгілер туралы мәліметтерді уақытылы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау ұсынылсын.

      8. Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқандарды ұстап, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу үшін іздеу тобын құрсын. Шұғыл жұмыстар қажеттілігі туындаған кезде бөлімнің кезекші автомашинасы бөлінсін. (Жалғама N 2)

      9. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шешімнің орындалуы жөнінде аудан әкімі аппаратына 2009 жылдың 30 наурызына ақпарат берсін.

      10. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына (Д.Садықов) (келісім бойынша) мекен-жайға есепке тұру жөнінде келген 1992 жылы туылған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскери есепке қоюға жіберуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

      11. Аудандық ішкі саясат бөліміне әскери есепке тіркеу комиссиясын өткізу кезінде жастармен патриоттық тәрбие жөнінде мерекелік шаралар өткізу жүктелсін.

      12. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімі орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.

      13. Осы шешім ресми жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             С.У.Трумов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Жарылғапова.О.Б

      Садықов.Д
      Маңғыстау облыстық халыққа қызмет көрсету
      орталығының Түпқараған аудандық филиалының
      жетекшісі
      19 желтоқсан 2008 жыл

      Шалабаева Г.Б
      Аудандық емхана бас дәрігері
      19 желтоқсан 2008 жыл

      Ибраева Г.С
      Аудандық білім бөлімінің
      бастығы
      19 желтоқсан 2008 жыл

      Мұқанов М.Ж.
      Аудандық әділет басқармасының
      бастығы
      19 желтоқсан 2008 жыл

      Қилыбаев.Ө.Қ
      Аудандық ішкі істер бөлімінің
      бастығы
      19 желтоқсан 2008 жыл

      Сүйеубаев Қ.Ж
      Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы
      19 желтоқсан 2008 жыл
 

Аудан әкімінің "Түпқараған аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің шақыру  учаскесіне
1992 жылы туған  азаматтарды тіркеуге алуды
дайындау және өткізу туралы" 2008 жылғы
N 98 шешіміне Қосымша N 1

Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізуге таратылатын дәрігер мамандардың тізімі:

      1. Терапевт - Мусина.А
      2. Тері-мерез ауруларының маманы - Ерманова.Г
      3. Тіс дәрігері- Боқаева.А
      4. Оташы- Гумарова.Ж
      5. Психиатр -
      6. Фтизиатр - К.Қани
      7. Лор - Өрбісін.Г
      8. Көз дәрігері – Мұрынов.Ж
      9. Невропатолог - Жексембекқызы.А

Аудан әкімінің "Түпқараған аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің шақыру  учаскесіне
1992 жылы туған  азаматтарды тіркеуге алуды
дайындау және өткізу туралы" 2008 жылғы
N 98 шешіміне Қосымша N 2

Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды тіркеу бөліміне келуін қамтамасыз ететін іздестіру тобы.

N

Аты-жөні

Мекеме аты

Ескертпе

1

Меңдібаев Сәрсенғали Жөкенұлы

Қорғаныс істер бөлімі


2

Елеусинов Нұрлан Серкебайұлы

Ішкі істер бөлімі


Аудан әкімінің "Түпқараған аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне
1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды
дайындау және өткізу туралы" 2008жылғы
N шешіміне

анықтама-негіздеме

N

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның
ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Түпқараған ауданы әкімдігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23.01.2001 жылғы Заңының 8 тармағы  

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды дайындау және өткізу

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қабылданбаған

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Қабылданбаған

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Келісілген

      Аудан әкімі                             С.У.Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады