2009 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 3738 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катон-Қарағай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қаңтарда N 5-13-53 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Катонқарағай ауданы әкімінің 2010 жылғы 12 қаңтардағы N 6 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Катонқарағай ауданы әкімінің 2010.01.12 N 6 хатымен.

      Еңбекке орналасуда қиыншылықтарды бастан кешіріп жүрген аудан көлеміндегі тұрғындарың мақсатты топтарына әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148-II Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" № 149-II Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 5-4) тармақшасына және 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" № 836 қаулысына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. № 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын шағын және орта бизнес нысандарының тізімі бекітілсін.
      2. "Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д.Чукубаева) мақсатты топтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздарды іріктейтін болсын.
      3. Катонқараға ауданы әкімдігінің осы қаулысы мерзімді баспасөз беттерінде ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. 2008 жылғы 14 қаңтардағы "2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің № 3177 қаулысының куші жойлсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.К.Сәдуовке жүктелсін.

      Аудан әкімі                          С.Зайнулдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады