1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 14 шешімі. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 8 қаңтарда N 77 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес және 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (С. Бектемиров келісім бойынша) 17 жасқа толатын азаматтарды 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын жүргізсін.
      2. Ауданда азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын өткізу үшін 1-қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
      3. Май аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазбеков келісім бойынша) азаматтарды дәрігерлік тексеру кезеңінде:
      1) ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін қажет маман - дәрігермен қамтамасыз етсін;
      2) дәрігерлік комиссияның қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды қабылдау үшін стационарда жату орындарын ұйымдастырсын, амбулаториялық, стационарлық тексеру шығындарын ауылдық дәрігерлік амбулаториялар арқылы өтілуін қамтамасыз етсін;
      3) азаматтарға барлық вакцинация егу түрлері жүргізілсін;
      4) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті дәрі-дәрмектер, кұрал - жабдықтар, мүліктер бөлінсін;
      5) тіркеу қорытындысы бойынша ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен түскен N 1, N 2 тізімдердегі әскерге шакырылушылардың емделуін бақылауға алып, оның нақты орындалуы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласын.
      4. Ауыл және селолық округ әкімдері барлық меншік нысаны кәсіпорын басшылары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарға шақыру қағазын беріп, олардың комиссиядан өтетін күндерінде болуын қамтамасыз етіп, тізімін, мінездемесін, отбасы туралы анықтамасын, жұмыс, оқу орнынан анықтамасын, білімі жөніндегі құжатының көшірмесі, 6 дана 3х4 фотосуретін ұсынсын.
      5. Ауыл және селолық округ әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскесіне қажетті құжаттармен келуін қамтамасыз ету, бақылау жұмыстары жүктелсін.
      6. Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (С.И. Мұқатаев) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімін құжаттармен жұмыс істеуге көмек қөрсету үшін 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында үш техникалық жұмыскермен қамтамасыз етсін. Еңбекақыны Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы өтілуін қамтамасыз етсін.
      7. Май аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Т. Андасов келісім бойынша) азаматтарды шакыру учаскесініне тіркеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерін бекітсін.
      8. Май аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Ә. Қоныржанов), аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Байғалиев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын қамтамасыз етуге байланысты ауданның қорғаныс істері жөніндегі есебі бойынша қаржы бөлінсін.
      9. Азаматтарды селолық округтерден тіркеу уческесіне және тексерілуге дәрігерлік мекемелерге жеткізу шараларын қамтамасыз ету үшін аудан әкімі аппараттың басшысы (А. Байғалиев) автокөлікті жалға алу туралы келісім шарт жасасын.
      10. Ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен кейін қолданысқа етізіледі.
      11. Осы қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      Аудан әкімі                                Е. Әйткенов

      Келісілді:

      2008 жылғы 18 желтоқсан
      Май ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
          бастығы, майор                         С. Бектеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады