Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі N 207 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының әділет Департаменті 2008 жылғы 5 қыркүйекте N 1685 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.08.2020 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 17) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңы 20 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек (бұдан әрі-әлеуметтік көмек) көрсетілсін.

      2. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен ай сайын ақшалай нысанда көрсетіледі.

      3. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері:

      әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат бөлуді көздесін;

      әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К.Мырзалинға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады