Ұлан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 шілдедегі № 766 қаулысымен Айыртау ауылдық округіндегі Жаңа Қанай ауыл шаруашылық малдарына күйдіргі ауруы бойынша енгізілген карантинді алу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 6 тамыздағы N 820 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 19 тамызда N 5-17-89 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 05/2059 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық әкімдігінің 2009.07.03 № 05/2059 хатымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 27-бабының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы, 18-тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 9, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 905, бірлескен бұйрығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасында күйдіргі бойынша эпидемиологиялық-эпизоотиялық қадағалауды және санитарлық індетке қарсы профилактикалық және ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру» санитариялық эпидемиологиялық және ветеринариялық санитариялық Ережесі мен Нормаларының, 2003 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен № 407 қаулысының және Ұлан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 шілдедегі № 766 қаулысын орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылғы 21 шілдедегі № 766 Айыртау ауылдық округіндегі Жаңа Қанай ауылындағы ауыл шаруашылық малдарына күйдіргі ауруы бойынша карантин енгізу туралы қаулысының күші жойылып, қойылған карантин алынсын.
      2. Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сапарғалиевке және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы Ж. Жексембаевқа Ұлан ауданы бойынша күйдіргі ауруының алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде жүргізу міндеттелсін (келісім бойынша).
      3. Осы қаулының орындалуына байланысты туындайтын басқа да шаралар толық атқарылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ұлан ауданының әкімінің
      міндетін атқарушы                        С. Нұғманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады