2009 жылы ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талон құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 132-ХІІІ шешімі Құрманғазы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарда N 4-8-138 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 236-ХХV шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 236-ХХV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)тармақшасына басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі)" қолданысқа енгізу туралы" Заңының 8,9-баптарының және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 2698 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. 2009 жылға базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 40-ІІІ "2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талон құнын белгілеу туралы" (аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 17 қаңтарда N 4-8-117 мемлекеттік тіркелген, 2008 жылы 1 наурызда аудандық "Серпер" үнжариясының 9 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      4. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.
 

      Аудандық Мәслихаттың
      ХІІ сессиясының төрағасы                   Б. Бекжанов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Р. Сұлтанияев
  

Келісілді:
Н. Аленов - Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының бастығы.


Аудандық мәслихаттың  
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 132-ХІІІ шешіміне 1-қосымша

2009 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік түрлеріне
берілетін біржолғы талон құны

Р/с

Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Бір күндік
талон құны
(теңге)

1

Тұқым егетін көшеттер мен ағаш көшеттерін сату

30

2

Бау-бақша өнімдерін сату

50

3

Бау-бақша өнімдерін көлік құралдарында сату

250

4

Саяжайларда тұрғын үй учаскелерінде өсірілген
гүл өнімдерін сату

30

5

Жеке меншік трактормен жер учаскелерін өңдеу
жұмыстары

250

6

Газет, журнал сату

50

7

Жеке адамдардың өз малдарынан алынатын
өнімдерін сату:



ет

300


сүт

50

8

Мал бағу

200

9

Жеке меншік бурамен, бұқамен қызмет көрсету

200

10

Киім тігу, тоқып сату

30

11

Жүннен тоқылған өнімдер сату /кілемше, шұлық,
қолғап т.б./

50

12

Шөпті дайындап, сату

1000

13

Саман тас сату

1000

14

Қамыс байлау, сату (қамыс плита)

200

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады