Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы N 11/127-II "Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жерге ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 5/79-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 сәуірде N 1976 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы N 11/127-II "Оңтүстік қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жерге ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 326 нөмірмен тіркелген, 2001 жылғы 2 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімдегі "қала жерлері үшін" деген сөздің орнына "қалалардағы жер телімдері үшін" сөз жазылсын.
      Преамбуладағы "Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес" сөздері "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес" сөздерімен ауыстырылсын.
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Жер телімдерін жекеменшікке беру кезінде, мемлекетпен немесе мемлекеттік жер пайдаланушылармен жалға өткізу кезінде олардың кадастрлық (бағалық) құнын анықтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалардағы жер телімдері мен аймақтық шекаралары үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін".
      Мына мазмұндағы жаңа 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі";
      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы:
      қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Жер телімдерін жеке меншікке беру кезінде, мемлекетпен немесе мемлекеттік жер пайдаланушылармен жалға өткізу кезінде олардың кадастрлық (бағалық) құнын анықтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларының аймақтық шекаралары;
      Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларының жер учаскелерін мемлекеттен жеке меншікке немесе мемлекеттік жер пайдаланушыларға жалға берген кезде қолданылатын кадастрлық (бағалық) құнын анықтаудағы аймақтық шекарасы";
      Шымкент қаласы бойынша бөлімі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2008 жылғы
27 наурыздағы N 5/79-IV
шешіміне 1 қосымша

      Шымкент қаласы бойынша:
      N 1-аймақ: қала орталығында орналасқан көшелер Әйтеке би, Базар, Володарская, Рашидов, Громов, Павлов, Гагарин, Интернациональная, Ш.Қалдаяқов, Хамза, Гагарин көшелерімен, Қарасу өзені бойымен, Темірлан тас жолы, Тельман мөлтек ауданы, Момышұлы көшесі, Қошқар ата өзені бойымен, Арғынбеков, Рысқұлов, Сайрам, Бекет Батыр, Орынбай ақын, Түркістан, Адырбеков, Төлеби көшелерімен шектелген жер учаскелері.
      N 2-аймақ: қала орталығында орналасқан көшелер Ташкент-Алматы айналма тас жолы, Сайрам ауданының шекарасымен, Заславский, Попова, Анарова көшелері, темір жол бойымен Рашидов көшесіне дейін шектелген жер учаскелері.
      N 3-аймақ: қала орталығында орналасқан көшелер Ташкент тас жолы, Бадам өзенінің арнасымен, Қарасу каналы, Мамина-Сибиряка өткелінен Гагарин көшесіне дейін, темір жол бойымен, Сайрам ауданының шекарасымен, Ленгір тас жолы, Клара Цеткина көшесі.
      N 4-аймақ: Сайрам ауданының шекарасымен Бадам өзенінің арнасымен Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округінің Қарабастау ауылының шекарасымен, Энергетиктер көшесі, Орман шаруашылығының аумағы, Ташкент-Алматы трассасының бойымен, "Сайрам Астық" ӨК-нің жерлері, Орман шаруашылығының шекарасымен, Сайрам ауданы Бадам және Жаңа талап ауыл округтерінің және құс фабрикасы шекарасымен, "Қызыл жар" ӨК шекарасымен, Қарасу каналы бойымен, "Ынтымақ" поселкесінің жерлерімен, Тұрлан экспедициясының жерлерімен, Қабыл қазақ каналы бойымен, "Дехкан" шаруа қожалығының шекарасымен, "Ақниет" ӨК шекарасымен, "Ташкент-Алматы" тас жолының бойымен, Достық мөлтек ауданы, "Ташкент-Алматы" тасжол бойымен темір жолға дейін, Азат мөлтек ауданы, Сайрам ауданы шекарасымен, Жиделі мөлтек ауданымен шектелген жер учаскелері.
      N 5-аймақ: Қайнар бұлақ саяжайлары, "Ташкент-Алматы" автожолының бойымен, Бозарық саяжайлары.

      Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2008 жылғы
27 наурыздағы N 5/79-IV
шешіміне 2 қосымша

      Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2001 жылғы
27 маусымдағы N 11/127-11
шешіміне 2 қосымша

      Мемлекеттен жеке меншікке немесе мемлекеттік жер
пайдаланушыларға жалға берген кезде қолданылатын кадастрлық
(бағалық) құнын анықтауда аймақтарының шекаралары және жерге
ақы төлеудің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Шымкент қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2,0

2

1,5

3

1,0

4

0,6

5

0,5

      Арыс қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2

2

1,8

3

1,6

4

1,4

5

1,2

6

1

7

0,8

      Түркістан қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2

2

1,8

3

1,6

4

1,4

5

1,2

6

1

7

0,8

8

0,7

9

0,5

      Кентау қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2

2

1,5

3

1

4

0,75

5

0,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады