Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 226 шешімі. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 маусымда № 11-7-11 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 03.02.2017 № 37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Маңғыстау ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 13.03.2019 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (201 учаскеден тұратын) Ақ Еспе тұрғын үй алабы, Ақ Еспе тұрғын үй массиві деп аталсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 13.03.2019 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (207 учаскеден тұратын) Бозжыра тұрғын үй алабы, Бозжыра тұрғын үй массиві деп аталсын.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 13.03.2019 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолының оң жағында орналасқан жалпы ауданы 84 гектар Айрақты тұрғын үй алабы, Айрақты тұрғын үй массиві деп аталсын.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 13.03.2019 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 164 гектар Шерқала тұрғын үй алабы, Шерқала тұрғын үй массиві деп аталсын.

      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 13.03.2019 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Маңғыстау ауылының солтүстік жағында орналасқан жалпы ауданы 250 гектар Бесшоқы тұрғын үй алабы, Бесшоқы тұрғын үй массиві деп аталсын.

      Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 13.03.2019 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Осы шешім Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен күшіне және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Әкім Н. Тәжібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады