Бесқарағай ауданының елді мекендерінде жануарлар ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 маусымдағы N 8/3-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2008 жылғы 04 шілдеде N 5-7-57 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 27/4-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2010.12.28 N 27/4-IV (жарияланған күннен кейін он күн күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      
      Шешімде "күшіне енеді" сөздері "қолданысқа енгізіледі" сөздерімен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2009.07.22 N 16/11-IV (жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, 2008 жылғы 24 мамырдағы № 1-24/01-1073/08 сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бесқарағай ауданының елді мекендерінде жануарлар ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелері бекітілсін (қосымша беріледі).
      2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы № 6/3-IV «Бесқарағай ауданының елді мекендерінде жануарлар ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелері туралы» шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми түрде баспасөз бетінде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы,
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы                                 Б. СОН

      Бесқарағай ауданының елді мекендерінде жануарлар
      ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету
      ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексіне,  "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің және Денсаулық-сақтау министрлігінің нормативтік - құқықтық актілеріне, 2008 жылғы 24 мамырдағы № 1-24/01-1073/08 сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысына сәйкес әзірленді.
      Ереженің мақсаты - үй және экзотикалық жануарларды ұстау тәртібін  анықтау, олардың  ауруын алдын алу, жануарлар мен адамдарға жұғатын жұқпалы аурулардың тарауын болдырмау, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, малдардың ауданның елді мекендерінде болған жағдайында жалпы ветеринарлы - санитарлық нормаларды және ережелерді қамтамасыз ету болып табылады.
      Осы Ереже ауданның аумағында орналасқан ведомствалық бағыныштылығына және меншік түрлеріне қарамастан барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруа (фермерлік) қожалықтары, жануарлардың жеке иелері орындау міндетті.

      I. Үй жануарларын ұстаудың негізгі талаптары

      1. Ірі және ұсақ мүйізді малдарды, шошқалар мен жылқыларды 2 айлық жасынан бастап, өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу және диагностикалық тексеруді жыл сайынғы қайта тіркеумен тіркеу. Жаңадан алынған жануарлар ауылдық әкімдікте және ауылдық округтің ветмаманында 30 күндік карантинмен және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 бұйрығымен бекітілген, белгіленген үлгідегі ветеринарлық паспорттарды қоса берумен тіркеледі.
      2. Барлық жануарларға (ірі қара, ұсақ мүйізді малдар, жылқылар, шошқалар) төлдерді қосқанда, 2 айлық шамасынан бастап инвентарлық нөмір беріледі,құлақ биркасы бекітіледі, оның нөмірі ветеринарлық паспортқа енгізіліп ветинспектордың журналына жазылады. Жануардың биркасы жоғалған жағдайда, ветеринарлық маманмен жануардың иесінің өтініші бойынша жаңасы бекітіледі және жаңа нөмір паспортқа енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министірлігінің Агроөнекркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс  Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының бөлімінде, ветеринарлық төлқұжаттың негізінде берілетін, ветеринарлық куәлігі рәсімделгеннен кейін, жануарларды көрмеге және асыл тұқымдылар байқауына қатысуына, союға, жануарларды елді мекендерден тыс жерлерге сату және әкету жүргізіледі.

      ІІ. Жануарлардың иелерінің міндеттері

      4. Мал дәрігері-лицензиаттың талабы бойынша жануарларды диагностикалық тексеру мен қарау үшін жеткізу.
      5. Жануарлардан жалпылай қан алған және алдын алу егуді (инъекцияны)жүргізген жағдайында  жануарларды арнайы жабдықталған қоршауларға қамап, мал дәрігерлеріне көрсетілген іс-шараларды өткізуде көмек көрсету.
      6. Адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдау. Жануарлардың адамдарды немесе басқа жануарларды тістеп жарақаттаған жағдайда жедел түрде ауылдық округі әкіміне, осы округтің жанұялық дәрігерлік амбулаторисының, фельдшерлік акушерлік пунктінің санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлеріне және ветеринарлы-мамандарға қарату және карантинге жабу үшін хабарлау.
      7. Жазғы жайылым мерзімінде ірі қара малдарының 6 айдағы төлдерінен басқа, жылқылар, ірі қара малдардың төлдері және барлық деңгейдегі топтардағы қойларды, елді мекеннен тыс, Ертіс өзенінен, (жайылма алқап) жасанды және табиғи су қоймалары шектерінен - 0,5 шақырым ара қашықтығында ұсталады
      8. Ауылдық округтерінің әкімдерімен белгіленген бағыттары бойынша малдарды жайылымға шығарар алдында оларды жинайтын жеріне дейін шығарып салу.
      9. Жайылымға шығарылатын жануарлармен қоқысталған аула маңындағы жолдарды тазалауды жүргізу.
      10. Мал қораны тазалықта ұстау, уақытында уытсыздандыру. Көң, жем-шөп қалдықтары мен қоқыстарды уақытында ауланың сыртына(жер актісімен белгіленген шектерде)арнаулы белгіленген орынға оларды жылына екі рет көктем және күз мезгілдерінде шығару.
      Көшенің алдынғы келбетіне, шаруашылық жолдарының арасына, көпшілік қолданылатын жерлерге қалдықтарды және малдарға арналған жем - шөптерді үйіп жинауға тыйым салынады.
      11. Өлген және амалсыздан сойылған жануарлардың (иттер, мысықтар) өліктері ауылдық округі әкімімен санитарлық қадағалау бөлімінің келісімі бойынша, арнайы арналған орындарда иелері арқылы көміледі, иесі жоқ жануарларды көму - ауылдық округтің әкімімен ұйымдастырылады.

      ІІІ. Жануарлар иесінің құқығы

      12. Әрбір жануар оның иесінің меншігі болып табылады және меншік ретінде заңмен қорғалады.
      13. Адамдарға және жануарларға қауіп төндірген жағдайдан тыс, жануарлар аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған кезде, иесінің келісімімен ғана алынады.
      Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардың өнімдері мен шикi заттарды алу және жою, иелеріне шығындарын қайтару республикалық бюджеттiң есебiнен, «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысында анықталған тәртіппен жүзеге асырылады.

      IV. Иттер мен мысықтарды ұстау

      14. Иттер мен мысықтардың иелеріне рұқсалатын жайттар:
      1) иттерді айналасы жақсы қоршалған жеке үйлерде немесе байлауда ұстау;
      2) иттерді, мысықтарды және басқа да хайуандарды балалар мен жасөспірімдер қысқы-жазғы емдеу санаторлы - курорттық мекемелеріндегі, «хайуанаттар мүйісінде», «тірі мүйістерде» санитарлық - эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің рұқсатымен ұстау;
      3) жеке үйлерде, мекемелер мен ұйымдарда күзет иттерін тек байлауда немесе вольерде ұстау;
      4) иесі шектеулі уақытқа итті қысқа тізгінде (ірі итті- тұмылдырықта) қоғамдық жерлерде қалдыруға құқылы;
      5) қоғамдық орындарда иесіз жүретін, иелері байлауда қалдырғандардан басқа, иттер қадағалаусыз деп саналады, жануарларды ұстау және жануарлардың өлігін жинайтын мамандандырылған бригадалардың міндетті түрде аулауына рұқсат етіледі.
      Ветеринарлық паспорты ресімделмеген және жылсайынға алдын ала егу өткізілмеген иттерді иелерінің, аулада итті ұстауға рұқсат етілмейді.

      V. Ауылдық округтері әкімдерінің міндеттері

      15. Жануарларды ұстау ережелерінің орындалуын қатаң қадағалау, елді мекендердің шегінде қадағалаусыз малдарды болдырмауына шаралар қолдану.
      16. Әрбір бөлек табындарға жайлым шекарасын, табынға жиналу орнын, жайылымға малдарды айдау жолын анықтау.
      Ұжымдардың картоп, көкөніс және бау-бақша дақылдарын егетін жерлерде, жер телімдерінде малдарды бағуға тыйым салынады.
      17. Әрбір елді мекенде қадағалаусыз малдардың қамалатын жерлерін анықтау, елді мекендерде қадағалаусыз қалған малдармен жасыл  көшеттер тапталған кезде ауылдық округтің әкімі учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, жасыл көшеттерді таптау туралы хаттаманы ресімдейді. Таптау хаттамасын жасау кезінде мал иесінің немесе ауылдық округтің қоғамы өкілінің міндетті қатысуы қажет. Мал иелерін әкімшіліктік жауапқа тарту үшін материалдарды құқық қорғау органдарына жіберу.
      18. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, негізгі ережені жыл бойы, әсіресе көктем мезгілінде әрбір мал иесіне қол қойғыза жеткізу.
      19. Табындардың қамтылуына, азаматтардың жиындарын өткізілуіне, жануарлар иелеріне жағдайды, тәртіпті, малды бағудың бағасын анықтау бойынша, жайылымға келісім - шартты уақытында жасау.
      Жануардың иесімен және бақташы арасында жазбаша келісім - шарт жасалмаса, малды бағуға тыйым салынады.
      20. Ауылда ірі қара малды қолдан ұрықтандыру ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Егер де ұрықтандыру пункті болмаса табын өндіруші - бұқамен қамтылады.
      21. Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау бөлімдерімен және мал дәрігері инспекторларымен бірлесіп, жануарды ұстау ережесінің орындалуын, аула маңдарының санитарлық жағдайын тексеріп, рейдтер жүргізеді.
      22. Келісім-шартқа сәйкес мамандырылған бригадалармен бірлесіп ауылдық округтің жерлерінде қаңғыма иттерді және мысықтарды аулап, оларды жою бойынша аудан әкімдігінің тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді.

      VI. Уәкілетті учаскелік полициясының міндеттері

      23. Жергілікті атқарушы органдарына, ветеринарлық қызметке шектеулі және эпизоотиялық ошақты жою мақсатында және оның жойылуына жол бермеуіне қолдау көрсету.
      24. Ауылдық округінің әкімімен бірлесіп «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес олардың  иелерін әкімшіліктік жауапкершілікке тарту мақсатында жануарларды ұстау Ережесінің бұзылуына байланысты құжаттарды ресімдейді.

      VІI. Жануарлар иелерінің жауапкершілігі

      25. Иеленуші ветеринарлық - санитарлық шараларын сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 310-бабына сәйкес жауап береді.
      26. Осы Ережені бұзғаны үшін (елді мекеннің тыс жерінде жануарлармен картоп және көкөніс бақшалары тапталынса, қоқыс пен басқа да малдан қалған қалдықтарды үйетін жерлерден тыс төкенні үшін) жануар иесі «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 310311 және 387-баптарына сәйкес жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады