Халықтың нысаналы топтарының 2008 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 ақпандағы № 45 қаулысы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 наурызда № 9-3-82 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықтың нысаналы топтарының 2008 жылға арналған тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 73 "Халықтың нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-56, "Арқалық хабары" газетінің 2007 жылғы 2 наурызда жарияланған), 2007 жылғы 24 қазандағы № 542 "2007 жылғы 19 қаңтардағы № 73 "Халықтың нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-73 "Арқалық хабары" газетінің 2007 жылғы 2 қарашадағы 47(172)-нөмірінде жарияланған) қаулыларының күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 А. Мұхитбеков

Арқалық қаласы әкімдігінің 
2008 жылғы 26 ақпандағы    
№ 45 қаулысына қосымша     

Халықтың нысаналы топтарының 2008 жылға арналған
тізбесі

      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен
         ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі
         балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті,           көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
         асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет           етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты
         зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған
         адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу                  орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жиырма тоғыз жасқа дейінгі кәсіби даярлау және қайта
          даярлаудан өткен жұмыссыздар, бастауыш, орта, жоғары кәсіби            білімдері бар түлектер;
      12) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ұзақ
          уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыссыз ретінде
          тіркелген адамдар;
      13) елу жастан асқан адамдар;
      14) жазғы демалыс мерзімінде жоғары, арнаулы орта және бастауыш            кәсіби білім беру оқу орындарының оқушылары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады