"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 71 қаулысына өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 141 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 20 маусымда N 1675 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы N 177 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.30 N 177 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек ұсыну ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 71 қаулысына (2006 жылғы 18 сәуір Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің тарауында N 1619 болып тіркелді, 2006 жылғы 28 сәуірдегі "Солтүстік Қазақстан", 2006 жылғы 28 сәуірдегі "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек ұсыну  ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 46 қаулысымен енгізілген өзгертулермен (2007 жылғы 12 наурыз Солтүстік Қазақстан өңірлік мемлекеттік тіркеу тізілімінің тарауында N 1642 болып тіркелді, 2007 жылғы 19 наурыздағы N 36 "Солтүстік Қазақстан", 2007 жылғы 19 наурыздағы N 32 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыптағы және 1 тармақтағы "соғысының" деген сөзден кейін "сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға" сөздерімен толықтырылсын;

      5 тармақтағы "соғысының" деген сөзден кейін "сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар" сөздерімен толықтырылсын;

      6 тармақтағы "облыс әкімінің орынбасары Е.Е. Нұрақаевқа" деген сөздер "облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне тістерін протездеуге әлеуметтік көмек ұсыну ережесінде:

      тақырыптағы және 1, 2, 3 тармақтардағы "соғысының" деген сөзден кейін "сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға" сөздерімен толықтырылсын;

      6 тармақтағы "соғысының" деген сөзден кейін "сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар" сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинға жүктелсін.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады